Үйдегі мобильді интернет — дағдылы оптоталшықты үйдегі интернетті тартуға мүмкіндік жоқ аудандарда тұратындар үшін тамаша шешім.

Өзіңізді сымдармен шектемеңіз!

Сатып алыңыз

Beeline shop-тан LTE Wi-Fi роутерін

Алыңыз

Шексіз интернеті бартариф жиынтықпен бірге
Бірінші ай 0 ₸!

Пайдаланыңыз

«Отбасы ортасы» қызметімен интернетті жақындарыңызбен бөлісіңіз
BeeTV Free жазылымында кино мен ТВ-ны қосымша төлемсіз көріңіз

«Менің Beeline-ым» қосымшасында роутерді қалай басқаруға болады?

«Менің Beeline-ым (Қазақстан)» қосымшасын жүктеңіз .

4G роутер SIM-картасының нөмірін тіркеңіз.

Ақпарат болады.

Байланысу үшін, байланыс нөміріңізді көрсетіңіз.

Ол кез келген оператордың нөмірі болуы мүмкін.

Дайын!

Тариф туралы өзекті ақпарат қолыңызда.

Басты бетте «Роутердегі SIM-карта» бабын таңдаңыз

Дайын!

Тариф туралы толық ақпарат экранда.

«Мүмкін сұрақтарыңыз бар шығар — жауабын беріп қойдық 😊

LTE Wi-Fi роутер деген не?

Beeline-нан LTE Wi-Fi роутері бір SIM-карта көмегімен бірден бірнеше пайдаланушылардың әр түрлі құрылғылардан: телефондардан, смартфондардан, планшеттерден және ноутбуктерден шексіз интернетке (Wi-Fi) қосуға мүмкіндік береді.

LTE Wi-Fi роутерді қалай тіркеу керек?

Егер жаңа роутер сатып алсаңыз, SIM-картаны тіркеген соң, ол автоматты түрде тіркеледі. Ол үшін Сізге атыңызға тіркелген SIM-картаны роутерге салу жеткілікті.

Егер 5 минутта тіркелмесе немесе бұрын қолданылған роутерді пайдаланып отырсаңыз:

1-әдіс

«Мой Beeline» қолданбасын ашып, «4G роутердегі тіркеу нөмірі» тармағын таңдап, SIM-картасының мәліметтерін енгізіңіз, идентификациядан өтіп, байланыс нөмірін енгізіңіз.

2-әдіс

LTE Wi-FI роутердің интерфейсінде USSD-тақта арқылы *691# пәрменін теріп, ЖСН-іңізді жазыңыз да, LTE Wi-FI роутерді тіркеу өтінімін жіберіңіз.

Тіркеу туралы толық ақпарат

Роутердің интерфейсіне кіру туралы толық ақпарат «LTE WI-Fi роутердің кілт сөзі қалай бапталады?» бөлімінде.

LTE Wi-Fi роутердің кілт сөзі қалай бапталады?

Егер Сізде Beeline LTE Wi-Fi роутері болса:

1. Смартфон немесе компьютерден Wi-Fi желісіне қосылыңыз.  Wi-Fi желісінің аты мен кілт сөз роутердің жапсырмасында жазылған. Оны интерфейске кіргенде, Wi-Fi баптауларында өзгертуге болады.

2. LTE Wi-Fi роутердің интерфейсіне кіріңіз: браузер жолында келесілерді теріңіз:

- MF927U немесе MF971R үлгілеріне: http://m.home (кілт сөз: admin);

  JAD08 үлгісіне: 192.168.0.1 (пайдаланушы аты: admin, пароль: admin);

R109D-A үлгісіне: http://m.home немесе 192.168.8.1 (кілт сөз: admin);

MF296R үлгісіне: http://m.home (кілт сөз: admin).

3. Дайын! Енді роутерді онлайн басқара аласыз, мысалы, трафик қалдығын тексеруге немесе кілт сөзді өзгертуге болады.

Егер құрылғыны Beeline-нан алмасаңыз, роутерде көрсетілген ІР-мекенжай мен кілт сөзді теріп, құрылғының интерфейсіне кіре аласыз. Ескерту: басқа жабдықтаушыдан алынған кейбір үлгіде USSD-пәрменді теру және SMS көру/жіберу функциясы жоқ.

Мобильді байланыс қалай қосылады?

«Отбасы ортасы» қызметімен қосымша бір нөмірді қосымша төлемсіз қосып, 200 ГБ-ны, сондай-ақ тарифте бар болса, минуттар мен SMS-ті бөлісіңіз.

Тарифте 200 ГБ біткен соң, қосымша нөмірде интернет бұғатталады. Сіз біржолғы интернет-топтамаларды ала аласыз. Негізгі нөмірде біржолғы интернет-топтамалар қосылмайды.

Басқа нөмірге шақыру жіберу жолын мына жерден оқыңыз.

Қанша тұрады?

Абоненттік төлем күнтізбелік айға қарамастан айына бір рет алынады. Мысалы, абоненттік төлем 5 қаңтарда алынса, келесі төлем мерзімі — 5 ақпан.

Төлем теңгерімнен 00:00 - 03:00 аралығында алынады. Егер қаражат жетпесе, теңгерім абоненттік төлемге жететін сомаға толтырылғанда төлем толық алынып, интернет қолжетімді болады.

Абоненттік төлем — 9 990 тг. Абоненттік төлем роутердегі SIM-картаның нөмірінен алынады.

Роутерлердің құны 24 990 теңгеден басталады. Бірінші айда шексіз интернет үшін төлеудің қажеті жоқ. Екінші айдан бастап абоненттік төлемді мобильді теңгерімге салыңыз (нөмір роутер жиынтығында).

Beeline R109D-A LTE Wi-Fi роутері — 24 990 тг.

Beeline MF296R LTE Wi-Fi роутері — 32 990 тг.

Егер интернет жылдамдығы азайса

Бұл тарифте Әділ пайдалану саясаты бар, ол кейбір қолданушының Beeline желісіндегі мобильді интернет жылдамдығын нашарлатпауы үшін керек.

Трафиктің 200 ГБ шегіне жеткенде нөмірдің интернет жылдамдығы 1,5 Мбит/c дейін төмендейді. Сіз *355# пәрменін теріп, барлық топтаманы мерзімінен бұрын қайта қалпына келтіруге болады (ай сайынғы абоненттік төлем есептен алынады). Пәрменді пайдаланар алдында, теңгерімдегі сома тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлемді есептен алыну үшін жеткілікті екенін тексеріңіз.

Қоңырау шалу, хабарлама және интернет қанша тұрады?

Абоненттік төлем алынбаса:

Тарифтің барлық қатысушысында интернетке қосылу мүмкіндігі бұғатталады

ҚР-дағы кез келген мобильді және қалалық нөмірге қоңырау шалу 18 тг/мин
ҚР-дағы кез келген мобильді нөмірге SMS жіберу 18 тг/SMS

Тариф жоспарының шарттары Қазақстан Республикасының аумағында толық әрекет етеді. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде қызметтер роумингтегі қызметтер үшін бекітілген тарифтермен тарифтеледі.

Интернет жылдамдығы неге байланысты?

Интернет жылдамдығы желінің типіне байланысты және таралу аймағына қарай әртүрлі болады.

Ең жоғары жылдамдық құрылғының үлгісі мен санатына байланысты және ол келесідей болуы мүмкін:

2G — 473,6 Кбит/с дейін.

3G — 28 Мбит/с дейін.

4G — 150 Мбит/с дейін.

4G+/LTE Advanced — 300 Мбит/с дейін.

Интернет жылдамдығына нақты не әсер етеді?

1. Интернет желісіне бір уақытта қосылған қолданушылар саны.

2. Кейбір қолданушы трафикті орташа статистикалық мөлшерден артық пайдаланса, желіге қосымша жүкт түсіп, басқа қолданушыларда интернет жылдамдығы азаяды.

3. Wi-Fi желіңізге қосылған құрылғылар саны және олардың қуаттылығы: олар қаншалықты қуатты болған сайын, арнаның жүктемесі жоғары болып, интернет жылдамдығы азаяды.

4. Физикалық кедергілер (қабырғалар мен бөлмеаралық есіктер, жиһаз) Wi-Fi сигналын айтарлықтай әлсіретеді.

5. Роутер тұрған жердің қашықтығы: құрылғыларыңыз роутерден алыс тұрған сайын сигнал әлсіз болады.

Ең жоғары жылдамдықты қалай алуға болады?

1. Роутерді өзіңіз жиі қолданатын бөлменің терезесіне жақын қойыңыз.

2. Егер үйдің бөлмелері жан-жаққа қарап тұрса, әрқайсында жылдамдықты тексеріп, ең оңтайлысына қойыңыз.

3. Роутеріңіздің сыртқы антенналарын (егер ол бар болса) басқа заттармен қоршап тастамаңыз.

4. Роутерді жаппаңыз: қызса, жылдамдық азаяды.

5. Роутердің алдына кедергі қоймаңыз (шкаф, тұрмыстық үлкен техника және т.с.с.). Ең жоғары жылдамдыққа қол жеткізу үшін, ДК немесе ноутбукті орнықты роутерге LAN-шоғырсымы арқылы тікелей қосыңыз, сонда интернет байланыс жылдамдығы жоғары болады.

BeeTV Free-де арналар мен фильмдерді қалай көруге болады? 

Киноларды, танымал арналарды, фильмдерді, телехикаяларды, шоу, концерт және мультфильмдерді қазақ және орыс тілінде көріңіз.. Сіз ол үшін қосымша төлем төлемейсіз. BeeTV мобильді телевизиясын смартфон, планшет, компьютер және Smart TV-ден көруге болады.

Көру жолы:

1. Смартфон/планшетті роутерге WI-FI арқылы қосыңыз.

2. Смартфон, планшетке BeeTV қосымшасын жүктеңіз немесе компьютерден келесі сайтқа кіріңіз: https://beetv.kz/ Сайтта көруге ұсынылатын браузерлер — Google Chrome және Mozilla Firefox. Топтаманы SMART TV немесе Android TV –де көру үшін, BeeTV қосымшасын орнатыңыз. Samsung Smart TV 2016-2019 ж және LG Smart TV – 2015-2019 ж теледидарларда көруге болады. Қатарынан 5 құрылғыдан көруге болады!

3. Негізгі SIM-картаның (роутердегі) мобильді нөмірімен кіріңіз. Android платформада «Өз нөміріммен кіруді», iOS-та – «Сіздің телефон нөміріңізбен кіруді» таңдаңыз. SMS-растау талап етілмейді.

4. Сіз BeeTV-ді қолданып жүрсіз бе? Онда бұрынғы аккаунттан шығып, тариф қосылған негізгі SIM-картаның (роутердегі) нөміріменқайта тіркелу керек.

Айтпақшы, BeeTV-де басқа да қызықты жазылым өте көп. Олар туралы толық ақпаратты біліңіз және тегін байқап көріңіз.

Тарифтің абоненттік төлемі алынса ғана жазылымға қол жеткізуге болады.  

Роутерді қалай қайтару керек?

«Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» ҚР Заңының 30-бап, 1-тармақ, 6-тармақшасы бойынша, байланыс құралдары, оның ішінде Wi-Fi роутерлер сатып алған соң, сапасы тиісті түрде болса, қайтарылмайтын немесе айырбасталмайтын тауардың тізіліміне енгізілген.

Егер сатып алған сәтте немесе пайдалану барысында роутердің сапасы нашар екені анықталса, жеке куәлігіңізді, толтырылған кепіл талонын, фискалды түбіртекті және толық жиынтығы бар роутерді алып, тауарды сатып алған жеріңізге жүгінуіңіз керек.

Кепілді мерзімде айырбастау немесе қайтару себептері:

1. Құрылғы мүлде жұмыс істемейді.

2. Зауыттық ақауы, пайдалануға мүлде келмейтін ақауы бар.

Назар аударыңыз, компания роутердің кемшіліктері мен ақауларына кепілді мерзім ішінде ғана жауапты. Роутерге берілетін кепіл сатып алған сәттен бастап 12 ай, сатып алғаныңызды растайтын толтырылған кепіл талоны және фискалды түбіртек болса. Аккумулятор батареясы, қуаттау құрылғысы, тоқ блогы, қосымша керек-жарақтар және басқа да жиынтық құрылғыларға кепіл берілмейді. 

Зауыттық ақау немесе техникалық кемшілік салдарынан қайтару шарттары : 

1. Толтырылған кепіл талоны және сатып алғаныңызды растайтын фискалды түбіртектің болуы.

2. Кепілдік талонында көрсетілген кепілдік мерзімінің аяқталмауы.

3. Тауардың түрі және толық жиынтықтың сақталуы. Кепіл мерзімі біткен соң, роутерге диагностика немесе жөндеу қажет болса, қалауыңызға қарай, осындай қызмет көрсететін кез келген сервис орталығына дербес жүгіне аласыз.

Үйден шықпай-ақ, қызметтерді онлайн басқарыңыз

Барлығы «Менің Beeline-ым» қосымшасында. Камераны QR-кодқа бағыттап, жүктеңіз