Бірыңғай төлемнің ерекшеліктері
1. «Үйдегі Интернет» тарифіне Beeline-ның жаңа нөмірін де, қолданыстағы нөмірін де оп-оңай қосуға болады (жақын кеңседен немесе «Менің Beeline-ым» қосымшасы арқылы). Сондай-ақ Beeline-ға қазақстандық басқа мобильді оператордағы нөміріңізбен ауыса аласыз. Толық ақпарат мына жерде.
2. Мобильді байланысы бар тариф жоспары қосылған «Үйдегі Интернет» логині жеке тұлғаға ресімделеді. Бұл ретте мобильді нөмірлер мен логин бөлек-бөлек адамдарға (жеке тұлғаға) ресімделсе де бола береді.
3. «Үйдегі Интернет» қызметіне қосылғанда, мобильді нөмірдің иесі қазіргі тариф жоспарының «Үйдегі Интернет» қызметіндегі таңдаған тарифіне ауысатынына келісім беруі керек. Бұл ретте абоненттік төлем бір сомамен «Үйдегі Интернет» логинінен ғана алынады.
4. Мобильді нөмірлерге «Үйдегі Интернет» қызметінің таңдалған тариф жоспары қосылады. Егер логинде тариф жоспары өзгерсе, мобильді нөмірлерде де өзгереді.
5. «Үйдегі Интернет» қызметіндегі мобильді нөмірлерде тарифтік жоспарды ауыстыру айына үш ретке дейін қолжетімді.
6. Тарифтегі кез келген өзгерісті логин иесі реттейді.
7. «Үйдегі Интернет» қызметінің тариф жоспарындағы топтан бір немесе бірнеше нөмірді өзгерткенде немесе жойғанда, бұл нөмірлер абоненттік төлемі жоқ «Жеңіл» тарифіне ауыстырылады. Кез келген сәтте басқа тарифті таңдап, қосуға болады, толық ақпарат мына жерде. «Үйдегі Интернет» қызметінің тариф жоспарындағы топтан бір немесе бірнеше нөмірді өзгерткенде немесе жойғанда, бұл нөмірлер абоненттік төлемі жоқ «Қарапайым» тарифіне ауыстырылады. Осы мобильді нөмірлердің иелері басқа тарифті таңдап, қоса алады, толық ақпарат мына жерде.
8. Роуминг және тарифке кірмейтін басқа біржолғы қызметтерді нөмірлердің иесі дербес қосып, өз теңгерімінен төлейді.
Құжаттармен танысу:
Ұялы байланыс қызметтерін көрсетудің Жария шарты
Интернетке қосылу қызметтерін көрсетудің Жария шарты
Абоненттік төлем
Әр айдың бірінші жұлдызында 00:00-03:00 аралығында ұсталады. Үйдегі интернетімізге қосқанымыз үшін қосымша ақы алмаймыз. Таңдаған тарифіңіздің абоненттік төлемін төлеп, қолдануды бастаңыз. Қосылған айда абоненттік төлем айдың соңына дейін қалған күндерге сай ұсталады – қалдық келесі айға өтеді.
Мысалы, Сіз қызметті 15 тамызда қосасыз. Сізге теңгерімді абоненттік төлемнің толық сомасы – 6990 теңгеге толтыру керек. Уайымдамаңыз: сома тек 15 – 31 тамыз аралығына ұсталады, артығы теңгеріміңізде қалады. Ол қалдықты келесі абоненттік төлемге пайдалана аласыз.
Егер негізгі абоненттік төлем ұсталмаса, мобильді байланыста, абоненттік төлем ұсталмаған кездегі тариф қолданылады, ал «Үйдегі интернет» пен Телевизия (егер топтамада болса) қызметтері бұғатталады. Теңгерім жеткілікті сомаға толтырылған соң, төлем бірден ұсталып, Үйдегі интернет пен Телевизия қосылады (егер топтамада болса) және мобильді нөмірлерге айдың соңына дейін жарайтын интернет-топтама және минуттар беріледі.
Қызметті 6 ай ішінде қолданылмаған жағдайда, логин жойылады да, пакетке енгізілген ұялы телефон нөмірлері «Жеңіл» тарифіне ауыстырылады. Қызметті кез келген уақытта қалпына келтіруге болады. Толық ақпарат сілтеме бойынша.
Қоңыраулар, хабарламалар және интернет
Абоненттік төлем ҰСТАЛМАҒАН жағдайда немесе топтама таусылғанда:
Абоненттік төлемге кірмейтін қызметтердің құны:
Қызметтердің бір жолғы топтамасын сатып алуыңызға болады:
Үйдегі интернет жылдамдығы
Тарифіңіздің сипаттамасында көрсетілген үйдегі интернет жылдамдығы жабдығыңыз бен құрылғыңыздың арасындағы «ғимаратқа дейінгі оптика» технологиясы бойынша қосылған байланыстың өткізу мүмкіндігін білдіреді.
Шоғырсыммен қосылған үйдегі интернет жылдамдығына роутеріңізге дейін кепіл беріледі және ол бірнеше факторға тәуелді:
1. Интернетке қатарынан бірнеше қолданушы қосылса немесе кейбір клиент трафикті орташа статистикалық мөлшерден көп пайдаланса, желіге қосымша жүк түсіп, басқа қолданушыларда интернет жылдамдығы азаяды.
2. Физикалық кедергілер (қабырғалар және бөлмелердің есіктері, жиһаз) Wi-Fi сигналын айтарлықтай әлсіретеді.
3. Орынжайдың ауданы да мәліметтерді жолдау жылдамдығына әсер етеді: пәтер үлкен болған сайын, интернет жылдамдығының азаю ықтималдығы арта түседі, яғни қуаты роутер қажет болады.
4. Құрылғыларыңыз роутерден алыстаған сайын, сигнал да нашарлай түседі.
5. Көршілес Wi-Fi желілер көбейген сайын, роутердің орнықты әрі жылдам сигналын ұстау қиындайды.
6. Wi-Fi желісіне қосылған құрылғы көбейген сайын және олар неғұрлым қуатты болса, арнаның жүктемесі артып, интернет жылдамдығы азаяды.
Үй жағдайында интернет жылдамдығын қалай арттыруға болады:
1. Роутерді интернетті көп қолданатын жерге орнатыңыз.
2. Роутерді жабық шкафтарға, металл қалқандарға және пәтердің басқа да бұрыштарына орнатпаңыз.
3. Смартфондар мен планшеттерді қосуға 2.4GHz диапазонын және шапшаң интернет қажет құрылғыларға 5GHz диапазонын қолданыңыз.
4. Егер интернетке компьютерден шығатын болсаңыз, Wi-Fi емес, шоғырсым арқылы қосылыңыз.
Үйдегі телевизия
Телевизияны пайдалануды бастау үшін:
1. Егер Сізде LG Smart TV (2017 жылдан бастап шыққан.), Samsung Smart TV (2017 жылдан бастап шыққан) немесе 9.0-ден кем емес операциялық жүйесі бар Android TV (мысалы, Sony, Phillips, Xiaomi) теледидар болса, «Үйдегі интернет TV» қосымшасының 2.0 нұсқасын теледидарға жүктеңіз. Толық ақпарат мына жерде. Логинді және «Үйдегі интернет» жеке кабинетінің кілт сөзін жазыңыз. Болды, рахаттана көріңіз.
2. Егер теледидарыңыз біздің қосымшамызды қолдамаса, стандартты жалғаманы барлығы 500 ₸/ай жалға алуға ұсынамыз.
Қосымша ақпарат
Үйдегі интернетті қосу ақысы 0 тг.
Телефоныңызды модем/Wi-Fi қосылу нүктесі ретінде пайдаланып, интернет таратуға болады.
Тарифтік жоспардың шарттары Қазақстан Республикасының барлық жерінде әрекет етеді.
Қазақстан Республикасынан тыс жердегі тарифтелу роумингтегі қызметтер үшін бекітілген тарифтер бойынша есептеледі.
Тарифтік жоспарда «Байланыста бол!» қызметі қосылған – Сіз жауап бере алмай қалған қоңырауларыңыз бен келген дауыстық хабарламалар туралы SMS хабарлама аласыз, дауыстық хабарламаларды дауыстық поштаның 6600 нөмірі арқылы тыңдай аласыз (қоңырау құны – 25 тг/мин). Өшіру үшін *110*016# пәрменін теріңіз.
Тарифке «Гигабайт сыйла» және «Минуттарды гигабайттарға ауыстыр» қызметтері қосылған. Олар
достарыңыз бен жақындарыңызға гигабайттарды сыйлауға, сондай-ақ минуттарды гигабайттарға 10 минут 1 ГБ-ға тең бағаммен қосымша төлемсіз ауыстыруға мүмкіндік береді. Трафикті «Менің Beeline-ым» қосымшасының «Интернет» және «Қоңырау шалу» бөлімдерінде тексерген және ауыстырған оңай.
Тариф технологиямен қалай байланысқан
Үйдегі интернеттің жылдамдығы, ең алдымен, Сіздің мекенжайыңыздағы «Үйдегі Интернет» технологиясына байланысты.
Қазіргі уақытта екі технология қолданылады — FTTB және Gpon. Әрқайсына Интернет байланысының ең жоғары жылдамдығымен өзіндік тариф жоспары қолданылады.
100 Мбит/с дейінгі жылдамдықтағы үйдегі интернеті бар тариф жоспары FTTB технологиясы бойынша «Үйдегі интернетке» қосылған үйлерде пайдалануға болады (оптикалық кабель ғимаратта немесе үй-жайда орналасқан коммутациялық жабдыққа дейін жүргізіледі).
200 және 500 Мбит/с дейінгі үйдегі интернет тарифі қазіргі заманғы GPON технологиясы қосылған үйлерде қолжетімді (оптикалық кабель әр пәтерге тікелей қосылады).