Басты бет / Қызметтер / Google Play-де Beeline теңгерімінен төлеу

Артықшылықтары

ЫҢҒАЙЛЫ

Теңгеріміңді толтыр!

ҚАУІПСІЗ

Ешқандай карта және CVV-код керек емес!

ТЕЗ

Контентті сатып алдың, ол сол сәтте сенікі!

ҚОЛЖЕТІМДІ

Төлем әдісін орнатыңыз

Қалай қолдануға болады?

1-әдіс:

1

Қапталдағы мәзірге кіріп, «Төлеу жолы» таңдаңыз;

2

Ашылған терезеден «Beeline арқылы төлеуді» таңдаңыз.

2-әдіс:

1

Google Play Market қосымшасына кіріп, бағасы бар қондырғының пернесін, содан соң «Жалғастыруды» басыңыз;

2

«Beeline арқылы төлеуді» таңдаңыз;

3

Сатып алатыныңызды растаңыз.

FAQ

1. Play Market-те Beeline теңгерімімен сатып ала аламын ба?

Иә, Play Market-те мобильді теңгерімнен оп-оңай төлей аласыз. Тек Beeline SIM-картасы салынған смартфон немесе планшет керек. Google Play Market-ке кіріп, «Төлем әдістері» бөлімінде «Beeline арқылы төлеуді» таңдасаңыз болды.

2. Теңгерімде нөл болса немесе аз болса, Play Market-те сатып ала аламын ба?

Сізге болады. 😊 Егер теңгерімдегі сома Google Play Market-те сатып алуға жетпейтін болса, сенім төлемін пайдаланыңыз. Ең көп сома — 1000 тг, 10%-бен 3 күнге беріледі. Толық ақпарат мына жерде

 

3. Play Market-те Beeline теңгерімімен сатып алған қауіпсіз бе?

Иә, теңгерімнен төлеген қауіпсіз. Төлем жасар алдында Google Play Market Google тіркелім жазбасының кілт сөзін енгізуді ұсынады, сол арқылы төлемді өзіңіз жасайтыныңызды растайсыз.

4. Beeline теңгерімімен төлегенде Play Market қандай-да бір кілт сөз сұрайды…

Beeline теңгерімімен төлегенде, Google тіркелім жазбасының (Gmail поштасының/ электронды мекенжайының) кілт сөзін енгізу қажет. Егер кілт сөзіңізді ұмытып қалсаңыз, оны мына жерде қалпына келтіруге болады.

5. Екі SIM-карталы телефонмен Play Market-те қалай сатып алу керек?

Қосқан кезде немесе бірінші төлем кезінде екінші SIM-картаны (Beeline емес) уақытша өшіре тұру керек. Төлем сәтті жасалған соң, оны орнына қайтара аласыз.
Мынадай 2 жолы бар:
1. Смартфоныңыздың «SIM-карта және мобильді желілер» баптауына кіріп, екінші SIM-картаны таңдаңыз да, оны өшіріңіз. Енді Play Market-те Beeline-мен төлеуге, тіпті қажетіңізді сатып алуға болады.
Өшірілген SIM картаны смартфон баптауларында қосуды ұмытпаңыз.
2. Екінші SIM-картаны SIM-карта ұяшығынан шығарыңыз. Сәтті қосылған соң немесе Play Market-те алғашқы төлем сәтті өткен соң, оны орнына салыңыз.

6. Play Market-те мобильді теңгеріммен төлегенде комиссия ұстала ма?

Beeline теңгерімінен төлегенде ешқандай комиссия жоқ. Тек Play Market контентіне төлейсіз.

7. Теңгеріммен сатып алғанда, есепшотты қалай көруге болады?

Сатып алу тарихын және оның есебін кез келген уақытта «Менің Beeline»-ым қосымшасында немесе www.beeline.kz сайтындағы жеке кабинетте көруге болады.

8. Play Market-те сатып алуға лимит бар ма?

Бір транзакцияның ең көп сомасы – 50 АЕК, күніне 100 АЕК-ке дейін транзакция жасауға болады. Бұл – қомақты сауда! 😊

9. Play Market-те контентке төледім, бірақ ештеңе алмадым... Не істеу керек?

Егер қосымшада сатып алған контентіңіз қол жетімсіз болса немесе жұмыс істемей тұрса, яки жүктелмесе:
• Контент жеткізушісіне (жасаушыға) хабарласыңыз;
Мына жерді шерту арқылы қаражатты қайтаруға сұраныс жолдауға болады.

10. Сатып алғанымды қайтарып, ақшамды қайта ала аламын ба?

Сіздің қалауыңыз — заң. Сатып алғаныңызды қайтару үшін, Play Market мәзірін ашыңыз да «Есептік жазба» > «Сатып алу тарихын» таңдап > тізімнен «Төлемді қайтаруды» таңдап, басыңыз. Қаражат мобильді теңгерімге 30 жұмыс күні ішінде қайтарылады. Қаражатты қайтару шарттарымен осында таныса аласыз.

11. Қанша уақытта қайтаруға болады?

Қайтаруға болатын кезең сатып алған контентке байланысты. Толық ақпаратты мына жерден оқуға болады.

12. Жазылымға Beeline теңгерімінен төлеуге болады ма?

Иә, әрине. Бастысы — кезекті ұсталым алдында теңгерімді толтыруды ұмытпаңыз.😊

13. Beeline теңгерімінен төлеген жазылымды қалай тоқтатуға болады?

Play Market-те мәзірді ашып, «Жазылымдарды» таңдаңыз да, бас тартқыңыз келетін жазылымды тауып, «Жазылымды тоқтатуды» басыңыз. Ары қарай нұсқауға сай әрекет етіңіз.

14. Play Market-те сатып алу үшін, Beeline Картасы болуы міндетті ме?

Шарт емес. Play Market баптауларында «Beeline арқылы төлеуді» таңдап, Beeline теңгерімімен тікелей сатып ала аласыз.

15. Теңгерімім жетеді, бірақ төлем өтпей тұр… Неге?

Ықтимал себептер:
1. Сізде корпоративтік нөмір.
2. Тарифіңізде қызметті қолдану мүмкін емес.
3. Нөміріңізден әлі 800 тг жұмсаған жоқсыз.
4. Техникалық ақау орын алды. Операцияны кейінірек қайталап көріңіз.

Қосымша ақпарат алғыңыз келген жағдайда біздің ресми сайтымыздағы виртуалды көмекшімізге жаза аласыз немесе Beeline нөмірінен 116-ға хабарлассаңыз болады.

16. Apple Store-да сатып алғанда, Beeline теңгерімінен төлей аламын ба?

Әрине. Алдымен құрылғыңызда мобильды баланстан төлеу мүмкіндігін реттеңіз, ол үшін: Баптауларға кіріңіз > Сіздің тіркеулік жазбаңыз > Төлем және жеткізу > Төлеу тәсілі ретінде Beeline мобильді нөмірін таңдаңыз. 
Әріқарай Apple сервистеріне кіріп, кез келген контент түрін баланстан төлеу арқылы сатып ала аласыз.

Барлық қажетті ақпаратпен осында таныса аласыз.

17. Мобильді теңгеріммен төлеу әдісін қалай өшіруге болады?

Play Market мәзірін ашып, «Төлеу әдістері» > «Басқа төлем параметрлері» таңдаңыз > ары қарай браузерде pay.google.com сайты ашылады > Beeline-нан төлеу әдісін тауып, «Жою» пернесін басыңыз. «Жою» пернесін тағы бір басып, жоятыныңызды растаңыз.