Алғашқы ғарыштық мобильді байланыс

бүкіл Қазақстан аумағында Starlink спутниктері арқылы

Starlink Mobile деген не?

Енді мобильді байланыс тек мұнаралар мен базалық станцияларға тәуелді емес. Жерүсті желісі қолжетімсіз болғанда, смартфоныңыз Starlink спутнигіне қосылып, Сіз байланыста қаласыз.

Негізгі артықшылықтары

Тауда, далада және жолда - еліміздің кез келген жерінде байланыста болыңыз

Смартфоныңызға қосымша жабдықсыз қосыңыз

Жаңа технологияны тегін қолданып көріңіз

Қалай жұмыс істейді?

Смартфон, Beeline SIM-картасы және Қазақстан аспаны - мобильді спутниктік байланыс үшін қажет нәрсенің бәрі.

Смартфон
Қазір Starlink Android смартфондарында қолжетімді. Басқа құрылғыларда сәл кейінірек іске қосылады.

Janymda қосымшасы
Starlink-ті қосып, геолокацияға қол жеткізуге рұқсат беріңіз

Ашық аспан
Биік ғимараттар мен басқа да ірі нысандардан алыс, ашық жерге шығыңыз

Starlink желісі
Жерүсті желісі ұстамайтын жағдайда смартфон автоматты түрде қосылады

Қаладан шықпай-ақ Starlink-ті сынау үшін смартфон баптауларында Starlink желісін қолмен таңдауға болады
SIM-карта баптауларында желі Beeline Starlink немесе 401 04 ретінде көрсетілуі мүмкін

Starlink-ке қосылудың тәсілін таңдаңыз

Сұрақтарыңызға жауап беруге тырыстық:

Спутниктік байланыс мобильді желі қамтымайтын жерлерде, мысалы, тауда, далада, тасжолда немесе басқа шалғай аймақтарда жұмыс істейді. Қосылу үшін аспан ашық көрінуі керек. Жерүсті желісінің қамту аймағына оралған кезде смартфон оған автоматты түрде ауысады.

Қосымша жабдық қажет емес. Технологияны қолдау смартфон өндірушісі мен моделіне байланысты. Қазір ол LTE (4G) қолдайтын Android смартфондарында қолжетімді. Басқа құрылғыларда технология кейін қолжетімді болады.

Қолжетімді сервистер тізіміне шектеу жоқ: мессенджерлерде сөйлесуге, карталарды пайдалануға, сайттар мен қосымшаларды ашуға болады. Деректерді жіберу жылдамдығы – 2 Мбит/с дейін.

Қазіргі уақытта Starlink Mobile қызметі тек Android смартфондарында қолжетімді. Бұл қызметтің басқа да құрылғыларда қолжетімді болуы үшін өндірушілермен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Жаңалық болған бойда міндетті түрде хабарлаймыз.