Үйден шықпай-ақ Beeline клиенті болыңыз:
1. «Менің Beeline-ым (Қазақстан)» қосымшасын жүктеңіз
2. «Beeline абоненті болу» пернесін шертіңіз
3. «Beeline нөмірін сатып алуды» таңдаңыз
4. Нұсқаулыққа сай әрекет етіңіз
Өзіңіз үшін ең керемет нөмірді тауып, қолайлы тарифті таңдай аласыз, содан соң SIM-картаны, оның ішінде eSIM-ді алу жолын таңдайсыз.
Сондай-ақ нөмірді біздің кеңседен немесе дилерлерден алуға болады.
Оған қоса, бізде теңгерімінде с 5 000 ₸ және «Менің Beeline-ым» қосымшасын орнатуға арналған 500 МБ бар бастапқы жиынтық - Online SIM бар. Егер Online SIM алсаңыз:
1. SIM-картаны смартфонға салыңыз
2. «Менің Beeline-ым» қосымшасын жүктеңіз
3. Қосымшада «Кіру» пернесінің жанындағы QR-сканерді шертіңіз
4. Бастапқы жиынтықтың қорабындағы QR-кодты сканерлеңіз
5. Нөмірді, тарифті таңдап, SIM-картаны іске қосу үшін, нұсқаулық бойынша әрекет етіңіз
Сұрақтарыңыз бар ма немесе көмек керек пе? Бізге кез келген уақытта хабарласыңыз. Контактілеріміз мына жерде.
Нөміріңізді айырбастағыңыз келмей ме? Beeline-ға өз нөміріңізбен ауысыңыз!
MNP (Mobile Number Portability) технологиясымен Сіз операторды ауыстыра аласыз, нөміріңіз сақталады. Нөміріңіз ауысқаны туралы жақындарыңызға ескерту және әлеуметтік желілерде, банкингтерде және басқа қосымшаларда оны ауыстыру қажет болмайды.
Beeline клиенті болу оп-оңай:

3. «Өз нөміріммен ауысуды» таңдаңыз
4. Тарифті және SIM-картаны алу жолын таңдау үшін, нұсқаулыққа сай әрекет етіңіз
Ауысу туралы толық ақпарат мына жерде.
Сондай-ақ, нөмірді көшіруге біздің кез келген кеңседе немесе дилер нүктесінде өтініш бере аласыз. Жеке куәлігіңізді немесе төлқұжатыңызды ала баруды ұмытпаңыз.
• Нөмірді Beeline-ға көшіру үшін не керек?
1. Нөмір Сіздің ЖСН-іңізге тіркелген болуы керек. Тіркеуді *835# (Tele2, Altel, Jusan Mobile) немесе *562# (Kcell, Activ) пәрменімен тексеріңіз. Егер тіркеудегі ЖСН Сіздікі болмаса, операторыңыздан деректерді жаңартуды сұраңыз.
2. Операторды соңғы ауыстырған сәттен бастап 60 күннен көп уақыт өтуі керек. Егер нөміріңізді бір оператордан екіншісіне жақында ауыстырсаңыз, біраз күн күтіңіз де, тағы бір рет өтініш беріңіз.
3. Қазіргі операторыңызға қарызыңыз болмауы керек. Егер қарызыңыз болса, оны қайтарыңыз.
• Қанша тұрады?
Нөмірді көшіру тегін, бірақ тариф жоспарына және SIM-картаға (таңдаған түріне қарай) төлеу керек болады.
• Көшіру туралы не білу керек?
1. Жауап берілмей қалған қоңыраулар туралы SMS біраз уақыт Сізге келмейді. Техникалық себептерге байланысты, «Хабардар бол» қызметін қолдана алмайсыз. Біз бұл мәселені шешіп жатырмыз.
2. Біраз уақыт 1414 нөмірінен және eGov-тан SMS келмейді. Егер Сізде сондай қиындық болса, өзіңізге ыңғайлы кез келген жолмен бізге хабарласыңыз. Немесе eGov-қа хабарласып нөміріңізді Мобильді азаматтар дерекқорында қайта тіркеуін өтініңіз.
Теңгерімді картадан толтыру шектеулері:
Қазақстан карталарымен төлеу |
|
Бір транзакцияның ең көп сомасы |
252 000 ₸ |
Бір тәулікте теңгерімді толтыруға болатын ең көп сома |
505 000 ₸ |
Соңғы 30 күнде теңгерімді толтыруға болатын ең көп сома |
1 200 000 ₸ |
Бір тәулікте бір картадан жасалатын транзакцияның ең көп сомасы |
505 000 ₸ |
Соңғы 30 күнде бір картадан жасалатын транзакцияның ең көп сомасы |
1 200 000 ₸ |
Шетел карталарымен төлеу |
|
3DS-сіз картамен төлеу |
|
3DS бар картамен тәулігіне теңгерімді толтыруға болатын ең көп сома |
252 500 ₸ |
3DS бар картамен соңғы 30 күнде теңгерімді толтыруға болатын ең көп сома |
505 000 ₸ |
Назар аударыңыз! Beeline теңгеріміне 4 000 000 ₸ артық сома салынбайды.
Шұғыл қоңырау шалу керек кезде теңгерімді толтыруға мүмкіндік жоқ па?
*141# пәрменімен «Сенім төлемін» алыңыз. Теңгеріміңізді 3 күнге 2000 теңгеге дейін толтырамыз. Комиссия 20%, ең кемі 20 теңге. Қызмет туралы толық ақпараты мына жерде.
Теңгерімді толтырғанда, ақшаны басқа нөмірге салып жібердіңіз бе? Уайымдамаңыз – бәрін түзейміз.
Қаражатты дұрыс нөмірге қайтару шарттары:
Егер барлық шарт сақталса, қаражатты келесі жолдармен қайтаруға болады:
Маңызды! Қаражатты қайтару үшін, төлем жасалған сәттен күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей Beeline call-орталығына немесе кеңсесіне хабарласуыңыз керек (мысалы, теңгерімді 25 шілдеде толтырсаңыз, 24 тамызға дейін хабарлассаңыз ғана қаражат қайтарылады). Ағымдағы айдың соңғы екі күні кірмейді, мұндай жағдайда ақша келесі айдың соңына дейін қайтарылады.
Beeline теңгерімін толтырдыңыз, бірақ қаражат түспеді ме? Келіңіз, мәселені бірге шешейік:
Beeline Қазақстанның мобильді байланыс пен интернетінің сапалы қызметтерін оператордың техникалық мүмкіндіктері мен ҚР-дың қолданыстағы заңнамасын ескере отырып пайдалануда барлық клиенттің құқығы бірдей. Осы құқықтарды қорғау үшін, Жария шарт шеңберінде, мобильді байланыс пен интернет қызметтеріне қосылуды қамтамасыз етудің шарттары төменде сипатталған «Әділ пайдалану саясатын» басшылыққа аламыз.
Әрбір базалық станцияның өткізу қабілеті тұрақты. Сондықтан, интернетке бір уақытта бірнеше клиент қосылса немесе кейбір клиент орташа статистикалық көрсеткіштен асатын трафик көлемін пайдаланса, желіге қосымша жүк түсіп, ол басқа қолданушылардағы мобильді интернет жылдамдығын азайтады.
Әділ пайдалану саясаты бойынша, жүктеме тым жоғары сәттерде жылдамдық барлық клиентте немесе интернет-трафикті шамадан тыс көп қолданатын кейбір клиентте азаюы мүмкін. Жылдамдықты азайту – желіге жүктемені тең бөлуге мүмкіндік береді.
Біздегі деректер бойынша, Beeline клиенттерінің 99%-ы интернет-трафикті оңтайлы пайдаланады және шексіз тарифтерді немесе қызметтерді көп қолдану салдарынан жылдамдықтың азаюы мәселесін көрмейді.
Егер Сізде интернет жылдамдығы төмендесе, демек Сіз, тұтынылған трафик көлемі шегіне жеткен 1% қолданушылар қатарына жатасыз. Уайымдамаңыз, интернет бұрынғыдай, әлі де тарифтелмейді және оны шексіз пайдалана аласыз. Бұл ретте, біз әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді ыңғайлы пайдалану, интернетке еркін кіру, видеоны стандартты сапада көру үшін 1,5 Мбит/с дейінгі жылдамдықты сақтауға тырысамыз. Желі шамадан тыс жүктелген жағдайдалардан басқа.
Әділ пайдалану саясаты шексіз трафик (соның ішінде видеоқызметтерге, әл.желілерге, мессенджерлерге және т.с.с.) беретін тариф жоспарларына, қызметтер мен акцияларға қолданылады.
Жылдамдық тарифтің немесе қызметтің келесі абоненттік төлемі алынып, топтамалар берілгенге дейін шектеледі.
Егер Сіз мобильді байланыс тариф жоспарын қолданып жүрсеңіз, тарифті мерзімінен бұрын қайта қосатын пәрменді пайдаланыңыз: *355#. Мобильді теңгеріміңізден ай сайынғы абоненттік төлем алынып, жылдамдық қалпына келеді (бұл ретте топтамалардың қалдығы жойылып, жаңа топтама беріледі).
Сіздің мобильді нөміріңіз «Үйдегі интернет» қызметінің тарифіне қосылған және онда акция «Шексіз 4G» акциясы бар ма? 1790 теңгеге қосымша 8 ГБ алу үшін, *912*8# пәрменін теріп, мобильді интернетті ең жоғары жылдамдықта пайдаланыңыз. Гигабайттар, қосылған сәттен бастап айдың соңына дейін қолжетімді болады.
Егер мобильді интернет-трафикті тым көп пайдаланбасаңыз, жылдамдықта еш айырмашылық байқамайсыз. Шамадан тыс тұтыну белгілері: мобильді интернет қызметтерін жеке мүддеден тыс қолдану, модем режимінде интернет-трафикті тым көп тарату, торренттерді/р2р хаттамаларын, ағымдағы аудио/видеоконтентті тым көп қолдану және басқалары.
Біз барлық клиентке, дауыстық қоңырауға бірдей қосылу мүмкіндігін ұсынамыз. Бірақ кейбір қолданушы желіге артық жүк түсіріп, басқа қолданушыларда дауыстық байланыс сапасын нашарлатуы мүмкін. Қосымша жүктеме дегеніміз – дауыстық трафикті орташа статистикалық тұтыну мөлшерінен айтарлықтай артық пайдалану (мобильді байланысты жеке мүддеден тыс қолдану, мысалы, колл-орталықтарын ұйымдастыру, конференц-байланыстарды тым көп қолдану, қоңырауларды күткізу және(немесе) қайта бағыттау және әділетсіз қолданудың басқа да белгілері). Әділ Пайдалану саясаты бойынша осы санаттағы қолданушыларда дауыстық қоңырау шалу шектелуі мүмкін.
Қаражаттың, минуттар мен гигабайттың шығынын нақты күні мен уақытына дейін «Менің Beeline-ым» қосымшасында тегін көріңіз.
Есепшот түрлері
Қолдану жолы
Білгеніңіз маңызды
«Менің Beeline-ымда» шот есебін тек электронды нұсқада алуға болады, жүктеу мүмкін емес.
Қаражаттың, минуттар мен гигабайттың шығынын нақты күні мен уақытына дейін Жеке кабинетте тегін көре аласыз.
Есепшот түрлері
Қолдану жолы
Білгеніңіз маңызды
Қаражаттың, минуттар мен гигабайттың шығынын тегін «Шот есебін SMS түрінде алу» қызметімен қадағалаңыз.
Қолдану жолы
Білгеніңіз маңызды
Интернет үшін алынған ақы есепте бір тәуліктікі жинақталып көрсетіледі.
Сіз шот есебін Beeline кеңселерінің бірінен тегін ала аласыз.
Қолдану жолы
Білгеніңіз маңызды!
Қазақстанда мобильді байланысы бар кез келген құрылғы міндетті түрде тіркелуі керек. Ол «Байланыс туралы» ҚР заңына сәйкес (36-2-бап) енгізілген. Жеке тұлғалардың құрылғылары ЖСН немесе төлқұжат нөміріне тіркеледі:
Мобильді телефондар, планшеттепр, модемдер, SIM-карталары бар сағаттар тіркелуі тиіс, М2М құрылғылар мен роумингтегі мобильді құрылғылар тіркелмейді.
Шұғыл жаңа SIM-карта керек пе? Телефон жоғалып қалды ма, SIM-картаға бірдеңе болды мв немесе жай ғана оны ауыстырғыңыз келе ме? Оп-оңай!
Егер смартфоныңыз eSIM технологиясын — телефонға кіріктірілген виртуалды SIM-картаны қолдаса —пластик карта керек емес.
«Менің Beeline-ым» қосымшасы арқылы eSIM орнатыңыз: «Менің нөмірім» → «Профиль» (нөміріңізді шертіңіз) → «SIM-картаны/eSIM ауыстыру» → «eSIM».
Android-қа арналға видеонұсқаулық
eSIM жоқ па? Уайымдамаңыз! Пластик SIM-картаны қас-қағым сәтте нөміріңізді сақтай отырып ауыстырыңыз:
SIM-картаны дербес ауыстыру:
SIM-картаны жеткізуге тапсырыс беру:
Оператордың қоңырауын күтіңіз.
Егер өтінішті 14:00-ге дейін берсеңіз, SIM-картаны сол күні әкеліп береді, егер 14:00-ден кейін тапсырыс берсеңіз — келесі күні әкеледі.
Қала ішінде жеткізу — 500 теңге.
Жоғалған, бүлінген немесе ақауы бар 4G SIM-картаны ауыстыру: 200 теңге.
• Ескі SIM-картаны 4G SIM-ге ауыстыру: тегін.
Назар аударыңыз:
• Нөмірі белсенді, қолданыстағы SIM-картуаны ғана ауыстыруға болады.
• Нөмір иесіне тіркелген болуы тиіс (тіркеуді тексеру: *835#). Жаңа Нөмірдің SIM-картаны алуға нөмірдің иесі өзі келуі керек және жеке куәлігі/төлқұжаты қолында болуы тиіс.
• Егер нөмір Сіздің атыңызға тіркелмесе, нөмірдің иесінен нотариус куәләндырған сенімхат қажет. Жеке куәлігіңізді/төлқұжатыңызды ала келуді ұмытпаңыз.
• Егер SIM-картаны өзіңіз ауыстырып жатсаңыз, оның қай өңірге тиесілі екенін тексеріңіз: 632 нөміріне қоңырау шалсаңыз, робот Сізге бәрін айтып береді. Жаңа 4G SIM-картаның қай өңірге тиесілі екені қорабында/тысында көрсетіледі, ол Сіздің нөміріңіздің шыққан өңірімен сәйкес келуі тиіс. Уайымдамаңыз: нөмірді Қазақстанның кез келген жерінде және роумингте де қолдана аласыз. Өңір SIM-картаны өзіңіз ауыстырғанда ғана маңызды.
Нөмір қандай жағдайда жойылады
Егер Сіз нөмірді 12 ай бойы қолданбасаңыз, ол жойылады. Қолданбау — демек қоңырау шалмау және қоңырау қабылдамау, SMS жібермеу және қабылдамау, интернетке шықпау. Бұл ереже Жария шарттың 9.6-тармағында бекітілген. Бұл ретте нөмірдің бұрынғы иесіне, жойылған сәтте теңгерімде болған соманы қайтаруға 3 жыл беріледі.
Өз нөміріңіді қайтару жолы
Кейбір жағдайда, бұрын жойылған нөмірді қалпына келтіре аласыз. Ол үшін, өзіңізге ыңғайлы жолмен бізге хабарласыңыз. Біздің кеңесшілер қалыпна келтіру мүмкіндігін тексереді. Егер жойылған нөмірді қалпына келтіруге мүмкіндік болса, нөмірдің иесі жеке куәлігін алып, біздің кез келген кеңсеге келуі керек. Қалпына келтіру құны 600 теңге + бастапқы жиынтықтың құны.
Маңызды! Егер жойылған нөмір бұрын Beeline-ға басқа оператордың желісінен ауыстырылса, қалпына келтіру мүмкіндігін тексеру үшін, нөмірдің бастапқы операторына хабарласу керек.
SIM-карта жоғалды ма немесе телефонды уақытша қолданбайсыз ба? Сіз нөмірді тегін бұғаттай аласыз.
Жоғалғанда және ұрланғанда:
Beeline-ның Клиенттерді қолдау орталығына қоңырау шалыңыз немесе кеңсеге жолығыңыз.
• Нөміріңіз 3 күнге бұғатталады.
• Сізге жоғалған нөмір тіркелген адамның жеке куәлігінің деректерін айту керек болады.
Өз қалауыңызбен бұғаттау:
Beeline кеңсесінде бұғаттауға болады.
• Қалаған уақытыңызға бұғаттай аласыз, бірақ бұғатталған сәттен бастап Сіздің атыңызда бір жыл ғана болады.
• Нөмірдің иесі жеке куәлігін немесе төлқұжатын алып келсе ғана нөмірді бұғаттауға болады.
Маңызды! SIM-картаны бұғаттан босатқан соң, нөмірде қосылған тариф пен қызметтердің абоненттік төлемі алынады.
Beeline кеңсесінде нөмірді басқа тұлғаға оп-оңай тіркеуге болады.
Не істеу керек:
Назар аударыңыз: егер Сіз «Сенім төлемін» алсаңыз, қызметті қосқаннан кейін төртінші күні ғана нөмірді қайта тіркеуге болады.
Тек екі тарап болса ғана нөмірді қайта тіркеуге болады және ол тегін.
Қызмет деректерді мұқият тексеруді талап етеді, сондықтан алдын ала 116 нөміріне қоңырау шалуға кеңес береміз (Beeline нөмірінен тегін).
Айтпақшы, егер Сізде бұрын басқа оператор болса да, қайта тіркеуге болады.
Жеке тұлғалар жеке куәлігімен келуі тиіс (немесе клиенттің нотариус куәләндырған сенімхаты болуы керек).
Егер тегіңізді өзгертсеңіз және тіркеу деректерін өзгерткіңіз келсе, тегіңізді ауыстрығаныңызды растайтын құжат ұсыну керек (неке куәлігі, ажырасқаны туралы куәлік және т.с.с.).
Нөмірдің кімге тіркелгенін *835# пәрменімен тексере аласыз
Егер нөмірдің иесімен таныс болсаңыз, Beeline кеңсесіне хабарласыңыз. Екі тараптың жеке куәлігі болса ғана бұл процедура жүзеге асады.
Егер ол адамды білмесеңіз, деректерді қайта тіркеу мүмкіндігін тексеру үшін 116 нөміріне қоңырау шалыңыз (Beeline нөмірінен тегін).
Сіздегі «Өзің жаса», «Жарқын» немесе «Шексіз» тарифінде орын көп. Қосымша нөмірлерді қосып, тарифіңізде бар болса, интернетті, SMS пен минуттарды бөлісіңіз!
Жақындарыңыздың байланыста болуына көмектесіңіз немесе гаджеттермен өміріңізді жеңілдетіңіз – бәріне бірақ төлеңіз!
Толық ақпарат келесі сілтемеде
- Жеке кабинетке кіріңіз, бірінші бетте өз тарифіңізді және барлық қосылған қызметтер мен жазылымдарыңызды бірден көресіз;
- «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасын орнатыңыз (Android және iOS-ке арналған), авторландырылыңыз да, «Қосылған қызметтер» бөліміне өтіңіз;
- Егер сізге тек қосылған қызметтер туралы ақпарат қажет болса, *179# пәрменін теріңіз. Ақпарат сізге SMS түрінде келеді.
Қызметтерді басқарудың бірнеше жолдары бар:
- алдын ала авторландырыла отырып, Жеке кабинеттегі «Қызметтер» бөлімінде басқаруға болады;
- Android және iOS негізіндегі телефондар мен планшеттерге арналған «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасы арқылы басқаруға болады;
- *100# нөмірін теру арқылы, қызметтерді басқарудың бірыңғай мәзірі арқылы;
- әр қызметті тікелей қосатын және өшіретін арнайы қысқа нөмірлер арқылы (олар біздің сайтымызда, әр қызметтің сипаттамасында көрсетілген);
- виртуалды кеңсеші – Дана арқылы, 116 тегін нөміріне қоңырау соғу арқылы (Beeline нөмірлеріне арналған).
Бір қоңырауға бір уақытта 6 адамға дейін қос. Конференц-байланыс бір қоңырауға тиісті адамдарды – әріптестерді, достарды немесе туыстарды қосу үшін жасалған. Конференц-байланыс қызметі үшін қоңырау соққан адам ғана өз тарифтік жоспарына сай төлейді, конференц-байланысқа қосылған басқа жандарға конференц-байланыс қызметі тегін.
Конференцияны қалай жасауға болады?
Конференц-байланысқа адамдарды кім қоса алады?
Ескерту: телефон үлгісіне қарай, нұсқаулық басқаша болуы мүмкін.
Қысқа мәтіндік хабарламалар келесі мүмкіндіктерді береді:
- сөйлесу ыңғайсыз кезде, ақпаратты жіберу және алу мүмкіндігін;
Бірден бірнеше адресатқа ақпарат жіберу мүмкіндігін;
Теңгерім шығындарын үнемдеу мүмкіндігін.
SMS жолдау үшін:
- телефоныңызда «Хабарлама» мәзіріне кіріп, «Жаңа хабарлама жазу» бабын таңдаңыз.
- хабарламаның мәтінін енгізіңіз. Егер телефоныңыз Т9 жүйесін (мәтінді жылдам енгізу жүйесін) қолдаса, хабарламаның мәтінін екі есе жылдам тере аласыз.
- «Кімге» жолына алушының нөмірін енгізіңіз немесе «Контактілер тізімінен» адресатты таңдап, «Жіберу» пернесін басыңыз.
Егер, хабарлама мәтіні кириллица әріптерімен 70 мәннен немесе латын әріпімен 160 мәннен асса, хабарлама бөлшектенеді де, әр бөлшек жеке-жеке тарифтеледі.
Нөміріңізде SMS қызметі қосылған, телефоныңызда қосымша баптаулар жасау қажет емес. Сіз SMS арқылы сөйлесуді дәл қазір бастай аласыз!
Хабарламалар орталығының нөмірі: +77059077000.
Оны баптау жолы келесідей:
- Мәзірдің «Хабарламалар» бөліміне кіріңіз;
- «Баптаулар» бөлімін таңдап, «SMS-орталықтың нөмірі» бабын іздеп табыңыз;
- ол жерге +77059077000 нөмірін жазып, «Сақтау» пернесін басыңыз;
- телефонды өшіріп, қайта қосыңыз да, SMS жолдап көріңіз.
- iPhone-да SMS-орталықтың нөмірін **5005*7672*+77059077000# пәрмені арқылы баптауға болады
- орнатудың дұрыстығын *#5005*7672# пәрмені арқылы тексере аласыз.
Сіз SMS хабарламаны «Beeline» желісінің, қазақстандық басқа операторлардың (Kcell, Activ, Tele2 және т.б.) абоненттерінің мобильді телефондарына және шет елдік операторлардың телефондарына жібере аласыз.
Алушының нөмірін халықаралық үлгіде теріңіз: + елдің коды, желіге қосылу коды, абонент телефонының нөмірі.
Мысалы, «Beeline» абонентіне SMS жолдасаңыз, нөмірді былай теріңіз: +7777ХХХХХХХ.
Маңызды! Егер адресаттың нөмірін қате көрсетсеңіз, SMS жеткізілмейді, төлем SMS-хабарламаны жіберу фактісі бойынша ұсталатындықтан, оны жолдауға кеткен қаражат қайтарылмайды.
Бір SMS-хабарламаның ең ұзақ көлемі: 70 мән — кириллица әріпімен, 160 мән — латын әріпімен. Егер SMS-хабарламаңыз көрсетілген көлемнен асып кетсе, онда ол жолдау кезінде бірнеше бөлшекке бөлінеді, мұндай жағдайда, бір бөлшектің көлемі сәйкесінше 70 немесе 160 мәнді құрайды. Әр бөлшек жеке SMS-хабарлама ретінде тарифтеледі.
Сізге керек елде роумингте SMS қабылдау/жіберу мүмкіндігін, сондай-ақ SMS-хабарламаларды жолдау тарифтерін Роуминг бөлімінен анықтай аласыз.
SMS жіберу кезінде нөмірді жасыру мүмкін емес. SMS жіберу кезінде, ұялы телефонның нөмірі әрқашан көрініп тұрады.
Жіберілген SMS SMS-орталыққа келіп түседі. SMS-орталықтың жадысында жіберілген SMS-ті ең ұзақ сақтау мерзімі – 3 тәулік. Егер, осы уақыт аралығында SMS-орталық қандай да бір себеппен Сіздің SMS-хабарламаңызды жеткізбесе, ол жіберілетін хабарламалардың қатарынан алынып тасталады да, SMS-орталықтың жадысынан өшіріледі.
SMS бірнеше себептермен жеткізілмеуі мүмкін:
- Алушының аппараты сөндірулі немесе желі әрекет ететін аймақтан тыс жерде болса.
- Адресаттың ұялы телефон нөмірі бұғаттаулы болса.
- Адресат телефонының жадысы толық болса. Мұндай жағдайда, келген және жіберілген ескі хабарламаларды өшіру керек.
- Адресаттың ұялы телефон нөмірі қате көрсетілсе – нөмірді халықаралық үлгіде теру керек (+ елдің коды, желіге қосылу коды, абоненттің телефон нөмірі).
- Адресаттың аппараты бұзылған болса – SIM-картаны басқа аппаратқа салыңыз да, өз нөміріңізге мәтіндік SMS жіберіп көріңіз.
- Жіберуші мен адресаттың операторлары арасында SMS-алмасу мүмкіндігі болмаған жағдайда (басқа ұялы байланыс желісі абонентінің нөміріне SMS жіберу кезінде орын алуы мүмкін).
Адресаттың SMS-хабарламаңызды алғанын білу үшін, «Жеткізілгені туралы есеп» амал-шартын қосу керек (егер Сіздің аппаратыңыз мұндай амал-шартты қолдаса).
Ол үшін:
Бірқатар телефон үлгілерінде, SMS мәтінін жазбас бұрын леп белгісін қойса, жеткізілгені туралы есеп келеді.
2. Адресаттың нөмірін дұрыс тергеніңізді тексеріңіз.
Алушының нөмірін халықаралық үлгіде теру керек: + елдің коды, желіге қосылу коды, абоненттің телефон нөмірі
Мысалы, «Beeline» абонентіне SMS жолдай отырып, нөмірді келесі үлгіде теріңіз: +7777ХХХХХХХ.
3. Телефон баптауларынан хабарламаның типін тексеріңіз: «Стандарт», «Мәтін» немесе «SMS».
4. Телефон баптауларынан SMS-хабарламаны жіберу арнасын тексеріңіз: GSM.
«Хабарлама» мәзіріне кіріңіз, «Баптаулар» бабын таңдап, «SMS-орталық нөмірі» бабын таңдаңыз, Ол жерге +770590770004 нөмірін жазып, «Сақтау» пернесін басыңыз, Телефонды өшіріп, қайта қосыңыз да, SMS-ті тағы бір рет жолдап көріңіз.
Өкінішке қарай, жойылған хабарламаны қалпына келтіру мүмкін емес, себебі телефоныңызға жеткізілген хабарлама бірден SMS-орталықтың жадысынан өшіріледі.
«КаР-Тел» ЖШС көптеген ойын-сауық және ақпараттық қызметтерді ұсынады.
Оларды ұсыну үшін төрт мәнді қысқа нөмірлер қолданылады.
Қызметтер бір жолдық негізде (бір реттік төлем), сондай-ақ жазылу негізінде (мерзімдік төлем) көрсетіледі.
Мысалы, сіз жұлдыз жорамалға тапсырыс берсеңіз, сізден телефон нөміріңізді енгізуді сұрайды және осыдан кейін, телефоныңызға растауды өтінген SMS келеді.
Растамас бұрын:
Мобильді жазылымды өшіру үшін, SMS келген қысқа нөмірге Стоп (немесе стоп, stop және т.с.с.) сөздерді жіберу керек.
Есепшотқа тапсырыс беріп, қаражат шығындарын тексеріңіз.
Қысқа нөмірге «?» мәтіні жазылған тегін SMS жолдаңыз (сұрақ белгісі тырнақшаға алынбайды). «?» белгісін жіберу тегін. Басқа мәндерді, таңбаларды жіберу кезінде ақша ұсталуы мүмкін.
Өз ұялы телефоныңызға маңызды қоңырау қабылдай алмайсыз, бірақ қоңырауды жіберіп алғыңыз келмей ме? "Қоңырауды қайта бағыттауды" баптаңыз.
Бұл қызмет келген қоңырауларды Beeline басқа нөмірлерге, немесе басқа операторлардың нөмірлерге, немесе қалалық телефон нөмірлеріне аударуға мүмкіндік береді. Қызмет роумингте қолжетімді.
Қоңырауды қайта бағыттау тәртіптерін орнату:
Барлық қоңырауларды бағыттау: **21*қаланың коды/телефон нөмірі#, мысалы **21*+7727ххххххх#. Өшіру ##21#
Телефон бос болмаған кездегі қоңырауларды бағыттау: **67*қаланың коды/телефон нөмірі#, мысалы **67*+7776ххххххх#. Өшіру - ##67#
Телефон сөндірулі болған кездегі қоңырауларды бағыттау: **62*қаланың коды/телефон нөмірі#, мысалы **62*+7776ххххххх#. Өшіру - ##62#
Сіз қоңырауға жауап бермеген кездегі қоңырауларды бағыттау: **61*қаланың коды / телефон нөмірі*таңдалған уақыт аралығы#, мысалы **61*+7776ххххххх*10#. Өшіру - ##61#
Жауап бере алмай қалған кездегі қоңыраулар туралы SMS алу үшін, +7 705 9077000 нөмірін көрсетіңіз.
Қоңырауды қайта бағыттау тәртібінің дұрыстығын тексеру үшін, мына құрамдастырымды енгізіңіз: *#қайта бағыттау коды#
Барлық қайта бағыттауды өшіру үшін ##002# пәрменін теріңіз.
Қызмет Beeline-ға басқа операторлардан тасымалданған нөмірлерде қолжетімсіз.
Роуминг — нөміріңізді және байланыс қызметтерін Қазақстаннан тыс жерде қолдану мүмкіндігі. Яғни шетелде Сізге басқа ұялы байланыс операторының жаңа нөмірін сатып алу керек болмайды.
Ештеңе істеудің қажеті жоқ. Байланысты қолдануды бастасаңыз болды, роуминг өздігінен қосылады.
Егер роуминг өздігінен қосылмаса, тегін *120*600# пәрменін теріңіз.
Құрылғыңыз тиісті желіні өзі таңдайды да, Сізге сәлемдесу хабарламасы келеді.
1. Телефон баптауларына кіріңіз
2. «Қосылу» (Android) / «Ұялы байланыс» (iOS) мәзіріне өтіңіз
3. «Мобильді желілерді» ашыңыз
4. Желілерді таңдау бөлімін табыңыз
5. Желіні автоматты түрде іздеуді қосыңыз немесе желіні қолдан таңдаңыз
Келесілерді орындап көріңіз:
Егер ол да көмектеспесе, кез келген қолжетімді жолмен бізге хабарласыңыз немесе мына сілтеме арқылы электронды құжатты толтырып, өтініш қалдырыңыз. Біз Сізге міндетті түрде көмектесеміз.
Роумингтегі тарифтер жән қызметтердің (мин, ГБ, SMS) құны Қазақстан аумағындағы тарифтерден бөлек. Әдепкі тариф жоспарыңыз роумингте істемейді.
Барған еліңізге қарай, роумингтегі әдепкі тариф:
Қоңырау шалу: барған еліңіздің, Қазақстанның кіріс/шығыс қоңыраулары |
20 мин — 990 ₸/күніне немесе 1050 ₸/мин |
Қоңырау шалу: басқа бағытқа |
1050 ₸/мин |
Интернет |
Безлимит — 990 ₸/күніне немесе 4200 ₸/Мб |
SMS: жіберу |
69 ₸/SMS |
SMS: қабылдау |
0 ₸/SMS |
Назар аударыңыз! Роумингте келген қоңыраулар да тарифтеледі.
Сапарға шығар алдында теңгерімді кемінде 10000 теңгеге толтыруды ұсынамыз.
Сіз баратын еліңізді таңдап, роумингтің қолайлы тарифін мына бетте таңдай аласыз.
Сізде роумингтегі деректер рұқсат етілгеніне көз жеткізіңіз: Баптаулар → «Мобильді деректер» → «Роумингтегі деректер». Содан соң мобильді интернетті қосыңыз.
Егер осыдан соң да интернет істеемй тұрса, смартфонда APN баптауларын тексеріңіз.
Біздің үйрену роликтерімізді көріңіз немесе төмендегі нұсқаулықты пайдаланыңыз (баптаулар мәзірі әртүрлі телефонда әртүрлі болады):
eSIM орнатылған Android құрылғысына арналған видеонұсқа
Қарапайым SIM орнатылған Android құрылғысына арналған видеонұсқа
1. Смартфон баптауларын ашыңыз.
2. Егер смартфоныңыз екі SIM-картаны немесе eSIM технологиясын қолдаса, SIM-карталар диспетчерінде интернетке шығу үшін Beeline-ды таңдаңыз. Басқа жағдайда бұл бапты өткізіп жіберіңіз.
3. «Қосылу» мәзіріне өтіңіз.
4. «Мобильді желілерді» ашып, «Қосылу нүктесі» / «APN» бабын басыңыз.
5. «+» немесе «Қосылу нүктесін қосуды» таңдаңыз.
6. Келесі параметрлерді жазыңыз:
Қосылу нүктесінің аты: Beeline Internet
Қосылу нүктесі (APN): internet.beeline.kz.
Басқа деректерді толтырудың қажеті жоқ.
7. Ашылған қосылу нүктесін сақтап, оны өздігінен таңдалатын етіп белгілеңіз.
8. «Мобильді желілер» мәзіріне қайтып, автоматты режимді таңдаңыз (LTE/WCDMA/GSM)
9. Смартфонды қайта жүктеңіз.

eSIM орнатылған iOS құрылғысына арналған видеонұсқа
Қарапайым SIM орнатылған iOS құрылғысына арналған видеонұсқа
1. Смартфон баптауларын ашыңыз.
2. «Ұялы байланыс» бөліміне өтіңіз.
3. Егер смартфоныңыз eSIM технологиясын қолдаса, «Ұялы байланыс тарифтеріне» өтіп, Beeline-ды таңдаңыз. Басқа жағдайда бұл бапқа мән бермеңіз.
4. «Мәліметтерді жолдаудың ұялы байланыс желісін» ашыңыз.
5. «Ұялы байланыс деректері» бөлімінде тек APN бабын толтырыңыз: internet.beeline.kz
6. Алдыңғы мәзірге қайтып, «Деректер параметрлерін», содан соң «Дауыс және деректерді» ашыңыз.
7. 4G желісін таңдаңыз.
8. Смартфонды қайта жүктеңіз.
Келесілерді орындап көріңіз:
Егер ол да көмектеспесе, Ресесйде болсаңыз 0611 нөмірі арқылы, басқа кез келген елден +7 (727) 3 500 500 нөмірі арқылы бізге хабарласыңыз. Роумингте қоңырау шалу тегін. Сондай-ақ мына сілтеме арқылы электронды құжатты толтырып, өтініш қалдырыңыз. Біз Сізге міндетті түрде көмектесеміз.
Шетелден қоңырау шалғанда немесе SMS жібергенде, нөмірді 8 санының орнына +7 санын теріңіз. Мысалы: 8 (777) 123 45 67 нөмірін +7 (777) 123 45 67 нысанда теріңіз.
Қоңырау шалмас бұрын, контактілеріңізде сақталған нөмірлерді өзгертуді ұмытпаңыз.

Теңгерімді толтырудың бірнеше жолы бар:
«Менің Beeline-ым» қосымшасын жүктеңіз, авторизациядан өтіңіз де, нөміріңізге қатысты барлық ақпараттан хабардар болыңыз. Қосымшаны роумингте қолданғанда трафик шығындалмайды.
Маңызды! Қосымшаны жүктеу трафигі роумингтегідей тарифтеледі. Қазақстанда жүргенде, қосымшаны орнатып алуға немесе Wi-Fi желісін пайдалануға кеңес береміз. Сіз болжанбаған қомақты шығындардың алдын аласыз.
Егер Сіз Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей немесе Қытай шекарасына жақын тұрсаңыз, смартфоныңыз көрші елдің желісіне өздігінен қосылуы мүмкін.
Ол күтпеген шығындарға алып келуі, қоңырау шалу, SMS және интернетке қосылу роумингтегідей тарифтелуі мүмкін.
Ондай шығындардың алдын алу үшін, келесі жолдардың бірімен роумингті өшіріп қойыңыз:
Бұғат алынғанға дейін роумингті қолдана алмайсыз, бірақ Сізге роуминг туралы SMS-хабарландыру келіп тұрады. Келешекте шетелге шықсаңыз, *120*600# пәрменімен бұғатты оп-оңай алып тастайсыз.
Нөміріңізде роуминг толық өшіріледі. Егер келешекте шетелге шыққанда, роумингіңіз өшіп тұрса, Қазақстанға келмей бұғатты шеше алмайсыз.
Теңгерімді банктік картаңыздан Менің Beeline-ым қосымшасы арқылы комиссиясыз толтыруға болады.
Сондай-ақ терминалдар, интернет-банкинг арқылы толтыра аласыз.
Топтаманың қалдығын тексеру үшін, қосымшаның басты бетіне өтіп, қажет топтамаңызды таңдаңыз: ИНТЕРНЕТ, ҚОҢЫРАУ ЖӘНЕ ХАБАРЛАМА.
Автотөлем қызметі Менің Beeline-ым қосымшасында нөмірге алдын ала тіркелген банк картасынан телефон теңгерімін автоматты режимді толтыруға мүмкіндік береді. Оның әрекет ету қағидасы қарапайым – егер шоттағы сома белгіленген шектеуден төмендесе (100 теңгеден), опция тіркелген картадан сіз тағайындаған соманы теңгерімге аударады.
Автотөлемді баптау үшін, Менің Beeline-ым қосымшасында теңгерімді банк картасынан толтырыңыз, «Автотөлемді баптауды» басыңыз, соманы көрсетіп, оны растаңыз. Автотөлемді өшіру үшін, Дербес баптаулар бөліміне кіріңіз.
Теңгерімді толтыру бөлімінде жаңа картамен төлеу үшін:
- Beeline ұялы нөмірін немесе Үйдегі Интернет логинын енгізу керек
- сомасын көрсетіп, «Толтыру» түймесін басу қажет.
- картадағы банктік деректерді енгізу (16 сан, жарамдылық мерзімі, айы және жылы және артқы жағында үш таңбалы код)
- 3D Secure кодын немесе картаны шығарған банктен растаудың басқа әдісін енгізу қажет болуы мүмкін
- банктен растау алғаннан кейін төлем теңгерімге аударылады.
Қазақстан Республикасының банктік карталары сәтті төлем жасалғаннан кейін автоматты түрде абоненттік нөмірге байланыстырылады.
Байланыстырылған картадан кейінгі төлем үшін:
- картаны таңдау керек

Бекітілген карточканы абоненттік нөмірден кез келген уақытта «Банк карталары» бөлімінде өшіріп тастауға болады.
Visa және Master Card дебеттік және несиелік карталары қабылданады. Барлық төлемдер SSL деректерді шифрлау арқылы қорғалған және PCI DSS халықаралық стандартымен сертификатталған.
1. «Менің Beeline-ым» қосымшасының басты бетінде телефон нөмірін, содан кейін толық аты-жөнін басу керек;
2. Ашылған терезеде «Сәйкестікті растау» түймесін басыңыз.
3. Әрі қарай, SMS-код арқылы тексеруден өтіңіз;
4. «Қабылдау» түймесін басыңыз;
5. Құжатты сканерлеу (жеке куәлік болса, екі жағынан да);
6. Селфи түсіру:
Нөмірді тіркеу құжат деректеріне сәйкес келмесе, қолданба сканерленген деректерді тексеруді және оны растауды ұсынады.
Егер деректер қателермен сканерленсе, «Қайта сканерлеу» түймесін басып, құжатты қайтадан сканерлеу керек.
Деректер дұрыс сканерленген болса, «Деректерді растау» түймесін басу керек.
Деректерді растағаннан кейін нөмір қайта тіркеледі.
Операция нәтижесін «Жеке параметрлер» бөлімінде тексеруге болады.
"Дербес баптаулар -> менің нөмірлерім" бөлімінде жақындарыңыздың нөмірін қосуға немесе өзіңізге қажет нөмірге қосылуға болады.
Егер нөмірді бұрын қосқан болсаңыз, қосымшаның жаңа нұсқасында олар өздігінен қол жетімді болады.
Нөмірдің оң жағындағы үш нүктені басу арқылы нөмірдің атын қоса аласыз және/немесе өзгерте аласыз.
Қалаған нөміріңізді көрсете отырып, келесі пәрменді теріңіз: *776*қалаған нөміріңіз# (мысалы: *776*705777*******#). Содан соң, ары қарай істелетін әрекеттің нұсқауы мен нөмірді ауыстыру құны көрсетілген SMS хабарламаны күтіңіз.
Тариф жоспарын өшіру мүмкін емес, тек басқасын қосуға болады. Менің Beeline-ым қосымшасында және www.beeline.kz сайтында тарифті таңдай аласыз.
Егер теңгерімдегі қаражат төлемді ұстауға жететін болса, абоненттік төлем Нұр-Сұлтан уақытымен 00:00-03-00 аралығында ұсталады.
Тариф төлемінің келесі ұсталатын мерзімін басты бетте, тарифіңіздің атауының астынан көре аласыз.
Нөміріңізде қандай қызметтер қосылып тұрғанын көру үшін, Менің Beeline-ым қосымшасының «Қызметтер» бөліміне кіріңіз.
Қызметті қосу немесе өшіру үшін, Менің Beeline-ым қосымшасының «Қызметтер» бөліміне кіріңіз.
Барлық мәліметтерді оқып, алмасу жайында ақпаратты сіз мұнда ала аласыз
«Биометрия» — алаяқтықтан қорғанудың заманауи және аса сенімді жолы. Барлық биометрикалық дерегіңіз көпдеңгейлі тексеруден өтеді, грим немесе фотосурет арқылы жүйенің бағдаржолын алдау мүмкін емес. Сол себепті, қызмет қосылып тұрған жағдайда, алаяқтар теңгерімнен ақша алу үшін немесе қаржы операцияларына қол жеткізу үшін SIM-картаңызды қолдана алмайды.
Оған қоса, «Биометрия» Beeline кеңселерінде қызметті жеке куәліксіз немесе төлқұжатсыз алуға ыңғайлы мүмкіндік береді. Біздің оператор Сізді планшеттегі видеокамера арқылы сәйкестендіріп, Сізге қажет қызметті ұсынады.
Бәріміз әртүрліміз әрі бірегейміз. Биометрия технологиясы адамдарды өзіне тән физикалық ерекшеліктеріне қарай анықтауға көмектеседі. Ақылды «Биометрия» функциясының арқасында, бағдарламаларымыз мобильді нөмірде операциялар жасауыңызға мүмкіндік беру үшін Сізді тани алады.
Тегін, әрі оңай.
«Менің Beeline-ым» қосымшасында:
1. «Дербес баптаулар» парағында нөміріңізді шертіп, «Тұлғаны растау» пернесін басыңыз.
2. Камераны жеке куәлігіңізге немесе төлқұжатыңызға бағыттаңыз.
3. Селфи жасаңыз. Өзіңіз түсіп тұрғаныңызды түсінуіміз үшін, көзіңізді жыпылықтатуыңыз керек болады.
4. Деректеріңізді тексеріп, «Растау» пернесін басыңыз!
Назар аударыңыз! Биометрикалық деректеріңізді сақтауға берген келісіміңізді тек біздің кеңселерде қайтып ала аласыз.
Интернетті баптамас бұрын, теңгерімде қаражат және тариф ГБ-сы бар екеніне көз жеткізіңіз.
Android жүйесіндегі телефоныңызда интернетті еш қиындықсыз баптау үшін, біздің роликті көріңіз.
Немесе төмендегі нұсқаулықты пайдаланыңыз (баптаулар мәзірі әртүрлі телефонда әртүрлі):
Смартфон баптауларын ашыңыз:

Дайын! Смартфонды қайта жүктеу ғана қалды, содан соң Beeline-ның шапшаң интернетінен ләззат алыңыз.
Егер осыдан соң интернет істемесе, өзіңізге ыңғайлы кез келген жолмен бізге хаьарласыңыз. Біздің кеңесшілер Сізге міндетті түрде көмектеседі.

iOS жүйесіндегі телефоныңызда интернетті еш қиындықсыз баптау үшін, біздің роликті көріңіз.
Немесе төмендегі нұсқаулықты пайдаланыңыз:

Мобильді интернеттің жылдамдығына әсер ететін негізгі факторлар:
Желінің жүктемесі. Кейде қарбалас сағатта мобильді интернеттің жылдамдығы азаюы мүмкін. Яғни бір базалық станцияға көп смартфон бір уақытта қосылған сағаттарда.
Тұрған жері, құрылыс, метеожағдай. Ауа райы қолайсыз болса немесе таулы жерде жүрсеңіз немесе металлы көп құрылыстың қасында тұрсаңыз, жылдамдық азаюы мүмкін.
Смартфоныңыздың стпаттамасы. Бір жерде тұрған әртүрлі телефонда мобильді интернет жылдамдығы әртүрлі болуы мүмкін. Оған операциялық жүйе, смартфонның процессоры мен модемі, 3G/4G/5G желісін қолдауы әсер етуі мүмкін. Құрылғыңыздың сипаттамасын өндірушіден кез келген уақытта біле аласыз.
Әділ пайдалану саясаты. Шексіз интернеттің кейбір қолданушысында, тарифте қарастырылған шапшаң трафик шегіне жеткенде, қосылу жылдамдығы азаюы мүмкін. Ол жүктемені желіге тең бөліп, Beeline-ның барлық абонентіне сапалы интернетке қосылу мүмкіндігін ұсыну үшін қажет.
Егер Сізде интернет жылдамдығы жиі төмендей берсе және ол тұрған жеріңізге, ауа райы мен тәулік уақытына байланысты болмаса, құрылғыңызды қайта жүктеп көріңіз. Егер ол да көмектесепесе, өзіңізге ыңғайлы жолмен бізге хабарласыңыз. Біздің кеңесшілер Сізге міндетті түрде көмектеседі.
Дана — біздің виртуалды кеңесші. Дана — робот. Ақылды робот, ол біздің қызметтер туралы бәрін біледі. Beeline байланысына қатысты мәселелеріңізді шешуге көмектеседі. 24/7 режимінде хабарласыңыз, біздің Дана мүлде шаршамайды. Оның сайтымыздың оң жақ төменгі бұрышынан таба аласыз.
Әлеуметтік желілердегі парақтарымызда Сіздерге қуана көмектесеміз. Тәуліктің кез келген уақытында жазуыңызға болады!
МАҢЫЗДЫ! Beeline компаниясының төменде көрсетілген парақтары ғана бар. Интернетте осыларға өте ұқсас аккаунттар кездесуі мүмкін, бірақ олардың Beeline компаниясына ЕШҚАНДАЙ ҚАТЫСЫ ЖОҚ. Компанияның ресми көздеріне ғана сеніңіз. Олар төменде көрсетілген.
FaceBook-те: https://www.facebook.com/Beeline.Kazakhstan немесе QR-кодты сканерлеңіз
ВКонтактеде: https://vk.com/beeline_kaz немесе QR-кодты сканерлеңіз
Twitter-де: https://twitter.com/_Beeline_kz немесе QR-кодты сканерлеңіз
Instagram-да: https://www.instagram.com/beeline_kz/ немесе QR-кодты сканерлеңіз
YouTube-та: https://www.youtube.com/user/BeelineKazakhstan
Telegram-да: https://t.me/BeelineDanaBot
WhatsApp-та: https://wa.me/77713330055
Сондай-ақ бізге келесі email-дерге жазуыңызға болады: infodesk@beeline.kz немесе feedback@beeline.kz («Үйдегі Интернет» қызметі мәселелері бойынша).
Біздің тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталығымызға қоңырау шалуыңызға болады. Кеңесшілеріміз Beeline байланысы мен «Үйдегі интернет» қызметіне қатысты кез келген мәселеңізге көмектесуге дайын.
Beeline мобильді байланысына қатысты сұрақтармен:
116 нөміріне қоңырау шалыңыз. Beeline мобильді нөмірінен қоңырау шалу тегін.
Егер бізге қалалық нөмірден қоңырау шалғыңыз келсе, төмендегі нөмірлерге қоңырау шалыңыз. Назар аударыңыз, қоңыраудың құны байланыс провайдеріңіздің тарифтеріне байланысты.
• Ақтөбе қаласы және облысы: +7 (7132) 921 200
• Алматы қаласы және облысы: +7 (727) 3 500 500, +7 (727) 3 500 600 (Алматы қаласының тұрғындарына)
• Астана және Ақмола облысы: +7 (7172) 738 738 (Астаны қаласының тұрғындарына); +7 (7162) 910 007 (Көкшетау қаласының тұрғындарына)
• Атырау қаласы және облысы: +7 (7122) 930 005
• Қарағанды қаласы және облысы: +7 (7212) 922 111 (Қарағанды қаласының тұрғындарына)
• Жезқазған және Ұлытау облысы: +7 (7102) 915 050 (Жезқазған қаласының тұрғындарына)
• Павлодар қаласы және облысы: +7 (7182) 770 010
• Петропавл қаласы және Солтүстік Қазақстан облысы: +7 (7152) 631 010
• Тараз және Жамбыл облысы: +7 (7262) 923 030
• Орал қаласы және Батыс Қазақстан облысы: +7 (7112) 960 096
• Өскемен қаласы және Шығыс Қазақстан облысы: +7 (7232) 492 000 (Өскемен қаласының тұрғындарына);
• Семей қаласы және Абай облысы: +7 (7222) 556 565
• Шымкент қаласы және Түркістан облысы: +7 (7252) 984 949
«Үйдегі интернет» қызметіне қатысты мәселелермен:
3131 нөміріне қоңырау шалыңыз. Қазақстандағы барлық мобильді нөмірден қоңырау шалу тегін. Егер бізге қалалық нөмірден қоңырау шалғыңыз келсе, төмендегі нөмірлерге қоңырау шалыңыз. Назар аударыңыз, қоңыраудың құны байланыс провайдеріңіздің тарифтеріне байланысты.
+7 (727) 35 000 35 — Алматының қалалық нөмірлерінен.
Біздің кеңселер мен салондарда Сізді қуана қарсы аламыз.
Сол жерлерде Beeline-ға ауысуыңызға немесе SIM-картаны ауыстыруыңызға, жаңа тариф қосып, шотты толтыруыңызға, жаңа смартфон сатып алуыңызға немесе Beeline байланысына қатысты барлық сұрақ бойынша кеңес алуыңызға болады.
Өзіңізге ыңғайлы мекенжайды таңдаңыз, кезек брондаңыз (брондамасаңыз да болады J) және келіңіз!
*100# - қызметтердің бірыңғай мәзірі
*166# - тарифтік жоспарды білу
*102# - теңгерім туралы ақпарат
*106# - тарифтік жоспарлардағы бонустардың қалдығын тексеру
*225# - хабарламалар тілін таңдау (сондай-ақ *100#
арқылы да хабарламалар тілін таңдай аласыз)
*122# - интернет-трафиктің теңгерімі туралы ақпарат
*160# - өз телефон нөміріңді білу
*166# - тарифтік жоспардың параметрлері туралы ақпарат
*179# - қосылған қызметтердің тізімін тексеру
*802# - соңғы он ақылы ұсталым туралы тегін шағын-есеп
*835# - нөмір кімге тіркелгенің білу
*145*телефон нөмірі*аударым сомасы#- қаражат аудару
*145*0# - 5 минут ішінде аударымды тоқтату
*145*0000# - аударымға тыйым салу
*145# - көмек
Толығырақ осы жерде.
Қажетті құжатты таңдап, жүктеп алыңыз немесе баспаға шығарыңыз:
«КаР-Тел» ЖШС абоненттердің өтініштері мен шағымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес қарастырады.
BeeTV – заманауи онлайн-телевизия. Қосыңыз да, кез келген ТВ-арнаны, фильмдер мен телехикаяларды кез келген құрылғыдан көріңіз.
Көруді бастау жолы
ЕгерBeeline абоненті болсаңыз
Егер смартфонды модема режимінде қолдансағыз, ТВ-арналарды көргенде ғана трафик шығындалмайды
Егер басқа ұялы байланыс операторының абоненті болсаңыз
Іздеу жолына «BeeTV» деп жазып, енгізу пернесін басыңыз
Немесе AndroidTV-ге арналған орнату файлын мына сілтемеден жүктеңіз.
Маңызды! Қосымшаны 2016 жылы шыққан және одан жаңа LG және Samsung Smart TV-лерге орнатуға болады. Одан бұрынғы үлгілерге қосымша орнатылмайды.
SmartTV-ге қосымшаны орнатудың толық нұсқаулығы:
ЕгерBeelineабоненті болсаңыз
Жазылым |
Күндік құны |
Айлық құны |
Сынау кезеңі |
Qazaqsha |
25 ₸/күніне |
690 ₸/айына |
7 күн |
Premier |
30 ₸/күніне |
690 ₸/айына |
7 күн |
TV100 |
55 ₸/күніне |
1290 ₸/айына |
15 күн |
ИВИ |
30 ₸/күніне |
690 ₸/айына |
15 күн |
START |
35 ₸/күніне |
1199 ₸/айына |
7 күн |
Amediateka |
30 ₸/күніне |
890 ₸/айына |
7 күн |
MEGOGO |
30 ₸/күніне |
690 ₸/айына |
15 күн |
Премиум спорт |
49 ₸/күніне |
1290 ₸/айына |
7 күн
|
More.TV |
35 ₸/күніне |
890 ₸/айына |
7 күн |
BeeTV+ |
25 ₸/күніне |
590 ₸/айына |
7 күн |
viju |
49 ₸/күніне |
1290 ₸/айына |
30 күн |
Басқа ұялы байланыс операторының абоненті болсаңыз
Жазылым |
Айлық құны |
Сынау кезеңі |
Qazaqsha |
699 ₸/айына |
7 күн |
Premier |
699 ₸/айына |
7 күн |
TV100 |
1290 ₸/айына |
7 күн |
ИВИ |
699 ₸/айына |
7 күн |
START |
1190 ₸/айына |
7 күн |
Amediateka |
899 ₸/айына |
7 күн |
MEGOGO |
699 ₸/айына |
7 күн |
More.TV |
899 ₸/айына |
7 күн |
BeeTV+ |
590 ₸/айына |
7 күн |
viju |
1490 ₸/айына |
30 күн |
Тегін! Жазылымды қосымшада ауыстыра аласыз: «Жеке кабинет» -> «Жазылымдар» бөлімі.
Beeline абоненті болсаңыз
Жазылым сол сәтте өшіп, Сізге SMS-хабарлама келеді.
Басқа ұялы байланыс операторының абоненті болсаңыз
Жазылымды қосымшалар дүкенінде өшіре аласыз.
Смартфоныңыз iOS жүйесінде болса:
Смартфоныңыз Android жүйесінде болса:
Сіз START және BeeTV Free жазылымдарының контентін смартфоныңызға сақтап, оларды интернет жоқ кезде де көре аласыз. 3 күнге дейін көруге болады.
Смартфоныңыз Android жүйесінде болса:
Смартфоныңыз iOS жүйесінде болса:
Көруге болатын барлық арнаның тізімі мына жерде.
Назар аударыңыз! Qazsport, Qazaqstan арналарын тек Beeline желісінде көруге болады.
Арналардың бағдарламасы мына жерде.
Смартфондар, планшеттер:
Smart TV және Android TV:
Дербес компьютерлер:
Браузерлер:
Теледидарыңыздың шыққан жылын үлгінің кодынан көре аласыз.
Оны мына жерден таба аласыз:
Теледидар үлгісінің коды — цифрлар мен латын әріптерінің құрамы, онда экранның типі, диагоналі, шыққан жылы және басқа ақпарат шифрланған.
Шыққан жылы латын әрпімен беріледі, ол диагональ (екі мәнді сан) мен серия (төрт цифр) цифрларының арасында тұрады. Кейде диагональ мен серияның арасында екі әріп тұрады, мұндай жағдайда олардың алдыңғысы жылды білідреді.
Samsung
D |
E |
F |
H |
J |
K |
M |
N |
R |
T |
AU или QN |
2011 |
2012 |
2013 |
2014 |
2015 |
2016 |
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
2021 |
Мысалы, теледидар коды: UE49KS7000UXRU. Диагональ — 49 дюйм, сериясы — 7000. Жылды K әрпі білдіреді, яғни теледидар 2016 жылы шыққан.
LG
L |
LW, LM, PA, PM, PS |
N, A |
B |
F |
H |
J |
K |
M |
N |
P |
Q |
2011 |
2012 |
2013 |
2014 |
2015 |
2016 |
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
2021 |
2022 |
Мысалы, теледидардың коды: LG 55UJ750V. Диагоналі — 55 дюйм, сериясы — 7. U әрпі теледидардың сұйықкристалды матрицамен екенін және ажыратымдылығы, UltraHD екенін білдіреді. Ал жылды J әрпі білдіреді, яғни теледидар 2017 жылы шыққан.
Контент сапалы көрсетілуі үшін Smart TV-де қосылу жылдамдығы 20 Мбит/с кем болмауын ұсынамыз.
Бір нөмірге кез келген бес құрылғыны: смартфон, планшет, компьютерден веб-сайт, Smart TV немесе Android TV-ді бірге қосуға болады.
Байланыс нөмірлерінен:
+7 (727) 3 500 500, +7 (727) 3 500 600 — Алматы қаласы мен облысының қалалық нөмірлерінен;
116 — мобильді құрылғыдан (Beeline клиенттеріне тегін).
E-mail арқылы: beetv@beeline.kz
13.12.2018 жылғы №18022428 лицензия негізінде әрекет ететін «КаР-Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ары қарай – Оператор), осы шарттарға сай Қызметтерді қолдануды қалайтын тұлғаларға (ары қарай – Абонент) телевизия хабарларын тарату қызметін ұсынады. Оператор мен Абонент осы шарттардың шеңберінде «Тараптар», ал жеке-жеке – «Тарап» деп аталады.
Телерадио хабарларын тарату қызметтерін ұсыну туралы осы жария шарт (ары қарай мәтін бойынша - Шарттар) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 27.12.1994 жылы шыққан 395-бабына сай, жеке тұлғаларға арналған жария шарт – оферта (ары қарай - Оферта) болып табылады. Абоненттің өтініш жіберу арқылы Қызметті қосуға қатысты әрекеттерді жасауы (соның ішінде Қызмет ақысын төлеуі және оны қолдануы) Абоненттің осы Шарттармен келісетінін (қабылдайтынын) білдіреді және Абоненттің осы Шарттармен толық, әрі даусыз келісуі (Офертаны құптауы) ретінде саналады.
- Абонент Оператордың Қызметтерін/Қондырғыларын Оператордың қызметіне жағымсыз әсер ететін түрде қолданса немесе Қызметтерді басқа абоненттер қолданса, соның ішінде заңсыз немесе заңға қайшы қызметтерге қолданса;
- Абонент Қызметтердің ақысын төлеу талаптарын бұзған жағдайда;
- Осы Шарттың талаптары бұзылған жағдайда.
4. START (START (СТАРТ) сервисі) сервисін пайдалану туралы Пайдаланушы келісімі «Старт.Ру» (НМТН 1177746679175, СТСН 7728374780) жауапкершілігі шектеулі қоғамымен Қызмет интерфейсі арқылы көрсетіледі: START сервисін пайдалану туралы Пайдаланушы келісімінің шарттары Интернет желісінде мына мекенжай бойынша орналастырылған https://start.ru/legal/terms_of_use. Әкімгер Тұғырнамасында START сервисін пайдалану аумағы Қазақстан Республикасы болып танылады. Пайдаланушы START сервисін осы Пайдаланушы келісімінің шарттарына қайшы келмейтін тәсілдермен пайдалануға міндеттенеді.
«КаР-Тел» ЖШС |
IBAN: KZ719650000072233368 |
БСН: 980341000286 |
Банк: Алматы қаласындағы «ForteBank» АҚ Филиалы |
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010010, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, Қадырғали Жалайыри көшесі, 2-үй. |
BeeTV қосымшасына орнатылатын файлдар (тінтуірдің оң жақ пернесімен сілтемені басып, "Қалай сақтау" бабын басыңыз):
Үйден шықпай-ақ Beeline клиенті болыңыз:
1. «Менің Beeline-ым (Қазақстан)» қосымшасын жүктеңіз
2. «Beeline абоненті болу» пернесін шертіңіз
3. «Beeline нөмірін сатып алуды» таңдаңыз
4. Нұсқаулыққа сай әрекет етіңіз
Өзіңіз үшін ең керемет нөмірді тауып, қолайлы тарифті таңдай аласыз, содан соң SIM-картаны, оның ішінде eSIM-ді алу жолын таңдайсыз.
Сондай-ақ нөмірді біздің кеңседен немесе дилерлерден алуға болады.
Оған қоса, бізде теңгерімінде с 5 000 ₸ және «Менің Beeline-ым» қосымшасын орнатуға арналған 500 МБ бар бастапқы жиынтық - Online SIM бар. Егер Online SIM алсаңыз:
1. SIM-картаны смартфонға салыңыз
2. «Менің Beeline-ым» қосымшасын жүктеңіз
3. Қосымшада «Кіру» пернесінің жанындағы QR-сканерді шертіңіз
4. Бастапқы жиынтықтың қорабындағы QR-кодты сканерлеңіз
5. Нөмірді, тарифті таңдап, SIM-картаны іске қосу үшін, нұсқаулық бойынша әрекет етіңіз
Сұрақтарыңыз бар ма немесе көмек керек пе? Бізге кез келген уақытта хабарласыңыз. Контактілеріміз мына жерде.
Нөміріңізді айырбастағыңыз келмей ме? Beeline-ға өз нөміріңізбен ауысыңыз!
MNP (Mobile Number Portability) технологиясымен Сіз операторды ауыстыра аласыз, нөміріңіз сақталады. Нөміріңіз ауысқаны туралы жақындарыңызға ескерту және әлеуметтік желілерде, банкингтерде және басқа қосымшаларда оны ауыстыру қажет болмайды.
Beeline клиенті болу оп-оңай:
1. «Менің Beeline-ым (Қазақстан)» қосымшасын жүктеңіз
2. «Beeline абоненті болу» пернесін шертіңіз
3. «Өз нөміріммен ауысуды» таңдаңыз
4. Тарифті және SIM-картаны алу жолын таңдау үшін, нұсқаулыққа сай әрекет етіңіз
Ауысу туралы толық ақпарат мына жерде.
Сондай-ақ, нөмірді көшіруге біздің кез келген кеңседе немесе дилер нүктесінде өтініш бере аласыз. Жеке куәлігіңізді немесе төлқұжатыңызды ала баруды ұмытпаңыз.
• Нөмірді Beeline-ға көшіру үшін не керек?
1. Нөмір Сіздің ЖСН-іңізге тіркелген болуы керек. Тіркеуді *835# (Tele2, Altel, Jusan Mobile) немесе *562# (Kcell, Activ) пәрменімен тексеріңіз. Егер тіркеудегі ЖСН Сіздікі болмаса, операторыңыздан деректерді жаңартуды сұраңыз.
2. Операторды соңғы ауыстырған сәттен бастап 60 күннен көп уақыт өтуі керек. Егер нөміріңізді бір оператордан екіншісіне жақында ауыстырсаңыз, біраз күн күтіңіз де, тағы бір рет өтініш беріңіз.
3. Қазіргі операторыңызға қарызыңыз болмауы керек. Егер қарызыңыз болса, оны қайтарыңыз.
• Қанша тұрады?
Нөмірді көшіру тегін, бірақ тариф жоспарына және SIM-картаға (таңдаған түріне қарай) төлеу керек болады.
• Көшіру туралы не білу керек?
1. Жауап берілмей қалған қоңыраулар туралы SMS біраз уақыт Сізге келмейді. Техникалық себептерге байланысты, «Хабардар бол» қызметін қолдана алмайсыз. Біз бұл мәселені шешіп жатырмыз.
2. Біраз уақыт 1414 нөмірінен және eGov-тан SMS келмейді. Егер Сізде сондай қиындық болса, өзіңізге ыңғайлы кез келген жолмен бізге хабарласыңыз. Немесе eGov-қа хабарласып нөміріңізді Мобильді азаматтар дерекқорында қайта тіркеуін өтініңіз.
Теңгерімді картадан толтыру шектеулері:
Қазақстан карталарымен төлеу |
|
Бір транзакцияның ең көп сомасы |
252 000 ₸ |
Бір тәулікте теңгерімді толтыруға болатын ең көп сома |
505 000 ₸ |
Соңғы 30 күнде теңгерімді толтыруға болатын ең көп сома |
1 200 000 ₸ |
Бір тәулікте бір картадан жасалатын транзакцияның ең көп сомасы |
505 000 ₸ |
Соңғы 30 күнде бір картадан жасалатын транзакцияның ең көп сомасы |
1 200 000 ₸ |
Шетел карталарымен төлеу |
|
3DS-сіз картамен төлеу |
|
3DS бар картамен тәулігіне теңгерімді толтыруға болатын ең көп сома |
252 500 ₸ |
3DS бар картамен соңғы 30 күнде теңгерімді толтыруға болатын ең көп сома |
505 000 ₸ |
Назар аударыңыз! Beeline теңгеріміне 4 000 000 ₸ артық сома салынбайды.
Шұғыл қоңырау шалу керек кезде теңгерімді толтыруға мүмкіндік жоқ па?
*141# пәрменімен «Сенім төлемін» алыңыз. Теңгеріміңізді 3 күнге 2000 теңгеге дейін толтырамыз. Комиссия 20%, ең кемі 20 теңге. Қызмет туралы толық ақпараты мына жерде.
Теңгерімді толтырғанда, ақшаны басқа нөмірге салып жібердіңіз бе? Уайымдамаңыз – бәрін түзейміз.
Қаражатты дұрыс нөмірге қайтару шарттары:
Егер барлық шарт сақталса, қаражатты келесі жолдармен қайтаруға болады:
Маңызды! Қаражатты қайтару үшін, төлем жасалған сәттен күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей Beeline call-орталығына немесе кеңсесіне хабарласуыңыз керек (мысалы, теңгерімді 25 шілдеде толтырсаңыз, 24 тамызға дейін хабарлассаңыз ғана қаражат қайтарылады). Ағымдағы айдың соңғы екі күні кірмейді, мұндай жағдайда ақша келесі айдың соңына дейін қайтарылады.
Beeline теңгерімін толтырдыңыз, бірақ қаражат түспеді ме? Келіңіз, мәселені бірге шешейік:
Beeline Қазақстанның мобильді байланыс пен интернетінің сапалы қызметтерін оператордың техникалық мүмкіндіктері мен ҚР-дың қолданыстағы заңнамасын ескере отырып пайдалануда барлық клиенттің құқығы бірдей. Осы құқықтарды қорғау үшін, Жария шарт шеңберінде, мобильді байланыс пен интернет қызметтеріне қосылуды қамтамасыз етудің шарттары төменде сипатталған «Әділ пайдалану саясатын» басшылыққа аламыз.
Әрбір базалық станцияның өткізу қабілеті тұрақты. Сондықтан, интернетке бір уақытта бірнеше клиент қосылса немесе кейбір клиент орташа статистикалық көрсеткіштен асатын трафик көлемін пайдаланса, желіге қосымша жүк түсіп, ол басқа қолданушылардағы мобильді интернет жылдамдығын азайтады.
Әділ пайдалану саясаты бойынша, жүктеме тым жоғары сәттерде жылдамдық барлық клиентте немесе интернет-трафикті шамадан тыс көп қолданатын кейбір клиентте азаюы мүмкін. Жылдамдықты азайту – желіге жүктемені тең бөлуге мүмкіндік береді.
Біздегі деректер бойынша, Beeline клиенттерінің 99%-ы интернет-трафикті оңтайлы пайдаланады және шексіз тарифтерді немесе қызметтерді көп қолдану салдарынан жылдамдықтың азаюы мәселесін көрмейді.
Егер Сізде интернет жылдамдығы төмендесе, демек Сіз, тұтынылған трафик көлемі шегіне жеткен 1% қолданушылар қатарына жатасыз. Уайымдамаңыз, интернет бұрынғыдай, әлі де тарифтелмейді және оны шексіз пайдалана аласыз. Бұл ретте, біз әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді ыңғайлы пайдалану, интернетке еркін кіру, видеоны стандартты сапада көру үшін 1,5 Мбит/с дейінгі жылдамдықты сақтауға тырысамыз. Желі шамадан тыс жүктелген жағдайдалардан басқа.
Әділ пайдалану саясаты шексіз трафик (соның ішінде видеоқызметтерге, әл.желілерге, мессенджерлерге және т.с.с.) беретін тариф жоспарларына, қызметтер мен акцияларға қолданылады.
Жылдамдық тарифтің немесе қызметтің келесі абоненттік төлемі алынып, топтамалар берілгенге дейін шектеледі.
Егер Сіз мобильді байланыс тариф жоспарын қолданып жүрсеңіз, тарифті мерзімінен бұрын қайта қосатын пәрменді пайдаланыңыз: *355#. Мобильді теңгеріміңізден ай сайынғы абоненттік төлем алынып, жылдамдық қалпына келеді (бұл ретте топтамалардың қалдығы жойылып, жаңа топтама беріледі).
Сіздің мобильді нөміріңіз «Үйдегі интернет» қызметінің тарифіне қосылған және онда акция «Шексіз 4G» акциясы бар ма? 1790 теңгеге қосымша 8 ГБ алу үшін, *912*8# пәрменін теріп, мобильді интернетті ең жоғары жылдамдықта пайдаланыңыз. Гигабайттар, қосылған сәттен бастап айдың соңына дейін қолжетімді болады.
Егер мобильді интернет-трафикті тым көп пайдаланбасаңыз, жылдамдықта еш айырмашылық байқамайсыз. Шамадан тыс тұтыну белгілері: мобильді интернет қызметтерін жеке мүддеден тыс қолдану, модем режимінде интернет-трафикті тым көп тарату, торренттерді/р2р хаттамаларын, ағымдағы аудио/видеоконтентті тым көп қолдану және басқалары.
Біз барлық клиентке, дауыстық қоңырауға бірдей қосылу мүмкіндігін ұсынамыз. Бірақ кейбір қолданушы желіге артық жүк түсіріп, басқа қолданушыларда дауыстық байланыс сапасын нашарлатуы мүмкін. Қосымша жүктеме дегеніміз – дауыстық трафикті орташа статистикалық тұтыну мөлшерінен айтарлықтай артық пайдалану (мобильді байланысты жеке мүддеден тыс қолдану, мысалы, колл-орталықтарын ұйымдастыру, конференц-байланыстарды тым көп қолдану, қоңырауларды күткізу және(немесе) қайта бағыттау және әділетсіз қолданудың басқа да белгілері). Әділ Пайдалану саясаты бойынша осы санаттағы қолданушыларда дауыстық қоңырау шалу шектелуі мүмкін.
Қаражаттың, минуттар мен гигабайттың шығынын нақты күні мен уақытына дейін «Менің Beeline-ым» қосымшасында тегін көріңіз.
Есепшот түрлері
Қолдану жолы
Білгеніңіз маңызды
«Менің Beeline-ымда» шот есебін тек электронды нұсқада алуға болады, жүктеу мүмкін емес.
Қаражаттың, минуттар мен гигабайттың шығынын нақты күні мен уақытына дейін Жеке кабинетте тегін көре аласыз.
Есепшот түрлері
Қолдану жолы
Білгеніңіз маңызды
Қаражаттың, минуттар мен гигабайттың шығынын тегін «Шот есебін SMS түрінде алу» қызметімен қадағалаңыз.
Қолдану жолы
Білгеніңіз маңызды
Интернет үшін алынған ақы есепте бір тәуліктікі жинақталып көрсетіледі.
Сіз шот есебін Beeline кеңселерінің бірінен тегін ала аласыз.
Қолдану жолы
Білгеніңіз маңызды!
Қазақстанда мобильді байланысы бар кез келген құрылғы міндетті түрде тіркелуі керек. Ол «Байланыс туралы» ҚР заңына сәйкес (36-2-бап) енгізілген. Жеке тұлғалардың құрылғылары ЖСН немесе төлқұжат нөміріне тіркеледі:
Мобильді телефондар, планшеттепр, модемдер, SIM-карталары бар сағаттар тіркелуі тиіс, М2М құрылғылар мен роумингтегі мобильді құрылғылар тіркелмейді.
Шұғыл жаңа SIM-карта керек пе? Телефон жоғалып қалды ма, SIM-картаға бірдеңе болды мв немесе жай ғана оны ауыстырғыңыз келе ме? Оп-оңай!
Егер смартфоныңыз eSIM технологиясын — телефонға кіріктірілген виртуалды SIM-картаны қолдаса —пластик карта керек емес.
«Менің Beeline-ым» қосымшасы арқылы eSIM орнатыңыз: «Менің нөмірім» → «Профиль» (нөміріңізді шертіңіз) → «SIM-картаны/eSIM ауыстыру» → «eSIM».
Android-қа арналға видеонұсқаулық
eSIM жоқ па? Уайымдамаңыз! Пластик SIM-картаны қас-қағым сәтте нөміріңізді сақтай отырып ауыстырыңыз:
SIM-картаны дербес ауыстыру:
SIM-картаны жеткізуге тапсырыс беру:
Оператордың қоңырауын күтіңіз.
Егер өтінішті 14:00-ге дейін берсеңіз, SIM-картаны сол күні әкеліп береді, егер 14:00-ден кейін тапсырыс берсеңіз — келесі күні әкеледі.
Қала ішінде жеткізу — 500 теңге.
Жоғалған, бүлінген немесе ақауы бар 4G SIM-картаны ауыстыру: 200 теңге.
• Ескі SIM-картаны 4G SIM-ге ауыстыру: тегін.
Назар аударыңыз:
• Нөмірі белсенді, қолданыстағы SIM-картуаны ғана ауыстыруға болады.
• Нөмір иесіне тіркелген болуы тиіс (тіркеуді тексеру: *835#). Жаңа Нөмірдің SIM-картаны алуға нөмірдің иесі өзі келуі керек және жеке куәлігі/төлқұжаты қолында болуы тиіс.
• Егер нөмір Сіздің атыңызға тіркелмесе, нөмірдің иесінен нотариус куәләндырған сенімхат қажет. Жеке куәлігіңізді/төлқұжатыңызды ала келуді ұмытпаңыз.
• Егер SIM-картаны өзіңіз ауыстырып жатсаңыз, оның қай өңірге тиесілі екенін тексеріңіз: 632 нөміріне қоңырау шалсаңыз, робот Сізге бәрін айтып береді. Жаңа 4G SIM-картаның қай өңірге тиесілі екені қорабында/тысында көрсетіледі, ол Сіздің нөміріңіздің шыққан өңірімен сәйкес келуі тиіс. Уайымдамаңыз: нөмірді Қазақстанның кез келген жерінде және роумингте де қолдана аласыз. Өңір SIM-картаны өзіңіз ауыстырғанда ғана маңызды.
Нөмір қандай жағдайда жойылады
Егер Сіз нөмірді 12 ай бойы қолданбасаңыз, ол жойылады. Қолданбау — демек қоңырау шалмау және қоңырау қабылдамау, SMS жібермеу және қабылдамау, интернетке шықпау. Бұл ереже Жария шарттың 9.6-тармағында бекітілген. Бұл ретте нөмірдің бұрынғы иесіне, жойылған сәтте теңгерімде болған соманы қайтаруға 3 жыл беріледі.
Өз нөміріңіді қайтару жолы
Кейбір жағдайда, бұрын жойылған нөмірді қалпына келтіре аласыз. Ол үшін, өзіңізге ыңғайлы жолмен бізге хабарласыңыз. Біздің кеңесшілер қалыпна келтіру мүмкіндігін тексереді. Егер жойылған нөмірді қалпына келтіруге мүмкіндік болса, нөмірдің иесі жеке куәлігін алып, біздің кез келген кеңсеге келуі керек. Қалпына келтіру құны 600 теңге + бастапқы жиынтықтың құны.
Маңызды! Егер жойылған нөмір бұрын Beeline-ға басқа оператордың желісінен ауыстырылса, қалпына келтіру мүмкіндігін тексеру үшін, нөмірдің бастапқы операторына хабарласу керек.
SIM-карта жоғалды ма немесе телефонды уақытша қолданбайсыз ба? Сіз нөмірді тегін бұғаттай аласыз.
Жоғалғанда және ұрланғанда:
Beeline-ның Клиенттерді қолдау орталығына қоңырау шалыңыз немесе кеңсеге жолығыңыз.
• Нөміріңіз 3 күнге бұғатталады.
• Сізге жоғалған нөмір тіркелген адамның жеке куәлігінің деректерін айту керек болады.
Өз қалауыңызбен бұғаттау:
Beeline кеңсесінде бұғаттауға болады.
• Қалаған уақытыңызға бұғаттай аласыз, бірақ бұғатталған сәттен бастап Сіздің атыңызда бір жыл ғана болады.
• Нөмірдің иесі жеке куәлігін немесе төлқұжатын алып келсе ғана нөмірді бұғаттауға болады.
Маңызды! SIM-картаны бұғаттан босатқан соң, нөмірде қосылған тариф пен қызметтердің абоненттік төлемі алынады.
Beeline кеңсесінде нөмірді басқа тұлғаға оп-оңай тіркеуге болады.
Не істеу керек:
Назар аударыңыз: егер Сіз «Сенім төлемін» алсаңыз, қызметті қосқаннан кейін төртінші күні ғана нөмірді қайта тіркеуге болады.
Тек екі тарап болса ғана нөмірді қайта тіркеуге болады және ол тегін.
Қызмет деректерді мұқият тексеруді талап етеді, сондықтан алдын ала 116 нөміріне қоңырау шалуға кеңес береміз (Beeline нөмірінен тегін).
Айтпақшы, егер Сізде бұрын басқа оператор болса да, қайта тіркеуге болады.
Жеке тұлғалар жеке куәлігімен келуі тиіс (немесе клиенттің нотариус куәләндырған сенімхаты болуы керек).
Егер тегіңізді өзгертсеңіз және тіркеу деректерін өзгерткіңіз келсе, тегіңізді ауыстрығаныңызды растайтын құжат ұсыну керек (неке куәлігі, ажырасқаны туралы куәлік және т.с.с.).
Нөмірдің кімге тіркелгенін *835# пәрменімен тексере аласыз
Егер нөмірдің иесімен таныс болсаңыз, Beeline кеңсесіне хабарласыңыз. Екі тараптың жеке куәлігі болса ғана бұл процедура жүзеге асады.
Егер ол адамды білмесеңіз, деректерді қайта тіркеу мүмкіндігін тексеру үшін 116 нөміріне қоңырау шалыңыз (Beeline нөмірінен тегін).
Сіздегі «Өзің жаса», «Жарқын» немесе «Шексіз» тарифінде орын көп. Қосымша нөмірлерді қосып, тарифіңізде бар болса, интернетті, SMS пен минуттарды бөлісіңіз!
Жақындарыңыздың байланыста болуына көмектесіңіз немесе гаджеттермен өміріңізді жеңілдетіңіз – бәріне бірақ төлеңіз!
Толық ақпарат келесі сілтемеде
- Жеке кабинетке кіріңіз, бірінші бетте өз тарифіңізді және барлық қосылған қызметтер мен жазылымдарыңызды бірден көресіз;
- «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасын орнатыңыз (Android және iOS-ке арналған), авторландырылыңыз да, «Қосылған қызметтер» бөліміне өтіңіз;
- Егер сізге тек қосылған қызметтер туралы ақпарат қажет болса, *179# пәрменін теріңіз. Ақпарат сізге SMS түрінде келеді.
Қызметтерді басқарудың бірнеше жолдары бар:
- алдын ала авторландырыла отырып, Жеке кабинеттегі «Қызметтер» бөлімінде басқаруға болады;
- Android және iOS негізіндегі телефондар мен планшеттерге арналған «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасы арқылы басқаруға болады;
- *100# нөмірін теру арқылы, қызметтерді басқарудың бірыңғай мәзірі арқылы;
- әр қызметті тікелей қосатын және өшіретін арнайы қысқа нөмірлер арқылы (олар біздің сайтымызда, әр қызметтің сипаттамасында көрсетілген);
- виртуалды кеңсеші – Дана арқылы, 116 тегін нөміріне қоңырау соғу арқылы (Beeline нөмірлеріне арналған).
Бір қоңырауға бір уақытта 6 адамға дейін қос. Конференц-байланыс бір қоңырауға тиісті адамдарды – әріптестерді, достарды немесе туыстарды қосу үшін жасалған. Конференц-байланыс қызметі үшін қоңырау соққан адам ғана өз тарифтік жоспарына сай төлейді, конференц-байланысқа қосылған басқа жандарға конференц-байланыс қызметі тегін.
Конференцияны қалай жасауға болады?
Конференц-байланысқа адамдарды кім қоса алады?
Ескерту: телефон үлгісіне қарай, нұсқаулық басқаша болуы мүмкін.
Қысқа мәтіндік хабарламалар келесі мүмкіндіктерді береді:
- сөйлесу ыңғайсыз кезде, ақпаратты жіберу және алу мүмкіндігін;
Бірден бірнеше адресатқа ақпарат жіберу мүмкіндігін;
Теңгерім шығындарын үнемдеу мүмкіндігін.
SMS жолдау үшін:
- телефоныңызда «Хабарлама» мәзіріне кіріп, «Жаңа хабарлама жазу» бабын таңдаңыз.
- хабарламаның мәтінін енгізіңіз. Егер телефоныңыз Т9 жүйесін (мәтінді жылдам енгізу жүйесін) қолдаса, хабарламаның мәтінін екі есе жылдам тере аласыз.
- «Кімге» жолына алушының нөмірін енгізіңіз немесе «Контактілер тізімінен» адресатты таңдап, «Жіберу» пернесін басыңыз.
Егер, хабарлама мәтіні кириллица әріптерімен 70 мәннен немесе латын әріпімен 160 мәннен асса, хабарлама бөлшектенеді де, әр бөлшек жеке-жеке тарифтеледі.
Нөміріңізде SMS қызметі қосылған, телефоныңызда қосымша баптаулар жасау қажет емес. Сіз SMS арқылы сөйлесуді дәл қазір бастай аласыз!
Хабарламалар орталығының нөмірі: +77059077000.
Оны баптау жолы келесідей:
- Мәзірдің «Хабарламалар» бөліміне кіріңіз;
- «Баптаулар» бөлімін таңдап, «SMS-орталықтың нөмірі» бабын іздеп табыңыз;
- ол жерге +77059077000 нөмірін жазып, «Сақтау» пернесін басыңыз;
- телефонды өшіріп, қайта қосыңыз да, SMS жолдап көріңіз.
- iPhone-да SMS-орталықтың нөмірін **5005*7672*+77059077000# пәрмені арқылы баптауға болады
- орнатудың дұрыстығын *#5005*7672# пәрмені арқылы тексере аласыз.
Сіз SMS хабарламаны «Beeline» желісінің, қазақстандық басқа операторлардың (Kcell, Activ, Tele2 және т.б.) абоненттерінің мобильді телефондарына және шет елдік операторлардың телефондарына жібере аласыз.
Алушының нөмірін халықаралық үлгіде теріңіз: + елдің коды, желіге қосылу коды, абонент телефонының нөмірі.
Мысалы, «Beeline» абонентіне SMS жолдасаңыз, нөмірді былай теріңіз: +7777ХХХХХХХ.
Маңызды! Егер адресаттың нөмірін қате көрсетсеңіз, SMS жеткізілмейді, төлем SMS-хабарламаны жіберу фактісі бойынша ұсталатындықтан, оны жолдауға кеткен қаражат қайтарылмайды.
Бір SMS-хабарламаның ең ұзақ көлемі: 70 мән — кириллица әріпімен, 160 мән — латын әріпімен. Егер SMS-хабарламаңыз көрсетілген көлемнен асып кетсе, онда ол жолдау кезінде бірнеше бөлшекке бөлінеді, мұндай жағдайда, бір бөлшектің көлемі сәйкесінше 70 немесе 160 мәнді құрайды. Әр бөлшек жеке SMS-хабарлама ретінде тарифтеледі.
Сізге керек елде роумингте SMS қабылдау/жіберу мүмкіндігін, сондай-ақ SMS-хабарламаларды жолдау тарифтерін Роуминг бөлімінен анықтай аласыз.
SMS жіберу кезінде нөмірді жасыру мүмкін емес. SMS жіберу кезінде, ұялы телефонның нөмірі әрқашан көрініп тұрады.
Жіберілген SMS SMS-орталыққа келіп түседі. SMS-орталықтың жадысында жіберілген SMS-ті ең ұзақ сақтау мерзімі – 3 тәулік. Егер, осы уақыт аралығында SMS-орталық қандай да бір себеппен Сіздің SMS-хабарламаңызды жеткізбесе, ол жіберілетін хабарламалардың қатарынан алынып тасталады да, SMS-орталықтың жадысынан өшіріледі.
SMS бірнеше себептермен жеткізілмеуі мүмкін:
- Алушының аппараты сөндірулі немесе желі әрекет ететін аймақтан тыс жерде болса.
- Адресаттың ұялы телефон нөмірі бұғаттаулы болса.
- Адресат телефонының жадысы толық болса. Мұндай жағдайда, келген және жіберілген ескі хабарламаларды өшіру керек.
- Адресаттың ұялы телефон нөмірі қате көрсетілсе – нөмірді халықаралық үлгіде теру керек (+ елдің коды, желіге қосылу коды, абоненттің телефон нөмірі).
- Адресаттың аппараты бұзылған болса – SIM-картаны басқа аппаратқа салыңыз да, өз нөміріңізге мәтіндік SMS жіберіп көріңіз.
- Жіберуші мен адресаттың операторлары арасында SMS-алмасу мүмкіндігі болмаған жағдайда (басқа ұялы байланыс желісі абонентінің нөміріне SMS жіберу кезінде орын алуы мүмкін).
Адресаттың SMS-хабарламаңызды алғанын білу үшін, «Жеткізілгені туралы есеп» амал-шартын қосу керек (егер Сіздің аппаратыңыз мұндай амал-шартты қолдаса).
Ол үшін:
Бірқатар телефон үлгілерінде, SMS мәтінін жазбас бұрын леп белгісін қойса, жеткізілгені туралы есеп келеді.
2. Адресаттың нөмірін дұрыс тергеніңізді тексеріңіз.
Алушының нөмірін халықаралық үлгіде теру керек: + елдің коды, желіге қосылу коды, абоненттің телефон нөмірі
Мысалы, «Beeline» абонентіне SMS жолдай отырып, нөмірді келесі үлгіде теріңіз: +7777ХХХХХХХ.
3. Телефон баптауларынан хабарламаның типін тексеріңіз: «Стандарт», «Мәтін» немесе «SMS».
4. Телефон баптауларынан SMS-хабарламаны жіберу арнасын тексеріңіз: GSM.
«Хабарлама» мәзіріне кіріңіз, «Баптаулар» бабын таңдап, «SMS-орталық нөмірі» бабын таңдаңыз, Ол жерге +770590770004 нөмірін жазып, «Сақтау» пернесін басыңыз, Телефонды өшіріп, қайта қосыңыз да, SMS-ті тағы бір рет жолдап көріңіз.
Өкінішке қарай, жойылған хабарламаны қалпына келтіру мүмкін емес, себебі телефоныңызға жеткізілген хабарлама бірден SMS-орталықтың жадысынан өшіріледі.
«КаР-Тел» ЖШС көптеген ойын-сауық және ақпараттық қызметтерді ұсынады.
Оларды ұсыну үшін төрт мәнді қысқа нөмірлер қолданылады.
Қызметтер бір жолдық негізде (бір реттік төлем), сондай-ақ жазылу негізінде (мерзімдік төлем) көрсетіледі.
Мысалы, сіз жұлдыз жорамалға тапсырыс берсеңіз, сізден телефон нөміріңізді енгізуді сұрайды және осыдан кейін, телефоныңызға растауды өтінген SMS келеді.
Растамас бұрын:
Мобильді жазылымды өшіру үшін, SMS келген қысқа нөмірге Стоп (немесе стоп, stop және т.с.с.) сөздерді жіберу керек.
Есепшотқа тапсырыс беріп, қаражат шығындарын тексеріңіз.
Қысқа нөмірге «?» мәтіні жазылған тегін SMS жолдаңыз (сұрақ белгісі тырнақшаға алынбайды). «?» белгісін жіберу тегін. Басқа мәндерді, таңбаларды жіберу кезінде ақша ұсталуы мүмкін.
Өз ұялы телефоныңызға маңызды қоңырау қабылдай алмайсыз, бірақ қоңырауды жіберіп алғыңыз келмей ме? "Қоңырауды қайта бағыттауды" баптаңыз.
Бұл қызмет келген қоңырауларды Beeline басқа нөмірлерге, немесе басқа операторлардың нөмірлерге, немесе қалалық телефон нөмірлеріне аударуға мүмкіндік береді. Қызмет роумингте қолжетімді.
Қоңырауды қайта бағыттау тәртіптерін орнату:
Барлық қоңырауларды бағыттау: **21*қаланың коды/телефон нөмірі#, мысалы **21*+7727ххххххх#. Өшіру ##21#
Телефон бос болмаған кездегі қоңырауларды бағыттау: **67*қаланың коды/телефон нөмірі#, мысалы **67*+7776ххххххх#. Өшіру - ##67#
Телефон сөндірулі болған кездегі қоңырауларды бағыттау: **62*қаланың коды/телефон нөмірі#, мысалы **62*+7776ххххххх#. Өшіру - ##62#
Сіз қоңырауға жауап бермеген кездегі қоңырауларды бағыттау: **61*қаланың коды / телефон нөмірі*таңдалған уақыт аралығы#, мысалы **61*+7776ххххххх*10#. Өшіру - ##61#
Жауап бере алмай қалған кездегі қоңыраулар туралы SMS алу үшін, +7 705 9077000 нөмірін көрсетіңіз.
Қоңырауды қайта бағыттау тәртібінің дұрыстығын тексеру үшін, мына құрамдастырымды енгізіңіз: *#қайта бағыттау коды#
Барлық қайта бағыттауды өшіру үшін ##002# пәрменін теріңіз.
Қызмет Beeline-ға басқа операторлардан тасымалданған нөмірлерде қолжетімсіз.
Роуминг — нөміріңізді және байланыс қызметтерін Қазақстаннан тыс жерде қолдану мүмкіндігі. Яғни шетелде Сізге басқа ұялы байланыс операторының жаңа нөмірін сатып алу керек болмайды.
Ештеңе істеудің қажеті жоқ. Байланысты қолдануды бастасаңыз болды, роуминг өздігінен қосылады.
Егер роуминг өздігінен қосылмаса, тегін *120*600# пәрменін теріңіз.
Құрылғыңыз тиісті желіні өзі таңдайды да, Сізге сәлемдесу хабарламасы келеді.
1. Телефон баптауларына кіріңіз
2. «Қосылу» (Android) / «Ұялы байланыс» (iOS) мәзіріне өтіңіз
3. «Мобильді желілерді» ашыңыз
4. Желілерді таңдау бөлімін табыңыз
5. Желіні автоматты түрде іздеуді қосыңыз немесе желіні қолдан таңдаңыз
Келесілерді орындап көріңіз:
Егер ол да көмектеспесе, кез келген қолжетімді жолмен бізге хабарласыңыз немесе мына сілтеме арқылы электронды құжатты толтырып, өтініш қалдырыңыз. Біз Сізге міндетті түрде көмектесеміз.
Роумингтегі тарифтер жән қызметтердің (мин, ГБ, SMS) құны Қазақстан аумағындағы тарифтерден бөлек. Әдепкі тариф жоспарыңыз роумингте істемейді.
Барған еліңізге қарай, роумингтегі әдепкі тариф:
Қоңырау шалу: барған еліңіздің, Қазақстанның кіріс/шығыс қоңыраулары |
20 мин — 990 ₸/күніне немесе 1050 ₸/мин |
Қоңырау шалу: басқа бағытқа |
1050 ₸/мин |
Интернет |
Безлимит — 990 ₸/күніне немесе 4200 ₸/Мб |
SMS: жіберу |
69 ₸/SMS |
SMS: қабылдау |
0 ₸/SMS |
Назар аударыңыз! Роумингте келген қоңыраулар да тарифтеледі.
Сапарға шығар алдында теңгерімді кемінде 10000 теңгеге толтыруды ұсынамыз.
Сіз баратын еліңізді таңдап, роумингтің қолайлы тарифін мына бетте таңдай аласыз.
Сізде роумингтегі деректер рұқсат етілгеніне көз жеткізіңіз: Баптаулар → «Мобильді деректер» → «Роумингтегі деректер». Содан соң мобильді интернетті қосыңыз.
Егер осыдан соң да интернет істеемй тұрса, смартфонда APN баптауларын тексеріңіз.
Біздің үйрену роликтерімізді көріңіз немесе төмендегі нұсқаулықты пайдаланыңыз (баптаулар мәзірі әртүрлі телефонда әртүрлі болады):
eSIM орнатылған Android құрылғысына арналған видеонұсқа
Қарапайым SIM орнатылған Android құрылғысына арналған видеонұсқа
1. Смартфон баптауларын ашыңыз.
2. Егер смартфоныңыз екі SIM-картаны немесе eSIM технологиясын қолдаса, SIM-карталар диспетчерінде интернетке шығу үшін Beeline-ды таңдаңыз. Басқа жағдайда бұл бапты өткізіп жіберіңіз.
3. «Қосылу» мәзіріне өтіңіз.
4. «Мобильді желілерді» ашып, «Қосылу нүктесі» / «APN» бабын басыңыз.
5. «+» немесе «Қосылу нүктесін қосуды» таңдаңыз.
6. Келесі параметрлерді жазыңыз:
Қосылу нүктесінің аты: Beeline Internet
Қосылу нүктесі (APN): internet.beeline.kz.
Басқа деректерді толтырудың қажеті жоқ.
7. Ашылған қосылу нүктесін сақтап, оны өздігінен таңдалатын етіп белгілеңіз.
8. «Мобильді желілер» мәзіріне қайтып, автоматты режимді таңдаңыз (LTE/WCDMA/GSM)
9. Смартфонды қайта жүктеңіз.
Біздің үйрену роликтерімізді көріңіз немесе төмендегі нұсқаулықты пайдаланыңыз (баптаулар мәзірі әртүрлі телефонда әртүрлі болады):
eSIM орнатылған iOS құрылғысына арналған видеонұсқа
Қарапайым SIM орнатылған iOS құрылғысына арналған видеонұсқа
1. Смартфон баптауларын ашыңыз.
2. «Ұялы байланыс» бөліміне өтіңіз.
3. Егер смартфоныңыз eSIM технологиясын қолдаса, «Ұялы байланыс тарифтеріне» өтіп, Beeline-ды таңдаңыз. Басқа жағдайда бұл бапқа мән бермеңіз.
4. «Мәліметтерді жолдаудың ұялы байланыс желісін» ашыңыз.
5. «Ұялы байланыс деректері» бөлімінде тек APN бабын толтырыңыз: internet.beeline.kz
6. Алдыңғы мәзірге қайтып, «Деректер параметрлерін», содан соң «Дауыс және деректерді» ашыңыз.
7. 4G желісін таңдаңыз.
8. Смартфонды қайта жүктеңіз.
Келесілерді орындап көріңіз:
Егер ол да көмектеспесе, Ресесйде болсаңыз 0611 нөмірі арқылы, басқа кез келген елден +7 (727) 3 500 500 нөмірі арқылы бізге хабарласыңыз. Роумингте қоңырау шалу тегін. Сондай-ақ мына сілтеме арқылы электронды құжатты толтырып, өтініш қалдырыңыз. Біз Сізге міндетті түрде көмектесеміз.
Шетелден қоңырау шалғанда немесе SMS жібергенде, нөмірді 8 санының орнына +7 санын теріңіз. Мысалы: 8 (777) 123 45 67 нөмірін +7 (777) 123 45 67 нысанда теріңіз.
Қоңырау шалмас бұрын, контактілеріңізде сақталған нөмірлерді өзгертуді ұмытпаңыз.
Келесілерді орындап көріңіз:
Егер ол да көмектеспесе, Ресесйде болсаңыз 0611 нөмірі арқылы, басқа кез келген елден +7 (727) 3 500 500 нөмірі арқылы бізге хабарласыңыз. Роумингте қоңырау шалу тегін. Сондай-ақ мына сілтеме арқылы электронды құжатты толтырып, өтініш қалдырыңыз. Біз Сізге міндетті түрде көмектесеміз.
Теңгерімді толтырудың бірнеше жолы бар:
«Менің Beeline-ым» қосымшасын жүктеңіз, авторизациядан өтіңіз де, нөміріңізге қатысты барлық ақпараттан хабардар болыңыз. Қосымшаны роумингте қолданғанда трафик шығындалмайды.
Маңызды! Қосымшаны жүктеу трафигі роумингтегідей тарифтеледі. Қазақстанда жүргенде, қосымшаны орнатып алуға немесе Wi-Fi желісін пайдалануға кеңес береміз. Сіз болжанбаған қомақты шығындардың алдын аласыз.
Егер Сіз Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей немесе Қытай шекарасына жақын тұрсаңыз, смартфоныңыз көрші елдің желісіне өздігінен қосылуы мүмкін.
Ол күтпеген шығындарға алып келуі, қоңырау шалу, SMS және интернетке қосылу роумингтегідей тарифтелуі мүмкін.
Ондай шығындардың алдын алу үшін, келесі жолдардың бірімен роумингті өшіріп қойыңыз:
Бұғат алынғанға дейін роумингті қолдана алмайсыз, бірақ Сізге роуминг туралы SMS-хабарландыру келіп тұрады. Келешекте шетелге шықсаңыз, *120*600# пәрменімен бұғатты оп-оңай алып тастайсыз.
Нөміріңізде роуминг толық өшіріледі. Егер келешекте шетелге шыққанда, роумингіңіз өшіп тұрса, Қазақстанға келмей бұғатты шеше алмайсыз.
Теңгерімді банктік картаңыздан Менің Beeline-ым қосымшасы арқылы комиссиясыз толтыруға болады.
Сондай-ақ терминалдар, интернет-банкинг арқылы толтыра аласыз.
Топтаманың қалдығын тексеру үшін, қосымшаның басты бетіне өтіп, қажет топтамаңызды таңдаңыз: ИНТЕРНЕТ, ҚОҢЫРАУ ЖӘНЕ ХАБАРЛАМА.
Автотөлем қызметі Менің Beeline-ым қосымшасында нөмірге алдын ала тіркелген банк картасынан телефон теңгерімін автоматты режимді толтыруға мүмкіндік береді. Оның әрекет ету қағидасы қарапайым – егер шоттағы сома белгіленген шектеуден төмендесе (100 теңгеден), опция тіркелген картадан сіз тағайындаған соманы теңгерімге аударады.
Автотөлемді баптау үшін, Менің Beeline-ым қосымшасында теңгерімді банк картасынан толтырыңыз, «Автотөлемді баптауды» басыңыз, соманы көрсетіп, оны растаңыз. Автотөлемді өшіру үшін, Дербес баптаулар бөліміне кіріңіз.
Теңгерімді толтыру бөлімінде жаңа картамен төлеу үшін:
- Beeline ұялы нөмірін немесе Үйдегі Интернет логинын енгізу керек
- сомасын көрсетіп, «Толтыру» түймесін басу қажет.
- картадағы банктік деректерді енгізу (16 сан, жарамдылық мерзімі, айы және жылы және артқы жағында үш таңбалы код)
- 3D Secure кодын немесе картаны шығарған банктен растаудың басқа әдісін енгізу қажет болуы мүмкін
- банктен растау алғаннан кейін төлем теңгерімге аударылады.
Қазақстан Республикасының банктік карталары сәтті төлем жасалғаннан кейін автоматты түрде абоненттік нөмірге байланыстырылады.
Байланыстырылған картадан кейінгі төлем үшін:
- картаны таңдау керек
- Beeline ұялы нөмірін немесе Үйдегі Интернет логинын енгізу керек
- сомасын көрсетіп, «Толтыру» түймесін басу қажет.
- банктен растау алғаннан кейін төлем теңгерімге аударылады.
Бекітілген карточканы абоненттік нөмірден кез келген уақытта «Банк карталары» бөлімінде өшіріп тастауға болады.
Visa және Master Card дебеттік және несиелік карталары қабылданады. Барлық төлемдер SSL деректерді шифрлау арқылы қорғалған және PCI DSS халықаралық стандартымен сертификатталған.
1. «Менің Beeline-ым» қосымшасының басты бетінде телефон нөмірін, содан кейін толық аты-жөнін басу керек;
2. Ашылған терезеде «Сәйкестікті растау» түймесін басыңыз.
3. Әрі қарай, SMS-код арқылы тексеруден өтіңіз;
4. «Қабылдау» түймесін басыңыз;
5. Құжатты сканерлеу (жеке куәлік болса, екі жағынан да);
6. Селфи түсіру:
Нөмірді тіркеу құжат деректеріне сәйкес келмесе, қолданба сканерленген деректерді тексеруді және оны растауды ұсынады.
Егер деректер қателермен сканерленсе, «Қайта сканерлеу» түймесін басып, құжатты қайтадан сканерлеу керек.
Деректер дұрыс сканерленген болса, «Деректерді растау» түймесін басу керек.
Деректерді растағаннан кейін нөмір қайта тіркеледі.
Операция нәтижесін «Жеке параметрлер» бөлімінде тексеруге болады.
"Дербес баптаулар -> менің нөмірлерім" бөлімінде жақындарыңыздың нөмірін қосуға немесе өзіңізге қажет нөмірге қосылуға болады.
Егер нөмірді бұрын қосқан болсаңыз, қосымшаның жаңа нұсқасында олар өздігінен қол жетімді болады.
Нөмірдің оң жағындағы үш нүктені басу арқылы нөмірдің атын қоса аласыз және/немесе өзгерте аласыз.
Қалаған нөміріңізді көрсете отырып, келесі пәрменді теріңіз: *776*қалаған нөміріңіз# (мысалы: *776*705777*******#). Содан соң, ары қарай істелетін әрекеттің нұсқауы мен нөмірді ауыстыру құны көрсетілген SMS хабарламаны күтіңіз.
Тариф жоспарын өшіру мүмкін емес, тек басқасын қосуға болады. Менің Beeline-ым қосымшасында және www.beeline.kz сайтында тарифті таңдай аласыз.
Егер теңгерімдегі қаражат төлемді ұстауға жететін болса, абоненттік төлем Нұр-Сұлтан уақытымен 00:00-03-00 аралығында ұсталады.
Тариф төлемінің келесі ұсталатын мерзімін басты бетте, тарифіңіздің атауының астынан көре аласыз.
Нөміріңізде қандай қызметтер қосылып тұрғанын көру үшін, Менің Beeline-ым қосымшасының «Қызметтер» бөліміне кіріңіз.
Қызметті қосу немесе өшіру үшін, Менің Beeline-ым қосымшасының «Қызметтер» бөліміне кіріңіз.
Барлық мәліметтерді оқып, алмасу жайында ақпаратты сіз мұнда ала аласыз
«Биометрия» — алаяқтықтан қорғанудың заманауи және аса сенімді жолы. Барлық биометрикалық дерегіңіз көпдеңгейлі тексеруден өтеді, грим немесе фотосурет арқылы жүйенің бағдаржолын алдау мүмкін емес. Сол себепті, қызмет қосылып тұрған жағдайда, алаяқтар теңгерімнен ақша алу үшін немесе қаржы операцияларына қол жеткізу үшін SIM-картаңызды қолдана алмайды.
Оған қоса, «Биометрия» Beeline кеңселерінде қызметті жеке куәліксіз немесе төлқұжатсыз алуға ыңғайлы мүмкіндік береді. Біздің оператор Сізді планшеттегі видеокамера арқылы сәйкестендіріп, Сізге қажет қызметті ұсынады.
Бәріміз әртүрліміз әрі бірегейміз. Биометрия технологиясы адамдарды өзіне тән физикалық ерекшеліктеріне қарай анықтауға көмектеседі. Ақылды «Биометрия» функциясының арқасында, бағдарламаларымыз мобильді нөмірде операциялар жасауыңызға мүмкіндік беру үшін Сізді тани алады.
Тегін, әрі оңай.
«Менің Beeline-ым» қосымшасында:
1. «Дербес баптаулар» парағында нөміріңізді шертіп, «Тұлғаны растау» пернесін басыңыз.
2. Камераны жеке куәлігіңізге немесе төлқұжатыңызға бағыттаңыз.
3. Селфи жасаңыз. Өзіңіз түсіп тұрғаныңызды түсінуіміз үшін, көзіңізді жыпылықтатуыңыз керек болады.
4. Деректеріңізді тексеріп, «Растау» пернесін басыңыз!
Назар аударыңыз! Биометрикалық деректеріңізді сақтауға берген келісіміңізді тек біздің кеңселерде қайтып ала аласыз.
Интернетті баптамас бұрын, теңгерімде қаражат және тариф ГБ-сы бар екеніне көз жеткізіңіз.
Android жүйесіндегі телефоныңызда интернетті еш қиындықсыз баптау үшін, біздің роликті көріңіз.
Немесе төмендегі нұсқаулықты пайдаланыңыз (баптаулар мәзірі әртүрлі телефонда әртүрлі):
Смартфон баптауларын ашыңыз:
Қосылу нүктесінің аты: Beeline Internet
Қосылу нүктесі (APN): internet.beeline.kz.
Басқа деректерді толтырудың қажеті жоқ.
Дайын! Смартфонды қайта жүктеу ғана қалды, содан соң Beeline-ның шапшаң интернетінен ләззат алыңыз.
Егер осыдан соң интернет істемесе, өзіңізге ыңғайлы кез келген жолмен бізге хаьарласыңыз. Біздің кеңесшілер Сізге міндетті түрде көмектеседі.
Интернетті баптамас бұрын, теңгерімде қаражат және тариф ГБ-сы бар екеніне көз жеткізіңіз.
iOS жүйесіндегі телефоныңызда интернетті еш қиындықсыз баптау үшін, біздің роликті көріңіз.
Немесе төмендегі нұсқаулықты пайдаланыңыз:
Дайын! Смартфонды қайта жүктеу ғана қалды, содан соң Beeline-ның шапшаң интернетінен ләззат алыңыз.
Егер осыдан соң интернет істемесе, өзіңізге ыңғайлы кез келген жолмен бізге хаьарласыңыз. Біздің кеңесшілер Сізге міндетті түрде көмектеседі.
Мобильді интернеттің жылдамдығына әсер ететін негізгі факторлар:
Желінің жүктемесі. Кейде қарбалас сағатта мобильді интернеттің жылдамдығы азаюы мүмкін. Яғни бір базалық станцияға көп смартфон бір уақытта қосылған сағаттарда.
Тұрған жері, құрылыс, метеожағдай. Ауа райы қолайсыз болса немесе таулы жерде жүрсеңіз немесе металлы көп құрылыстың қасында тұрсаңыз, жылдамдық азаюы мүмкін.
Смартфоныңыздың стпаттамасы. Бір жерде тұрған әртүрлі телефонда мобильді интернет жылдамдығы әртүрлі болуы мүмкін. Оған операциялық жүйе, смартфонның процессоры мен модемі, 3G/4G/5G желісін қолдауы әсер етуі мүмкін. Құрылғыңыздың сипаттамасын өндірушіден кез келген уақытта біле аласыз.
Әділ пайдалану саясаты. Шексіз интернеттің кейбір қолданушысында, тарифте қарастырылған шапшаң трафик шегіне жеткенде, қосылу жылдамдығы азаюы мүмкін. Ол жүктемені желіге тең бөліп, Beeline-ның барлық абонентіне сапалы интернетке қосылу мүмкіндігін ұсыну үшін қажет.
Егер Сізде интернет жылдамдығы жиі төмендей берсе және ол тұрған жеріңізге, ауа райы мен тәулік уақытына байланысты болмаса, құрылғыңызды қайта жүктеп көріңіз. Егер ол да көмектесепесе, өзіңізге ыңғайлы жолмен бізге хабарласыңыз. Біздің кеңесшілер Сізге міндетті түрде көмектеседі.
Дана — біздің виртуалды кеңесші. Дана — робот. Ақылды робот, ол біздің қызметтер туралы бәрін біледі. Beeline байланысына қатысты мәселелеріңізді шешуге көмектеседі. 24/7 режимінде хабарласыңыз, біздің Дана мүлде шаршамайды. Оның сайтымыздың оң жақ төменгі бұрышынан таба аласыз.
Әлеуметтік желілердегі парақтарымызда Сіздерге қуана көмектесеміз. Тәуліктің кез келген уақытында жазуыңызға болады!
МАҢЫЗДЫ! Beeline компаниясының төменде көрсетілген парақтары ғана бар. Интернетте осыларға өте ұқсас аккаунттар кездесуі мүмкін, бірақ олардың Beeline компаниясына ЕШҚАНДАЙ ҚАТЫСЫ ЖОҚ. Компанияның ресми көздеріне ғана сеніңіз. Олар төменде көрсетілген.
FaceBook-те: https://www.facebook.com/Beeline.Kazakhstan