1. Үйдегі интернеті бар тарифке қолданыстағы Beeline нөмірін де, жаңа нөмірді де (жақын кеңседен немесе Janymda қосымшасы арқылы сатып алуға болады) оңай қосуға болады. Сондай-ақ Қазақстанның басқа мобильді операторындағы нөмірді Beeline-ға көшіру мүмкіндігі бар. Толығырақ осында.
2. Логин жеке тұлғаға ресімделеді. Егер логинде мобильді байланысы бар тариф қосулы болса, мобильді нөмірлер мен логин әртүрлі адамдардың (жеке тұлғалардың) атына ресімделуі мүмкін.
3. Бірегей тарифке қосылғанда мобильді нөмірдің иесі өзінің қолданыстағы тариф жоспарын «Үйдегі Интернет» қызметіндегі таңдалған тарифке ауыстыруға келісім беруі қажет. Бұл ретте абоненттік төлем бірегей сома ретінде тек «Үйдегі Интернет» логинінен алынады.
4. Бірегей тарифтің шарты — «Үйдегі Интернет» қызметі пакетінде кем дегенде бір мобильді нөмірдің болуы.
5. Мобильді нөмірлерге «Үйдегі Интернет» қызметінен таңдалған тариф жоспары қосылады. Егер логинде тариф жоспары өзгерсе, мобильді нөмірлерде де өзгереді.
6. «Үйдегі Интернет» логині пакетіндегі мобильді нөмірлердің тариф жоспарын айына үш реттен артық өзгертуге болмайды.
7. Тарифке қатысты кез келген өзгерісті логин иесі реттейді.
8. «Үйдегі Интернет» қызметінің тариф жоспары бойынша топтан бір немесе бірнеше мобильді нөмірді өзгерткен немесе өшірген жағдайда, бұл нөмірлер абоненттік төлемсіз «Жеңіл» тарифіне ауыстырылады. Одан кейін осы мобильді нөмірлердің иелері өз бетімен басқа тарифті таңдап, қоса алады. Толығырақ осында.
9. Логин иесі «Үйдегі Интернет» пакетіндегі жалғыз мобильді нөмірді өшірген жағдайда, логинге басқа нөмір қосу немесе тариф жоспарын өзгерту қажет.
10. Роуминг пен тарифке кірмейтін басқа қызметтерді нөмір иелері өздері қосады және өз теңгерімінен төлейді.
Әр айдың бірі күні 00:00-03:00 аралығында ұсталады.
Біз үйдегі интернетті қосқанымыз үшін қосымша ақы алмаймыз. Қосылған айда абоненттік төлем айдың соңына дейін қалған күндерге сай ұсталады – қалдық келесі айға өтеді.
Мысалы, Сіз қызметті 15 тамызда қостыңыз. Сізге теңгерімді абоненттік төлемнің толық сомасы – 11 499 теңгеге толтыру керек. Уайымдамаңыз: сома тек 15 – 31 тамыз аралығына ұсталады, артығы логиніңізде қалады. Осы қалдықты келесі абоненттік төлемге пайдалана аласыз.
Қызмет 6 ай ішінде төленбесе, логин жойылады. Қызметті кез келген уақытта қалпына келтіруге болады. Толық ақпарат осында.
Егер негізгі абоненттік төлем алынбаса, тарифке қосылған барлық қатысушылардың мобильді интернеті бұғатталады және қоңыраулар ақысы стандартты тарификация бойынша ұсталады. Теңгерімде тарифтің негізгі абоненттік төлеміне жеткілікті қаражат болған сәтте ол автоматты түрде алынады; нөмірлердегі интернет пен айлық қоңыраулар қалпына келеді.
Үйдегі интернет пен ТВ тариф бойынша толық абонтөлем алынғанға дейін өшіріледі.
Кейбір тариф жоспарларының шарттары қосылған сәттен бастап 12 ай бойы жарамды. Бұл дегеніміз, егер көрсетілген мерзім оператор тарапынан ұзартылмаса, «Үйдегі Интернет» логині автоматты түрде «Стандарт» тарифіне ауысады. Логин иесіне алдын ала хабар беріледі және қалаған жағдайда кез келген өзекті тарифке ауыса алады.
Топтамалардың қалдығын тексеру:
*106#
Абоненттік төлем ҰСТАЛМАҒАН жағдайда немесе топтама таусылғанда:
Beeline нөмірлерге қоңырау соғу
18 тг/мин
ҚР-дағы басқа мобильді және қалалық нөмірлерге қоңырау соғу
18 тг/мин
Тарифтік жоспардағы интернет-трафик біткен соң немесе интернет-пакеттің мерзімінен бұрын аяқталған кезде, интернетке қосылу мүмкіндігі бұғатталады.
Абоненттік төлемге кірмейтін қызметтердің құны:
Beeline нөмірлеіне SMS жолдау
18 тг/SMS
ҚР-дағы басқа мобильді нөмірге SMS жолдау
18 тг/SMS
Қызметтердің бір жолғы топтамасын сатып алуыңызға болады:
- Интернет
- Минуттар және SMS
300 Мбит/с дейінгі жылдамдықтағы үйдегі интернетті қосу тек GPON технологиясы бар үйлерде ғана мүмкін. Басқа жағдайларда қосылу жылдамдығы 100 Мбит/с дейін болады.
Үйдегі интернет жылдамдығы сондай-ақ бірнеше факторға байланысты:
1. Интернетке қатарынан бірнеше қолданушы қосылса немесе кейбір клиент трафикті орташа статистикалық мөлшерден көп пайдаланса, желіге қосымша жүк түсіп, басқа қолданушыларда интернет жылдамдығы азаяды.
2. Физикалық кедергілер (қабырғалар және бөлмелердің есіктері, жиһаз) Wi-Fi сигналын айтарлықтай әлсіретеді.
3. Орынжайдың ауданы да деректерді жолдау жылдамдығына әсер етеді: пәтер үлкен болған сайын, интернет жылдамдығының төмендеу ықтималдығы арта түседі, яғни қуатты роутер қажет болады.
4. Құрылғыларыңыз роутерден алыстаған сайын, сигнал да нашарлай түседі.
5. Көршілес Wi-Fi желілер көбейген сайын, роутердің орнықты әрі жылдам сигналын ұстау қиындайды.
6. Wi-Fi желісіне қосылған құрылғы көбейген сайын және олар неғұрлым қуатты болса, арнаның жүктемесі артып, интернет жылдамдығы төмендейді.
Біз тек сапалы роутерлерді жалға береміз. Бірақ құрылғы барлық функциясын толыққанды орындау үшін оны дұрыс таңдау қажет.
Үйдегі интернетке арналған Wi‑Fi роутер қосылу технологиясына, тұрғын үйдің ауданына және пайдаланушылар санына байланысты таңдалады.
Роутерлердің сипаттамаларымен танысып, өзіңізге лайықтысын сайттан таңдай аласыз, немесе қосу кезінде біздің мамандар Сізге ең қолайлы құрылғыны таңдауға көмектеседі.
«Премиум Отбасы» тарифтерінде роутерді жалға алу үшін қосымша ақы төлеудің қажеті жоқ — Basic/ONT роутерін жалға алу акция аясында 30.06.2026 дейін тарифке қосылған.
Бағалар ҚҚС ескеріп көрсетілген, егер ол өзгерсе, қайта қаралуы мүмкін.
Үйдегі интернетті қосқаны үшін төлем 0 тг құрайды.
«Үйдегі Интернеттің» кейбір тарифтерінде «Шексіз 4G» акциясы бар. Толығырақ осында.
Интернетті телефонды модем/Wi‑Fi тарату нүктесі режимінде пайдаланып, оңай таратуға болады. Егер Сіздің тарифіңізде «Шексіз 4G» акциясы әрекет етсе, онда модем/роутер режимінде интернет тарату бұғатталады.
Тариф жоспарының талаптары Қазақстан Республикасы бойынша толық көлемде әрекет етеді. Қазақстан Республикасынан тыс тарификация роумингтегі қызметтерге белгіленген тарифтер бойынша жүргізіледі.
Назар аударыңыз!
Мобильді байланысы бар «Үйдегі Интернет» тариф жоспарларында Жария шартқа сәйкес әділ пайдалану саясаты қолданылады.
Бұл дегеніміз, тарифке байланысты белгілі бір трафик көлемі жұмсалғаннан кейін мобильді нөмірлердегі интернет жылдамдығы төмендейді, бірақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде сөйлесуге жеткілікті болады.
Құжаттармен мына жерде таныса аласыз:
Ұялы байланыс қызметтерін көрсетудің
Жария шарты Интернетке қосылу қызметтерін көрсетудің Жария шарты