BeeTV
Кино на любой вкус с любого устройства без расхода ГБ
hitter
Қосымшасында шетелдік және қазақстандық миллиондаған хит
BeeCloud-та
Видео, фото және файлдарды сақтауға арналған бұлттағы 1000 ГБ дейінгі жады
Simply-мен
Сатып алудан айына 30 000 ₸ дейінгі кешбэк

Менің Beeline-ымда
Қызметтер мен тарифтік жоспарларды жылдам, әрі ыңғайлы басқару
Telecommunication Services | Beeline Қазақстанның телеком-бизнесін стратегиялық және операциялық тұрғыда дамытатын бағыты. Мобильді желінің тұрақтылығы мен сапасына, телеком-инфрақұрылымды дамытуға және озық технологияларды енгізуге басты назар аударылады. | |
Enterprise Co | Холдингтің бизнеске арналған цифрлық шешімдерімен айналысатын B2B бағыты. Ол деректермен алмасу қызметтерін, бұлтты сервистерді және цифрлық трансформация құралдарын, соның ішінде Starlink спутник желісін, IoT-шешімдерін, киберқауіпсіздік, виртуалды АТС және Private LTE құралдарын дамытумен айналысады. Бұл өнімдер компаниялардың өсуіне, инфрақұрылым ауқымын кеңейтуге және операциялық тиімділігін арттыруға көмектеседі. | |
QazCode | 2023 жылы цифрлық өнімдер мен технологияларды әзірлеу мақсатында құрылған Beeline Қазақстанның еншілес IT-компаниясы. Компания құрамында 750-ден астам қызметкер, ал портфелінде 60-тан астам өнім бар. | |
Entertainment & Digital Platforms | ойын-сауыққа арналған және цифрлық сервистерді дамытуға жауапты бағыт. Команда BeeTV видеостримингін, Janymda қосымшасын, IZI сервисін және hitter музыка платформасын дамытумен айналысады. 2025 жылы аталған өнімдерді ай сайын 14,1 млн қолданушы пайдаланды. | |
FinTech | компанияның қаржылық өнімдерін, оның ішінде мобильдік теңгерім арқылы төлемдер, Simply электронды әмияны және бонустық бағдарламасы бар төлем картасын біріктіреді. Пайдаланушылар Janymda және Simply қосымшаларында, Beeline Қазақстан сайтында, сондай-ақ серіктестер платформаларында 300-ден астам сервисті пайдалана алады. Экожүйенің негізгі элементі − Simply. 2021 жылы іске қосылған сәттен бастап сервис стартаптан толыққанды төлем өніміне айналды. | |
Beeline – елдегі ең тартымды жұмыс берушілердің бірі
• 2024 жылдың қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан ең инновациялық компаниялар рейтингінде бірінші орын иеленді.
• Компания Top Employer 2025 сертификаттауынан сәтті өтіп, елдегі ең үздік жұмыс берушілер қатарына кірді.
• Beeline шетелдік қатысуы бар топ-20 ең ірі салық төлеушілер қатарына енді.
• QazCode 2025 жылы DAR Tech IT-компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Серіктестік цифрлық өнімдерді бірлесіп әзірлеумен, зерттеу мен білім беру салаларына инвестиция салумен, сондай-ақ Қазақстанда тәжірибелік бағдарламаларды дамыту және IT-мамандарын қызметке шақырумен айналысады.
Beeline-ның әлеуметтік жауапкершілігі
Әлеуметтік жауапкершілік компанияның корпоративтік мәдениетінің маңызды бөлігі болып табылады. 2023 жылы Beeline Қазақстан Zhyly Zhurek Foundation корпоративтік қайырымдылық қорын іске қосу арқылы әлеуметтік бағыттағы қызметін күшейтті.
2024 жылы қор су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарды қолдауға 1 млрд теңге бөліп, оқу жылының басында 900 орындық жаңа заманауи мектепті мемлекетке табыстады.
2025 жылы Zhyly Zhurek Foundation EUROBAK сыйлығының «Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік» номинациясында екінші орын алды.
Beeline Қазақстан VEON-ның бір бөлігі, жария телекоммуникациялық компания, оның акциялары NASDAQ-та сатылады.
VEON — 150 миллионнан астам байланыс қызметін пайдаланушыларға және ай сайын белсенді 120 миллионға жуық цифрлық қолданушыларға қызмет көрсететін цифрлық оператор. Жер шары халқының 6%-дан астамы тұратын бес елде жұмыс істей отырып, VEON технология арқылы адамдардың өмірін жақсартып, олардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, экономикалық өсуді ынталандырады. VEON компаниясының штаб-пәтері Дубай қаласында орналасқан, ал оның акциялары NASDAQ қор биржасында тіркелген. Толығырақ ақпарат: http://www.veon.com/
Мемлекеттік лицензия
«КаР-Тел» ЖШС. Мемлекеттік лицензия 24.08.1998 жыл № ДС0000317, мерзімсіз, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігімен берілді.
Заңды мекенжай
«КаР-Тел» ЖШС: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Алматы ауданы, Қадырғали Жалаири к., 2 үй.