| Мобильді интернет | ||
| 31.12.2026 дейін | Акция бойынша шексіз | |
| Ары қарай | 60 ГБ | |
Шексіз интернеті бар барлық нөмірлерде желіге түсетін жүктемені біркелкі бөлу және баршаға интернетті қолайлы жылдамдықпен пайдалануға мүмкіндік беру үшін «Әділ пайдалану саясаты» қолданылады. 60 ГБ интернет-трафик жұмсалғаннан кейін жылдамдық 512 Кбит/с дейін төмендейді. Бұл мессенджерлерді пайдалануға және әлеуметтік желілерде тілдесуге жеткілікті. Жылдамдықты қалпына келтіру оңай: 3999 ₸ тұратын «Турбо +50 ГБ» қызметін қосып, жоғары жылдамдықпен қосымша 50 ГБ алыңыз немесе *355# пәрмені арқылы, болмаса Janymda қосымшасындағы «Менің тарифім»/«Аккаунт» бөлімінде тариф жоспарын қайта қосыңыз. Абоненттік төлем қайта алынып, қызмет пакеттері нөлденіп, қайта беріледі. | ||
| Қоңыраулар | ||
| Beeline нөмірлеріне | Шексіз | |
| ҚР бойынша басқа моб. және қалалық нөмірлерге | 150 мин | |
| SMS | ||
| Beeline нөмірлеріне | 50 SMS | |
| Тариф жоспарына бонус ретінде | ||
BeeTV hitter-дегі музыка Simply экстракешбэгі BeeCloud бұлттық қоймасы Қосымшаларды жүктеп алып, өз нөміріңізбен авторизациядан өту қажет. Бонустар 31.12.26 дейін жарамды. | ||
| Жерүсті желісі қолжетімсіз болса, смартфон Starlink желісіне қосылады. Сіз мессенджерлерді, карталарды пайдаланып, SMS жібере аласыз. | ||
| Интернет | ||
| 31.03.2027 дейін | Акция бойынша шексіз | |
| Ары қарай | 40 ГБ | |
| SMS 31.03.2027 дейін | тарифтегі пакеттен | |
Starlink желісін (интернет, SMS) 2027 жылғы 31 наурызға дейінгі акция аясында «Starlink» тариф жоспарларының бірі қосылған жағдайда пайдалануға болады. Тариф бойынша абоненттік төлем уақтылы төленсе, пакеттер қосымша ақысыз қолжетімді болады. «Әділ пайдалану саясаты» Starlink желісіндегі интернетке де қолданылады. Starlink желісіндегі интернет қосылымының стандартты жылдамдығы — 2 Мбит/с дейін. Алайда 40 ГБ жұмсағаннан кейін жылдамдық 512 Кбит/с дейін төмендейді. Бұл мессенджерлерді пайдалануға және әлеуметтік желілерде тілдесуге жеткілікті. Мегабайттар пакеті таусылғаннан кейін интернет бұғатталады. Starlink желісіндегі SMS тариф жоспарының SMS пакетінен жұмсалады. SMS пакеті таусылғаннан кейін әр SMS үшін 21 ₸ алынады. Бұл қалай жұмыс істейді? Жерүсті желісі қолжетімсіз болса, смартфон Starlink желісіне қосылады. Интернет жылдамдығы 2 Мбит/с дейін болады. Егер телефоныңыз бұл қызметті қолдаса, ол автоматты түрде қолжетімді болады. Ол үшін Janymda қосымшасында геолокацияны алдын ала қосу қажет. Жерүсті желісінің қамту аймағына оралған кезде смартфон оған автоматты түрде қайта қосылады. Қосымша жабдық қажет емес. LTE (4G) қолдайтын Android операциялық жүйесіндегі смартфон жеткілікті. iPhone құрылғыларында бұл технология кейінірек қолжетімді болады. Маңызды: технологияны қолдау смартфон өндірушісі мен моделіне байланысты. Мега 12999 тарифі бойынша Starlink қызметі қолжетімді. Алайда бұл қызмет роутер арқылы жұмыс істемейді. Starlink қызметін смартфонда пайдалана аласыз. Ол үшін SIM – картаны роутерден алып, смартфонға салыңыз. | ||
Тариф жоспарының шарттары 12 ай бойы қолданылады, содан кейін оператор тарифті өзгертуі мүмкін. Егер оператор көрсетілген мерзімді ұзартпаса, Сіз сайтта немесе Janymda қосымшасында қолжетімді кез келген басқа тариф жоспарына ауыса аласыз. Немесе Сіздің нөміріңіз тариф жоспарының қолданылу мерзімі аяқталған кезде қолданыста болатын өзекті тариф жоспарына ауыстырылады. |
| Абоненттік төлем | 12 999 ₸/ай | |
Абоненттік төлем ай сайын бір күнде (мысалы, әр айдың 5-і күні) сағат 00:00-ден 03:00-ге дейін алынады. Егер айда тиісті күн болмаса (мысалы, 30 ақпан), төлем сол айдың соңғы күні алынады. Бағалар ҚҚС-ты ескере отырып көрсетілген және ҚҚС мөлшерлемесі өзгерген жағдайда қайта қаралуы мүмкін. | ||
«Мега 12 999» тариф жоспарына арнайы ұсыныс бойынша үй интернетін, Яндекс станция немесе басқа құрылғыны тегін алуға болады. Тариф жоспарымен бірге қандай құрылғы қолжетімді екенін Beeline Shop дүкенінен біліңіз.
Тегін Яндекс станция
Яндекс станция немесе роутер алу үшін Beeline Shop дүкенінде өтінім қалдырып, оның мақұлдануын күту қажет (берешек туралы ақпарат тексеріледі). Өтінім мақұлданса, «Starlink премиум контракт» келісімшарттық тариф жоспарына ауысу керек. Келісімшарт мерзімі — 12 ай. Осы кезеңде тариф жоспарының абоненттік төлемін тұрақты түрде төлеп жүру қажет.
Үй интернеті + TV
Тарифтің қолданылу мерзімі ішінде «Үйдегі интернет» пен үй телевизиясын (мекенжайыңыз бойынша техникалық мүмкіндік болған жағдайда) қосымша төлемсіз қосуға болады!
300 Мбит/с дейінгі үй интернеті
Онлайн-кинотеатрлары бар үй телевизиясы
Тарифті қосқаннан кейін мекенжайыңыз бойынша қосылу мүмкіндігін осы жерден тексеріңіз:
1. Тексеру терезесіне мекенжайыңызды енгізіңіз.
2. Мекенжайыңыз тізімде бар ма? Өтінім қалдырыңыз, оператор Сізге қоңырау шалады.
3. Мекенжайыңыз тізімде жоқ па? Әзірге қосылу мүмкін емес, бірақ Сіз бонустарды пайдалана аласыз.
Мекенжайыңызды мезгіл-мезгіл тексеріп тұрыңыз: «Үйдегі Интернет» желісі үнемі кеңейіп келеді.
Интернет | бұғатталады | |
| Қоңыраулар: | ||
| ҚР бойынша барлық нөмірлерге | 21 ₸/мин | |
| SMS: | ||
| ҚР бойынша барлық моб. нөмірлерге | 21 ₸/SMS | |
Екі шешім бар: 1. «Қосымша минуттар пакетін» немесе «Қосымша SMS пакетін» сатып алыңыз. 2. Janymda қосымшасында немесе *355# пәрменін теріп, тариф жоспарын мерзімінен бұрын қайта қосыңыз. Абоненттік төлем алынып, пакеттер қайта беріледі. |
| Абоненттік төлемнің дұрыс алынуы үшін ай сайынғы төлем алынар алдында мобильді интернетті өшіруге кеңес береміз. | ||
31.12.2026 дейін интернетті Wi-Fi кіру нүктесі режимінде тарата аласыз. Тариф жоспары модемдермен және роутерлермен үйлесімді. Тек ҚР аумағында қолданылады және алдын ала төлем жүйесіндегі абоненттерге арналған. | ||
| Тағы бір пайдалы қызмет: | ||
«Хабардар бол!» Қабылданбаған қоңыраулар мен келіп түскен дауыстық хабарламалар туралы тегін хабарландырулар. |
3 айға 20% жеңілдікті тек жаңа абоненттер ала алады. Ол таңдалған тарифті қосып, алғашқы абоненттік төлемді енгізген кезде автоматты түрде қолданылады.
Жеңілдік тариф қосылған сәттен бастап әрекет етеді және үй интернетінің қосылған күніне байланысты емес, сондай-ақ тек тариф бойынша абоненттік төлемге қолданылады.
Келісімшарттық тарифтерге жеңілдік қолданылмайды. Екі ұсыныстың бірін таңдай аласыз: құрылғыға (смартфонға, колонкаға немесе құлаққапқа) өтінім беру немесе 3 айға 20% жеңілдік алу.
Жеңілдікті бір рет пайдалануға болады.
Егер мекенжайыңыз бойынша GPON технологиясы болса, жылдамдық 300 Мбит/с дейін болады. Басқа технологияларды пайдаланған кезде жылдамдық 100 Мбит/с дейін болады.
Wi-Fi жылдамдығы пәтердің ауданына, қосылған құрылғылардың санына және роутердің орналасқан жеріне байланысты. Қосу кезінде монтаждаушы қолайлы жабдықты таңдауға және оны оңтайлы жерге орналастыруға көмектеседі.
Мекенжайыңыз бойынша қосылу мүмкіндігін сілтеме арқылы тексеріңіз.
Егер қосылу мүмкін болса, өтінім қалдырыңыз, біз Сізбен хабарласып, үй интернетін қосуға көмектесеміз. Егер мекенжайыңыз әзірге тізімде болмаса, демек, қосылу әлі қолжетімсіз. Кейінірек тексеріп көріңіз: «Үйдегі Интернет» желісі үнемі кеңейіп келеді.
Basic/ONT роутерін жалға алу 31.12.2026 дейінгі акция бойынша қосымша төлемсіз тарифке енгізілген. Қосу кезінде мекенжайыңыз бойынша қолжетімді технологияны ескере отырып, қолайлы роутерді таңдап береміз. Акция аяқталғаннан кейін Wi-Fi роутерін жалға алу стандартты құны бойынша төленеді — 700 ₸/ай бастап.
Тарифпен бірге Сізде PRO ТВ-пакеті болады. Бұл 200-ден астам телеарна, сондай-ақ мыңдаған фильмдер мен сериалдар. Setanta Sports, FOX Life, Мировое Кино HD және басқа да танымал арналар, сондай-ақ QAZAQSHA, BeeTV+, Okko, viju және PREMIER онлайн-кинотеатрларының контенті.
Егер теледидарыңыз «Үйдегі Интернет TV» қосымшасын қолдаса, оны жүктеп алып, «Үйдегі Интернеттің» логині мен құпиясөзін пайдаланып кіріңіз. Егер қосымшаға қолдау көрсетілмесе, ТВ-қосымшаны 500 ₸/ай жалға алуға болады.
Сізге BeeHome ID беріледі — бұл «Үйдегі Интернетті» төлеуге және басқаруға арналған дербес шот нөмірі. Қызметті Janymda қосымшасында басқару өте ыңғайлы. Ол үшін қосымшаға үй интернетін қосу кезінде көрсеткен байланыс нөміріңіз арқылы кіріңіз.
Егер қосымша жабдықты (ТВ-қосымшаны немесе қосымша Wi-Fi роутерін) жалға алсаңыз немесе ақылы жазылымдарды қоссаңыз, олардың құны бөлек төленеді. Қаражат әр айдың 1-күні BeeHome ID-ден есептен шығарылады. Төлем жасалмағандықтан үй интернетіне қолжетімділік тоқтатылмауы үшін шотты алдын ала толықтыруды ұсынамыз.
Төлем туралы еске салғыштар үй интернетін қосу кезінде көрсеткен байланыс нөміріңізге келеді. Janymda қосымшасында төлем жасаған кезде, төлем тәсілін таңдағаннан кейін BeeHome ID автоматты түрде көрсетіледі. Басқа сервистерде «Мобильді байланыс» бөлімін таңдап, «Телефон нөмірі» өрісіне BeeHome ID енгізіңіз.
Құжаттармен мына жерден танысуға болады:
Ұялы байланыс қызметтерін көрсетуге арналған жария шарт
Интернетке қол жеткізу қызметтерін көрсетуге арналған жария шарт