Қалай қосуға болады
*858#📞 пәрменін теріңіз
Келесі қадам смартфоныңыздың операциялық жүйесіне байланысты.
● iOS 17 және одан жоғары — VoLTE автоматты түрде қосылады, жай ғана пайдаланыңыз!
● iOS 17 төмен — VoLTE-ні қолмен қосу қажет: Реттеулер → Ұялы байланыс → SIM карталар → Beeline SIM → Дауыс пен деректер → LTE, VoLTE қосу.
● Android — VoLTE-ні қолмен қосу қажет: Баптаулар → Мобильді желі → Деректерді мобильді жолдау → VoLTE қоңыраулар → Қосу (белгілеңіз).
VoLTE деген не?
Бұл - Voice over LTE. Байланыс сапасының жаңа форматы, соның арқасында қоңырау шалып тұрып, LTE интернетті қатар қолдануға болады.
3G кезінде ондай болмаған 😊
Неге VoLTE қосқан маңызды?
3G өшірілгеннен кейін қоңыраулар VoLTE (4G) немесе 2G арқылы жүзеге асады.
Егер VoLTE қосылмаған болса және 2G желісі қолжетімсіз болса, қоңыраулар шалынбауы мүмкін.
Сондықтан смартфон баптауларында VoLTE қосу өте маңызды — бұл 3G өшірілгеннен кейін де байланыс сапасын тұрақты сақтайды.
VoLTE не береді?
Екі мүмкіндікті қатар ұсынады
LTE интернетті қолданып тұрып, қоңырау шалыңыз! Гай Юлий Цезарь жоғары бағалар еді.
Қоңыраудың сапасы керемет
Тұтқаның ар жағындағы адамның дауысы дәл жаныңызда Димаш ән салып тұрғандай таза естіледі.
Әпсәтте байланысу
Байланыс 1-2 секундта орнайды…Ой, байланыс орнапты 😊
Қандай смартфондар VoLTE-ді қолдайды
01/09
VoLTE арқылы мобильді байланыс та, қоңырау кезінде интернет те сапалырақ. Өзіңіз салыстырып көріңіз
VoLTE БОЛМАСА
Мобильді байланыс пен интернеттің жұмысы мынадай: қоңырау кезінде смартфон 4G-ден баяу интернет желілеріне (3G, тіпті 2G) ауысады және тек қоңырау аяқталғаннан кейін ғана қайта 4G-ге оралады. Сол себепті әңгімелесу кезінде интернет «қатып қалады».
VoLTE БОЛСА
Телефон қоңырау кезінде де 4G желісінде қалады:
● карталарды, мессенджерлерді, браузерді бір уақытта пайдалануға болады;
● қоңырау кезінде байланыс бір секундта орнайды;
● дауыс әлдеқайда анық естіледі.
1. Сіз 4G желісі таралған аймақта болу керексіз.
2. SIM-картаңыз бен телефоныңыз LTE режимін қолдауы тиіс. *705# пәрменін теріңіз
Бәрі құрылғының операциялық жүйесіне байланысты — *858#📞 пәрменімен VoLTE-ні бірден қосуға болады немесе қосымша қолмен баптау қажет болады.
Егер сөйлеспей тұрып, телефон 4G (LTE) желісіне қосылып тұрса және 2G немесе 3G желісіне ауыспаса, қоңырау кезінде VoLTE технологиясы қолданылады.
Қоңырау шалғанда, тариф жоспарыңыздың минуттар топтамасы кетеді. Интернет-трафик шығындалмайды.
VoLTE қызметінің құны 0 тг. Барлық қоңырау әдеттегідей, тариф жоспарының шарттары бойынша төленеді.
Қызметті Қазақстанның Beeline-ның 4G желісі бар барлық аумағында іске қосуға болады.
Қаладан шықсаңыз, қызмет әрекет етеді – қоңырау VoLTE технологиясында шалынады. Ең бастысы – 4G (LTE) желісі таралған аумақта болсаңыз болды.
Смартфоныңызды VoLTE технологиясын қолдамайтын басқа смартфонға ауыстырсаңыз, қызмет өздігінен өшіріледі. Ол туралы SMS-хабарламадан білесіз.
Біз еліміз бойынша 3G желісін біртіндеп өшіріп жатырмыз, себебі бұл технология ескірген. Интернет жылдамдығын арттырып, қоңырауларды тұрақты ету үшін, босаған ресурстарды 4G дамытуға жұмсаймыз.
3G өшіру — желіні жақсартуға бағытталған жоспарлы жұмыстың бір бөлігі.
Қызметті алдын ала төлеммен есеп айырысу жүйесінің клиенттері ғана қолдана алады.