Мобильді қосымша кәсіби психотерапевт Рашид Азизовтың қатысумен жасалған. Рашид Азизов - ғылыми кеңесші және эмоциялық күйзеліс реакциясы саласындағы диагностика және түзету әдістемесінің авторы. Адам мінез-құлқын үйлестіру және күйзелісті басқару саласына 20 жыл уақытын арнаған. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Психикалық денсаулық республикалық ғылыми-тәжірибе орталығының үздік психотерапевті.