Voice over LTE — байланыс сапасының жаңа деңгейі: LTE желісінде бір уақытта қоңырау шалып, интернетті пайдалануға болады.
VoLTE технологиясы LTE желісінен шықпай қоңырау шалуға мүмкіндік береді, яғни бір уақытта қоңырау шалып, интернетті пайдалануға болады.
Қоңырау бірер секундта қосылады, ал әңгімелесушінің дауысы дәл қасыңызда тұрғандай анық естіледі.
Қызметтің жұмыс істеуі үшін Сіз 4G желісі бар аймақта болуыңыз керек, ал SIM-картаңыз бен телефоныңыз LTE режимін қолдауы тиіс. Мұны *705# пәрмені арқылы тексеруге болады.
VoLTE қызметінің өзі 0 тг тұрады. Барлық қоңыраулар тариф шарттарына сәйкес әдеттегідей тарифтеледі.
Егер смартфоныңыз VoLTE қолдаса, бар болғаны 2 әрекет жасаңыз:
1. Қызметті қосу үшін *858#📞 теріңіз.
2. Смартфон баптауларынан VoLTE қосыңыз.
Назар аударыңыз!
• iOS 17 нұсқасынан жоғары болса: смартфон баптауларында ештеңе жасаудың қажеті жоқ, VoLTE қызметі пәрменді тергеннен кейін автоматты түрде қосылады.
• iOS 17 және одан төмен нұсқаларда: Баптаулар → Ұялы байланыс → SIM карталар бөлімі → Beeline SIM таңдау → Дауыс және деректер → «LTE, VoLTE қосу»
• Android: Баптаулар → Мобильді желі → Деректерді мобильді жолдау → VoLTE қоңыраулар → Белгіні қосыңыз.
Қызметті Қазақстанның барлық аумағында, Beeline LTE интернеті бар жерде қосуға болады.
Егер қоңырау басталғанға дейін және сөйлесу кезінде телефон LTE желісінде болып, желі белгішесі 2G немесе 3G ауыспаса, қоңырауға VoLTE технологиясы қолданылды деген сөз.
Егер Сіз VoLTE қолдамайтын басқа смартфонға ауыссаңыз, қызмет автоматты түрде өшіріледі. Бұл туралы SMS-хабарлама аласыз.
Осы беттегі ақпарат — алдын ала төлем жасайтын клиенттерге арналған.