✌️ Гигабайттарын кім бөлісе алады?
Интернет-трафигін «Жарқын» тарифіне қосылған барлық жан бере алады.
⭐️ Қанша ГБ сыйлауға болады?
Шектеу жоқ. Барлығы тек трафигіңізбен және қалауыңызбен шектеледі! Ең маңызды шарт – ГБ саны бүтін болуы керек. Транзакциялар саны шектелмеген, Гигабайт сыйлауыңыз үшін, Сізде ең кемі 1,5 ГБ болуы тиіс екенін ұмытпаңыз. Тариф жоспарындағы міндетті қалдық – ең кемі 500 МБ.
💰 Ол ақылы қызмет пе?
Интернет-трафик жіберу 0 теңге.
🍀 Алған гигабайттардың «жарамдылық мерзімі» бар ма?
Иә, Сіз алған трафик 3 күнге жарайды.
💕 Егер бір уақытта бірнеше адам менімен трафигін бөліскісі келсе ше?
Онда Сіз жолы болғыш жансыз!😊 Трафикті бір уақытта әртүрлі абоненттен алуға болады. Алған гигтеріңіздің жарамдылық мерзімі 3 күн. Санақ соңғы ГБ қабылданған күннен басталады. 😊
👀 Алған трафигімді тағы біреуге жібере аламын ба?
«Бес гиг сыйла» теориясы бұл жерде жоқ 😊 Алған трафикті үшінші тұлғаға беру мүмкін емес.
🎁 Мен сыйлыққа ГБ алдым, бірақ аб. төлемді төлеп үлгермедім. Енді не болады?
Абоненттік төлемді төлеп үлгермесеңіз де, алған трафигіңізді пайдалана аласыз.
✨ Абоненттік төлем ұсталған соң, алған трафик не болады?
Алаңдамаңыз! Алған трафигіңіз абоненттік төлем ұсталса да, тарифті қайта қоссаңыз да немесе ауыстырсаңыз да күймейді.
❗ Гигабайттарды сыйлауға әрдайым болады ма?
«Гигабайт Сыйла» науқаны 2021 ж. 1 наурызға дейін болады.
✉ Гигабайттарымның адресатқа жеткенін қалай білемін?
«Менің Beeline-ым» қосымшасында оп-оңай тексере аласыз. Және адресатыңыз алған гигабайттары туралы SMS-хабарламадан біледі.
🔮 Міндетті түрде «Менің Beeline-ым» қосымшасын жүктеу керек пе?
Иә, «Гигабайт сыйла» қызметін тек «Менің Beeline-ым (Қазақстан)» қосымшасында қолдануға болады. Сізде қосымшаның соңғы нұсқасы орнатылғанына көз жеткізіңіз.
🎄 «Гигабайт Сыйла» қызметімен жаңа жылдық ғажайып» акциясы деген не?
2020 жылғы 25 желтоқсаннан 2021 жылғы қыңтардың соңына дейін жіберілген гигабайттарды Beeline Аяз атасы екі есе көбейтеді. Мысалы, тарифіңіздің топтамасында 5 ГБ бар, досыңызға 1 ГБ сыйламақ болдыңыз – Сізде 4 ГБ қалады. Бірақ, алушыға 1 ГБ емес, 2 ГБ келеді! Ғажайып емес пе?! 😊