«Менің Beeline-ым» — бүкіл қызметтің базалық қосымшасы.
- ✓ Теңгерім мен шығынды тексеру
- ✓ Тарифті таңдау және ауыстыру
- ✓ Әр қадам сайын берілетін марапат, ойындар, кино, гаджеттер дүкені және басқалары
Жауап беріп қойдық :)
Нөмір
3 жолы бар:
Айтпақшы, тіркеуді тексеру: *835#
Құрылғы
Жаңа құрылғы
Б/қ құрылғы
«Менің Beeline-ым» қосымшасында:
«Менің нөмірім» → теңгерім парақтың жоғары жағында көрініп тұрады.
Қарапайым 2 жолы бар:
Android жүйелі смартфондарда интернетті баптау
Интернетті баптамас бұрын, теңгерімде қаражат және тариф ГБ-сы бар екеніне көз жеткізіңіз.
Android жүйесіндегі телефоныңызда интернетті еш қиындықсыз баптау үшін, біздің роликті көріңіз.
Немесе төмендегі нұсқаулықты пайдаланыңыз (баптаулар мәзірі әртүрлі телефонда әртүрлі):
Смартфон баптауларын ашыңыз:
Егер смартфоныңыз екі SIM-картаны немесе eSIM технологиясын қолдаса, SIM-карталар диспетчерінде интернетке қосылуға Beeline-ды таңдаңыз. Басқа жағдайда бұл бапқа мән бермеңіз. «Қосылу» мәзіріне өтіңіз. «Мобильді желілерді» ашып, «Қосылу нүктесі» / «APN» бабын таңдаңыз. «+» немесе «Қосылу нүктесін қосу» бабын таңдаңыз. Келесі параметрлерді жазыңыз: Қосылу нүктесінің аты: Beeline Internet
Қосылу нүктесі (APN): internet.beeline.kz.
Басқа деректерді толтырудың қажеті жоқ.
Жасалған қосылу нүктесін сақтап, оны өздігінен таңдалатын етіп белгілеңіз. «Мобильді желілер» мәзіріне қайтып, автоматты режимді таңдаңыз (LTE/WCDMA/GSM) Дайын! Смартфонды қайта жүктеу ғана қалды, содан соң Beeline-ның шапшаң интернетінен ләззат алыңыз.
Егер осыдан соң интернет істемесе, өзіңізге ыңғайлы кез келген жолмен бізге хаьарласыңыз. Біздің кеңесшілер Сізге міндетті түрде көмектеседі.
iOS жүйелі смартфондарда интернетті баптау
Интернетті баптамас бұрын, теңгерімде қаражат және тариф ГБ-сы бар екеніне көз жеткізіңіз.
iOS жүйесіндегі телефоныңызда интернетті еш қиындықсыз баптау үшін, біздің роликті көріңіз.
Немесе төмендегі нұсқаулықты пайдаланыңыз:
«Ұялы байланыс» бөліміне өтіңіз.
Егер смартфоныңыз eSIM технологиясын қолдаса, «Ұялы байланыс тарифтеріне» өтіп, Beeline-ды таңдаңыз. Басқа жағдайда бұл бапқа мән бермеңіз.
«Мәліметтерді жолдаудың ұялы байланыс желісін» ашыңыз.
«Ұялы байланыс деректері» бөлімінде тек APN бабын толтырыңыз:
internet.beeline.kz
Алдыңғы мәзірге қайтып, «Деректер параметрлерін», содан соң «Дауыс және деректерді» ашыңыз. 4G желісін таңдаңыз. Дайын! Смартфонды қайта жүктеу ғана қалды, содан соң Beeline-ның шапшаң интернетінен ләззат алыңыз.
Егер осыдан соң интернет істемесе, өзіңізге ыңғайлы кез келген жолмен бізге хабарласыңыз. Біздің кеңесшілер Сізге міндетті түрде көмектеседі.
4 жолы бар:
Байланысты қайтарудың 2 жолы бар:
Назар аударыңыз! Тарифті қайта қосқанда абоненттік төлем алынып, қалдық жойылады да, топтамалар қайта толтырылады.