Байланыс — 2999 ₸/ай
Өз нөміріңізбен Beeline-ға өтіңіз!
Нөмір бұғатталмаған және оның қарызы жоқ
Қазіргі оператордың қосымшасында көз жеткізіңіз
Нөмір Сіздің атыңызға тіркелген
*835# (Tele2, Altel, Jusan Mobile) немесе *562# (Kcell, Activ) пәрменін теріңіз
Нөмір соңғы 60 күн ішінде көшірілмеген
Еске түсіріп көріңіз немесе қазіргі оператордан нақтылаңыз
Портация немесе нөмірді көшіру (екеуі бірдей), — телефон нөміріңіздің бірде бір санын өзгермей, операторды ауыстыру мүмкіндігі. Нөмір сол күйінде қалады, ал байланыс басқа.
Ештеңе төлеудің қажеті жоқ! Қызмет тегін.
Егер нөмірді Janymda қосымшасы арқылы көшірсеңіз, SIM-картаны жеткізу де тегін.
Ал егер нөмірді біздің кеңселерге келіп көшірсеңіз, Сізге 1000 теңгеден басталатын бастапқы жиынтықты төлеуді ұсынуы мүмкін, бұл соманы Сіздің теңгеріміңізге салады 😊
Тариф жоспары мен мобильді теңгерім көшпейді. Бұрынғы операторыңызда болғанның бәрі бұрынғы операторыңызда қалады.
Жаңа пайдаланушыларға 01.11.2026 дейін «Мега Promo 2999» тариф жоспары қолжетімді.
Оған 10 ГБ, Beeline нөмірлеріне шексіз қоңыраулар және Қазақстан бойынша басқа мобильді операторлардың нөмірлеріне 100 минут кіреді.
Бұдан бөлек, 31.12.2026 дейінгі акция аясында пайдаланушыларда қосымша 20 ГБ интернет, BeeTV, hitter және BeeCloud үшін 50 ГБ, сондай-ақ әлеуметтік желілерге, YouTube пен мессенджерлерге шексіз қолжетімділік болады.
Ұсыныс нөмірді Janymda қосымшасында, Beeline кеңселерінде және серіктестеріміздің сауда нүктелерінде көшірген кезде қолжетімді.
Нөмірді көшіргеннен кейін:
Егер Сізде SIM-карта болса: алдыңғы оператордың SIM-картасын шығарып, смартфоныңызға Beeline SIM-картасын салыңыз.
Егер Сізде eSIM болса: белсендіру үшін келесі әрекеттердің бірін жасаңыз:
• eSIM-нің автоматты қосылымын растаңыз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
• QR-кодты басқа құрылғыға жіберіңіз, содан кейін оны смартфоныңызбен сканерлеп, eSIM-ді белсендіріңіз.
Смартфоныңыздың интернетке қосылғанына көз жеткізіңіз, сонда процесс жылдам және кедергісіз өтеді.
Белсендіру аяқталғаннан кейін Сізге нөмірдің көшіргені туралы SMS келеді, ал экранда желінің атауы Beeline KZ деп көрсетіледі.
Нөмір көшірудің барлық шарттары орындалғанына көз жеткізіп, қайтадан өтінім беріңіз.
Бас тартудың ықтимал себептері:
• Нөмірді соңғы көшіргеннен бері 60 күннен кем уақыт өтті.
• Нөмірді көшіруге өтінім қазірдің өзінде берілген.
• Қазіргі оператордың алдында қарыз бар.
• Жеке деректер дұрыс емес.
• Нөмір мемлекеттік органдардың талабы бойынша бұғатталған.
1414 нөмірінен және eGov-тан біраз уақыт SMS келмеуі мүмкін. Егер сондай мәселе туындаса, біздің қолдау чатымызға немесе eGov-қа хабарласыңыз да, Мобильді азаматтар базасында нөміріңізді жойып, қайта тіркеуін өтіңіз.
Сіздің iPhone Ұлыбританияға ақылы SMS жібере бастауы мүмкін. Мұның нөмірді көшіруге қатысы жоқ.
Ол iOS операциялық жүйесінің ерекшелігі. Бұл мәселені шешу үшін, нұсқаулыққа сай әрекет етіңіз:
• «Баптауларға» кіріңіз → FaceTime
• Сәйкестендіруден өтіңіз
• «Геопозицияны өзгертуді» таңдаңыз → «Өңір» жолында тұрған еліңізді (Қазақстан) көрсетіңіз → «Сақтау» басыңыз.
Бұл операторлардың нөмірлерін тек біздің кеңседе ғана көшіруге болады. Сізге жақын кез келген Beeline кеңсесіне қош келдіңіз.