Абоненттік төлем

Әр айдың бірінші жұлдызында 00:00-03:00 аралығында ұсталады. Үйдегі интернетімізге қосқанымыз үшін қосымша ақы алмаймыз. Таңдаған тарифіңіздің абоненттік төлемін төлеп, қолдануды бастаңыз. Қосылған айда абоненттік төлем айдың соңына дейін қалған күндерге сай ұсталады – қалдық келесі айға өтеді.

Мысалы, Сіз қызметті 15 тамызда қосасыз. Сізге теңгерімді абоненттік төлемнің толық сомасы – 6990 теңгеге толтыру керек. Уайымдамаңыз: сома тек 15 – 31 тамыз аралығына ұсталады, артығы теңгеріміңізде қалады. Ол қалдықты келесі абоненттік төлемге пайдалана аласыз.

Егер негізгі абоненттік төлем ұсталмаса, мобильді байланыста, абоненттік төлем ұсталмаған кездегі тариф қолданылады, ал «Үйдегі интернет» пен Телевизия (егер топтамада болса) қызметтері бұғатталадыү. Теңгерім жеткілікті сомаға толтырылған соң, төлем бірден ұсталып, Үйдегі интернет пен Телевизия қосылады (егер топтамада болса) және мобильді нөмірлерге айдың соңына дейін жарайтын интернет-топтама және минуттар беріледі.

12 ай қолданылмаған логин жойылады. Қызметті кез келген уақытта қалпына келтіруге болады. Толық ақпарат мына жерде.

Қоңыраулар, хабарламалар және интернет

Топтамалардың қалдығын тексеру:
*106#


Абоненттік төлем ҰСТАЛМАҒАН жағдайда немесе топтама таусылғанда:

Beeline нөмірлеріне қоңырау соғу
18 тг/мин
ҚР-дағы басқа мобильді нөмірге қоңырау соғу
18 тг/мин
Тарифтік жоспардағы интернет-трафик біткен соң немесе интернет-пакеттің мерзімінен бұрын аяқталған кезде, интернетке қосылу мүмкіндігі бұғатталады.


Абоненттік төлемге кірмейтін қызметтердің құны:

Қалалық нөмірлерге қоңырау соғу
18 тг/мин
Beeline нөмірлеіне SMS жолдау
18 тг/SMS
ҚР-дағы басқа мобильді нөмірге SMS жолдау
18 тг/SMS


Қызметтердің бір жолғы топтамасын сатып алуыңызға болады:

- Интернет

- Минуттар және SMS

Халықаралық қоңырауларға

Егер Сізде бір SIM-карталы тариф жоспары болса, Ресей (Beeline), Қырғызстан (Beeline), Украина (Киевстар) және Қытайға (барлық нөмір) халықаралық қоңырау шалғанда, ҚР нөмірлеріне арналған 300 минуттық топтама «Көршілер байланыста» акциясымен бірінші кезекте жұмсалады.

Өзбекстанға қоңыраулар минутына 25 теңгеден. Күніне 11-ші минуттан бастап, қоңырау құны – минутына 35 тг. Толық ақпарат

Халықаралық қоңырауларға арналған 30 минут жерсерік бағыты мен премиум нөмірлерден басқа барлық бағытқа пайдаланылады. 30 минут біткен соң, 70 елге соғылған қоңыраулардың тарифтелуі «Көршілер» қызметінің шарттарына сай жүреді. Толық ақпарат

Үйдегі интернет жылдамдығы

Тарифіңіздің сипаттамасында көрсетілген үйдегі интернет жылдамдығы «ғимаратқа дейінгі оптика» технологиясы бойынша жабдығыңыз бен құрылғыңыздың арасындағы өткізу мүмкіндігін білдіреді. Бірақ жылдамдық әрдайым тұрақты бола бермейді. Ол бірнеше факторға байланысты.

1. Интернетке бір уақытта бірнеше қолданушы қосылған кезде немесе кейбір клиент орташа статистикалық трафик мөлшерінен көп тұтынса, желіге қосымша жүкт түседі де, басқа қолданушыларда интернет жылдамдығы азаяды.
2. Физикалық кедергілер (қабырғалар мен бөлме аралық есіктер, жиһаз) Wi-Fi сигналын біршама әлсіретуі мүмкін.
3. Құрылғыларыңыз роутерден қаншалықты алыс тұрса, сигнал соншалықты әлсіз болады.
4. Маңайда Wi-Fi желі көбейген сайын, роутердің орнықты әрі шапшаң сигналын ұстау қиын болады. .

Үй жағдайында интернет жылдамдығын қалай арттыруға болады:
1. Роутерді интернетті көп қолданатын жерге орнатыңыз.
2. Роутерді жабық шкафтарға, металл қалқандарға және пәтердің басқа да бұрыштарына орнатпаңыз.
3. Смартфондар мен планшеттерді қосуға 2.4GHz диапазонын және шапшаң интернет қажет құрылғыларға 5GHz диапазонын қолданыңыз.
4. Егер интернетке компьютерден шығатын болсаңыз, Wi-Fi емес, шоғырсым арқылы қосылыңыз

Қосымша ақпарат

«Шексіз 4G» акциясы туралы толық ақпарат мына жерде.

Телефоныңызды модем/Wi-Fi қосылу нүктесі ретінде пайдаланып, интернет таратуға болады. Бірақ SIM-картаны планшетте, теледидарда, модемде, роутерде қолдансаңыз, интернетке қосылу мүмкіндігі бұғатталады.

3 ай қосымша төлемсіз үй теледидары қызметті тек алғаш қосқандарға қол жетімді.

Тарифтік жоспардың шарттары Қазақстан Республикасының барлық жерінде әрекет етеді.

Қазақстан Республикасынан тыс жердегі тарифтелу роумингтегі қызметтер үшін бекітілген тарифтер бойынша есептеледі.

Тарифтік жоспарда «Байланыста бол!» қызметі қосылған – Сіз жауап бере алмай қалған қоңырауларыңыз бен келген дауыстық хабарламалар туралы SMS хабарлама аласыз, дауыстық хабарламаларды дауыстық поштаның 6600 нөмірі арқылы тыңдай аласыз (қоңырау құны – 25 тг/мин). Өшіру үшін *110*016# пәрменін теріңіз.

Тарифке «Гигабайт сыйла» және «Минуттарды гигабайттарға ауыстыр» қызметтерін қосуға болады. Олар достарыңыз бен жақындарыңызға гигабайттарды сыйлауға, сондай-ақ минуттарды гигабайттарға 10 минут 1 ГБ-ға тең бағаммен қосымша төлемсіз ауыстыруға мүмкіндік береді. Трафикті «Менің Beeline-ым» қосымшасында тексерген және ауыстырған оңай. «Интернет» және «Қоңырау шалу» бөлімдерін шертіп, тарифіңізде осы қызметтерді қолдану мүмкіндігін тексеріңіз (егер қолжетімді болса, тиісті пернелерді көресіз).