Артқа
Сенімді төлем
Қызметтің сипаттамасы

Теңгерімге шұғыл ақша қажет, бірақ дәл қазір толтыру мүмкін емес пе? Біз көмектесеміз.

«Сенімді төлем» сұраңыз да, 3 күнге қаражат алыңыз. Оны абонтөлем мен кез келген байланыс қызметіне жұмсауға болады.

Қалай қосса болады?

•    Janymda-да
•    *141#📞 — теңгерімге бірден ең жоғары берілетін сома түседі;
•    *141*2#📞 — теңгерімге түсетін соманы таңдауға болады

 

 

1.    Сіз өтінім жібересіз.
2.    Beeline теңгеріміңізді толтырады.
3.    Теңгерімді толтырғаннан кейін үш күн өткен соң, «Сенімді төлем» сомасы комиссиямен бірге автоматты түрде теңгерімнен ұсталады (тіпті онда әлі де қаражат болмаса да).

Қаражат сұрауға тыйым салу: *141*0#
Тыйымды алып тастау: *141*0*1#

•    «Сенімді төлемнің» берілуі мен мөлшерін жүйе автоматты түрде анықтайды, ол Сіздің орташа айлық байланыс шығындарыңызға байланысты. Егер осы айда қызметті ала алмасаңыз, келесі айда қайта көріңіз.
•    Ең аз сома — 100 теңге, ең көп — 5000 теңге.
•    Қызметті бір реттік қосу құны — берілген соманың 20%. Комиссия берілген сомаға қосылып бірге алынады.

•    Қызмет алдын ала төлем жүйесіндегі тарифті қолданатын клиенттерге арналған.
•    Кез келген комиссия электронды ақшада төленеді. «Сенімді төлем» қызметін қосу арқылы Сіз болашақта теңгерімді толтыру есебінен «КаР-Тел» ЖШС-нен электрондық ақша алуға келісім бересіз және бұл бір мезгілде «КАЗЕВРОМОБАЙЛ» ЖШС-не комиссияны төлеу үшін электрондық ақшада операция жүргізуге берілген нұсқау болып табылады.
•    Егер нөміріңіз бұғатталған болса, «Сенімді төлемді» қосу мүмкін емес.
•    Қызметті роумингте де қосуға болады.