Артқа
Starlink Mobile
PROMO
Starlink Mobile PROMO
Қызметтің сипаттамасы

Смартфоныңыздағы Starlink мобильді спутниктік байланысының тегін пакеті. Жерүсті желісінің қамту аймағы жоқ жерлерде де байланыста болыңыз.

Сізге қолжетімді:
Шексіз интернет
10 SMS
Қолданылу мерзімі: 60 күн
2026 жылғы 30 қарашаға дейін тегін қосуға болады.
«Әділ пайдалану саясатына» сәйкес 20 ГБ пайдаланылғаннан кейін жылдамдық 512 Кбит/с дейін төмендейді, бірақ шексіз интернет сақталады.

Төлемге:
0 ₸

Смартфон

4G қолдайтын Android

 

Janymda қосымшасы

Starlink-ті қосып, геолокацияға қол жеткізуге рұқсат беріңіз

 

Ашық аспан

Биік ғимараттар мен басқа да ірі нысандардан алыс, ашық жерге шығыңыз

 

Starlink желісі

Жерүсті желісі ұстамайтын жағдайда смартфон автоматты түрде қосылады

Promo жаңа Starlink Mobile технологиясымен танысуыңыз үшін жасалған.

Сізге қолжетімді:
Жылдамдығы 2 Мбит/с дейінгі шексіз интернет
Қолданылу мерзімі: 60 күн

1. Beeline SIM-картаңыздың белсенді екеніне және деректерді жіберу үшін таңдалғанына көз жеткізіңіз.

2. Аспан анық көрінетін ашық жер табыңыз: биік ғимараттардан, ағаштардан және басқа да ірі нысандардан алыс болуы керек.

3. Роумингтегі деректерді жіберу функциясы қосулы екенін тексеріңіз. Жердегі мобильді желі болмаған жағдайда, смартфон Beeline Starlink желісіне автоматты түрде қосыла алады.
Сондай-ақ Starlink желісін смартфон баптауларында қолмен таңдауға болады: «Мобильді желі / SIM-карталар» → «Желі операторы» → желіні автоматты түрде таңдауды өшіріңіз. Желі Beeline Starlink немесе 401 04 болып анықталуы мүмкін.

4. Қосылу бірнеше минут алуы мүмкін. Қосылғаннан кейін экранда R белгішесі шығып, желі атауы Beeline Starlink деп өзгереді.

Қызметті өшіру үшін телефонның Beeline жерүсті желісіне қосылғанын күтіңіз. Содан кейін Janymda қосымшасын ашып, Starlink Mobile қызметін өшіріңіз.

«Әділ пайдалану саясатына» сәйкес 40 ГБ пайдаланылғаннан кейін жылдамдық 512 Кбит/с дейін төмендейді, бірақ шексіз интернет сақталады. Ол Starlink Mobile PROMO қолданылу мерзімі аяқталғанша қолжетімді болады. Осыдан кейін Starlink Mobile қызметін қосып, мобильді спутниктік байланысты ары қарай пайдалана аласыз.