Бірегей тарифтің ерекшеліктері

1. Үйдегі интернеті бар тарифке ағымдағы Beeline нөмірін және жаңа нөмірді (жақын кеңседен немесе «Менің Beeline-ым» қосымшасы арқылы алсаңыз болады) қосу оңай. Дәл осылай Beeline-ға басқа қазақстандық оператордың нөмірімен ауысуға болады. Толығырақ мұнда.

2. Логин жеке тұлғаға ресімделеді. Егер логинде мобильді байланысы бар тариф қосылған болса, онда мобильді нөмірлер мен логин әр түрлі адамдарға (жеке тұлғаларға) рәсімделе алады.

3. Бірегей тарифке қосылған кезде мобильді нөмір иесі «Үйдегі Интернеттен» таңдалған тарифіне ағымдағы тарифтік жоспарды өзгертуге келісімін беруі керек. Сондай-ақ, абоненттік төлем бірегей сома болып «Үйдегі Интернет» логинінен шешілетін болады.

4. Мобильді нөмірлерге «Үйдегі Интернет» қызметінің таңдалған тариф жоспары қосылады. Егер логинде тарифтік жоспар ауысса, ол мобильді нөмірлерде де ауысады.

5. «Үйдегі Интернет» логинінің пакетіндегі мобильді нөмірлерде тариф жоспарын ауыстыру айына үш ретке дейін ғана болады.

6. Тарифтің кез келген өзгеруі логин иесімен басқарылады.

7. «Үйдегі Интернет» қызметінің тариф жоспары бойынша бір немесе бірнеше мобильді нөмірлерді топтан өзгертіп, жойған соң, бұл нөмірлер «Қарапайым» атты абоненттік төлемі жоқ тарифке ауысады. Одан соң, мобильді нөмірлер иелері өз бетінше қалаған тарифін мына жерден қосып ала алады.

8. Тарифке кірмейтін роуминг не басқа қызметтерді нөмір иелері өз бетінше қосып, өз теңгерімінен төлейді.

Тегін техқолдау және басым қызмет көрсету

Егер жабдығыңызда ақау туындаса, техниктеріміз келіп, бәрін тегін жөндейді. Ал өтініміңіз бірінші кезекте өңделеді.

Тарифке жеңілдік

24.10.2024 - 28.02.2025 жыл аралығында үйдегі интернеті бар «Премиум Отбасы х5 Plus», «Премиум Отбасы x3 Plus», «Мега Премиум 1x Plus», «BeeHome TV Plus», «BeeHome Plus» тарифтерін бірінші рет қосқанда, 3 ай 50% жеңілдік беріледі. Осы тарифтерге «Үйдегі Интернеттің» архивтік тарифінен өткен кезде 3 айға 10% жеңілдік беріледі.

• Таңдалған тариф бойынша алғашқы абоненттік төлем енгізілген кезде, жеңілдік автоматты түрде қолданылады.

• Жеңілдік, қосылған айға және одан кейінгі екі айға беріледі. Мысалы: тарифті 1 қарашада қоссаңыз, жеңілдік қаңтардың соңына дейін, яғни толық 3 ай беріледі. Айдың ортасында қоссаңыз, мысалы, 15 қарашада, жеңілдік қарашаның қалған күндеріне және қаңтардың соңына дейін беріледі. Қосатын ыңғайлы күнді өзіңіз таңдай аласыз.

• Жеңілдік тариф жоспарының абоненттік төлеміне ғана беріледі, оған кірмейтін қызметтерге берілмейді.

• Жеңілдікті бір рет қана пайдалануға болады.

Сілтеме арқылы қолайлы тарифті таңдап, оны қосуға өтініш беруге болады.

Абоненттік төлем

Әр айдың бірі күні сағат 00:00-ден 03:00 дейін шешіледі.

Үйдегі интернетті қосу үшін біз қосымша төлем шешпейміз. Қосылған айда, абонтөлем күндер санына пропорционалды түрде шешіледі, яғни ай соңына дейін қалған күндер — келесі айға көшеді.

Мысалы, Сіз қызметті 15-ші тамызда қостыңыз. Сізге теңгерімді абонтөлемнің толық сомасына толтыру қажет — 7599 тг. Уайымдамаңыз: сома тек 15-ші 31-ші тамыз аралығына ғана шешіледі, ал қалғаны логинде қалады. Сіз осы қалған соманы келесі абонтөлемге төлей аласыз.

Тарифті 6 ай бойы төлемесе, логин жойылады. Қызметті кез келген кезде қосуға болады.

Толығырақ мында.

Тарифтің әрекет ету мерзімі

Тариф жоспарының шарттары оны қосқан соң 12 айға созылады. Егер бекітілген уақыт оператормен созылмаса, онда логин автоматты түрде «Стандарт 8» тарифіне көшеді. Логин иесіне алдын ала хабар беріледі және қаласа, ұнаған тарифіне ауыса алады.

Мобильді нөмірлердегі тариф шарттары

Нөмірлердегі шексіз мобильді интернет, егер көрсетілген мерзім оператормен созылмаса, науқан бойынша 30.06.2025 дейін созылады.

Тарифке қосылған барлық нөмірлерде «Әділ пайдалану саясаты» бар. 100 ГБ қолданылған соң, жылдамдық 256 Кбит/с дейін баяулайды. Бұл клиенттер интернетті ыңғайлы жылдамдықта пайдаланып, желіге аз жүктеме түсіру мақсатында қажет.

ҚР бойынша басқа нөмірлерге қоңыраулар (Beeline-нан басқа) Қазақстан операторлары нөмірлеріне және қалалық нөмірлерге қолжетімді.

Халықаралық нөмірлерге арналған минуттар спутниктік қоңырауларға қолданылмайды.

Барлық мобильді нөмірлерде BeeTV Free жазылымы қолжетімді, ол мобильді құрылғыда фильмдер мен сериалдарды тегін көруге мүмкіндік береді.

Дегенмен, Beeline-ның қарапайым мобильді тариф жоспарынан мобильді байланысы бар «Үйдегі Интернет» тарифіне көшкенде, бонустар берілмейді: BeeTV-да Kino жазылымы, hitter-ге premium-жазылым, Simpy-де +1% кешбэк және BeeCloud-та 10 ГБ.

Абоненттік төлем шешілМЕсе немесе пакет біткен жағдайда:

ҚР басқа мобильді және қалалық нөмірлерге қоңыраулар — 18 тг/мин.

Тариф бойынша абонтөлем шешілМЕсе, шығынды алдын алу мақсатында, интернетке қолжетімділік бұғатталады.

Абоненттік төлемге кірмейтін қызметтердің құны:

ҚР басқа мобильді операторлар нөмірлеріне SMS — 18 тг/SMS.

Сіз бір реттік минуттар мен SMS пакеттерін ала аласыз.

Үйдегі интернеттің жылдамдығы

300 Мбит/с дейінгі жылдамдықтағы үйдегі интернетті қосу, тек GPON технологиясы қолжетімді үйлерде ғана мүмкін. Басқа жағдайларда қосылу жылдамдығы 100 Мбит/с дейін ғана болады.

Үйдегі интернет жылдамдығы тағы бірнеше фактордан құралады:

1. Интернет желісін бір уақытта көп пайдаланушы қолданғанда немесе кейбір клиенттер орташа статистикалық көлемнен жоғары трафик пайдаланғанда, желіге қосымша жүктеме түседі, бұл басқа пайдаланушылардың интернет жылдамдығын төмендетеді.

2. Физикалық кедергілер (қабырға, бөлме аралық есіктер, жиһаз) Wi-Fi сигналын бәсеңдетуі мүмкін.

3. Деректер жіберудің жылдамдығы үй-жайдың ауданына да байланысты болады: пәтер үлкен болған сайын, жылдамдық төмендеуі мүмкін, яғни мықты роутер керек.

4. Сіздің құрылғыларыңыз роутерден алыс болған сайын, сигнал төмендей түседі.

5. Қасында Wi-Fi желілер көп болған сайын, роутердің тұрақты және жылдам сигналын ұстау қиын болады.

6. Wi-Fi-ға көп құрылғы қосылып, олар арнаға қатты жүк салса, интернет те бәсеңдейді.

Үйдегі интернет жылдамдығын үй жағдайында қалай көтеруге болады:

1. Ротуерді өзіңіз жиі қолданаты бөлмеге орнатыңыз.

2. Роутерді жабық шкаф, темір қалқан немесе басқа жабық бұрыштарда орнатпаңыз.

3. Смартфон мен планшеттерге 2.4GHz диапазонын және жылдам интернет керек құрылғыларға — 5GHz диапазонын қолданыңыз.

4. Егер Сіз интернетке компьютермен кіретін болсаңыз, Wi-Fi емес, сым арқылы қосыңыз.

Тариф технологияға қалай байланысты

Үйдегі интернет жылдамдығы мекенжайыңыздағы «Үйдегі Интернет» технологиясына байланысты. Қазіргі таңда екі технология қолданылады — FTTB мен GPON. Әр технологияның интернет байланысының максималды мүмкін жылдамдығында тариф жоспары әрекет етеді.

Үйдегі интернетті 100 Мбит/с дейінгі жылдамдықта «Үйдегі Интернет» тарифінде FTTB технологиясы бойынша қосылған үйлерде пайдалануға болады (оптикалық кабель ғимараттың немесе бөлменің ішіндегі коммутациялық жабдыққа дейін тартылады).

300 Мбит/с дейінгі жылдамдықтағы үй интернеті заманауи GPON технологиясы бойынша қосылған үйлерге қолжетімді (оптикалық кабель тікелей әр пәтерге жеткізіледі).

Үйдегі ТВ

ТВ-ны қолдану үшін керектісі:

1. Егер Сізде LG Smart TV (2017 ж.), Samsung Smart TV (2017 ж.) немесе операциялық жүйесі 9.0 нұсқасынан төмен емес (мысалы, Sony, Phillips, Xiaomi) Android TV теледидары болса, «TV Үйдегі Интернет» нұсқасы 2.0 қосымшасын теледидарға жүктеңіз. Толығырақ мұнда. «Үйдегі Интернеттегі» жеке кабинетіңіздің логині мен құпия сөзін енгізіңіз. Тамашалай беріңіз.

2. Егер Сіздің теледидарыңыз біздің қосымшаны қолдамаса, Сізге стандартты ТВ-тіркемені 500 ₸/ай қосып береміз.

Wi-Fi роутерді жалдау

Біз жалға сапалы роутерлер береміз. Алайда құрылғы өз жұмысын сапалы істеу үшін, оны дұрыс таңдау қажет. Үйдегі интернетке Wi-Fi роутер қолжетімді технология, пәтер шаршысы мен қолданушылар санына байланысты таңдалады.

Роутерлердің сипаттамасымен мына жерден таныса аласыз немесе біздің мамандар қосу кезінде керектісін таңдап береді.

Қосымша ақпарат

Егер қолданушы қызметті уақытша қолданудан және төлеуден бас тартса, «Ерікті бұғаттау» қызметін қосуға құқылы. Егер логин бір айдан артық бұғатталса, абоненттік төлем шешілмейді. Бұғаттаудың максималды мерзімі — 90 күн, минималды мерзімі — 3 күн. Ерікті бұғаттауды екінші рет 30 күннен кейін тағы қолдануға болады.

Жария шарт

Құжаттармен мына сілтемелер арқылы таныса аласыз:

Мобильді байланыс қызметтерін көрсетуге арналған жария шарт

Интернетке қол жеткізу қызметтерін көрсетуге арналған жария шарт