Теңгерімге шұғыл ақша қажет, бірақ дәл қазір толтыру мүмкін емес пе? Біз көмектесеміз.
«Сенімді төлем» сұраңыз да, 3 күнге қаражат алыңыз. Оны абонтөлем мен кез келген байланыс қызметіне жұмсауға болады.
Қалай қосса болады?
• Janymda-да
• *141#📞 — теңгерімге бірден ең жоғары берілетін сома түседі;
• *141*2#📞 — теңгерімге түсетін соманы таңдауға болады
1. Сіз өтінім жібересіз.
2. Beeline теңгеріміңізді толтырады.
3. Теңгерімді толтырғаннан кейін үш күн өткен соң, «Сенімді төлем» сомасы комиссиямен бірге автоматты түрде теңгерімнен ұсталады (тіпті онда әлі де қаражат болмаса да).
Қаражат сұрауға тыйым салу: *141*0#
Тыйымды алып тастау: *141*0*1#
• «Сенімді төлемнің» берілуі мен мөлшерін жүйе автоматты түрде анықтайды, ол Сіздің орташа айлық байланыс шығындарыңызға байланысты. Егер осы айда қызметті ала алмасаңыз, келесі айда қайта көріңіз.
• Ең аз сома — 100 теңге, ең көп — 25 000 теңге.
• Қызметті бір реттік қосу құны — берілген соманың 20%. Комиссия берілген сомаға қосылып бірге алынады.
• Қызмет алдын ала төлем жүйесіндегі тарифті қолданатын клиенттерге арналған.
• Кез келген комиссия электронды ақшада төленеді. «Сенімді төлем» қызметін қосу арқылы Сіз болашақта теңгерімді толтыру есебінен «КаР-Тел» ЖШС-нен электрондық ақша алуға келісім бересіз және бұл бір мезгілде «КАЗЕВРОМОБАЙЛ» ЖШС-не комиссияны төлеу үшін электрондық ақшада операция жүргізуге берілген нұсқау болып табылады.
• Егер нөміріңіз бұғатталған болса, «Сенімді төлемді» қосу мүмкін емес.
• Қызметті роумингте де қосуға болады.
«Автоматты сенімді төлем»: теңгерім өзі толтырылады
Теңгерімдегі ақша ең қолайсыз сәтте таусылып, оны дәл қазір толтыруға мүмкіндік болмай жататын жағдайлар болып тұрады. Мұндай сәттер үшін біз негізгі қызметке «Автоматты сенімді төлем» деген қосымша опциясын шығардық.
Бұл не және ол қалай жұмыс істейді?
Қаражат таусылайын дегенде, енді әр кезде пәрмен терудің қажеті жоқ. Шотыңызда 10 теңге және одан аз қалған бойда, жүйе өзі іске қосылып, «Сенімді төлемді» автоматты түрде есептейді. Сіз теңгерімді қолмен толтыруға уақыт жұмсамай, қызметтерді ары қарай пайдалана бересіз.
Бұл опция кімге арналған?
Ол кәдімгі «Сенімді төлемді» жиі пайдаланатындар үшін ыңғайлы. Опцияны бір-ақ рет қосасыз, ары қарай теңгерім төмендеген сайын қажетті сома автоматты түрде түсіп отырады.
Төлем сомасы неге байланысты?
Есептелетін сома әркімге жеке есептеледі. Қолжетімді сома желідегі белсенділігіңізге және байланыс қызметтеріне әдетте қанша жұмсайтыныңызға байланысты.
Опцияны қалай басқаруға болады?
Қосу: *141*1# пәрменін теріп, қоңырау шалу батырмасын басыңыз.
Өшіру: *141*1*0# пәрменін теріп, қоңырау шалу батырмасын басыңыз.
Шотта 10 теңге және одан аз қалғанда «Сенімді төлем» автоматты түрде іске қосылуы үшін дәл қазір *141*1# пәрменін теріңіз!