Артқа
FunTone
Қызметтің сипаттамасы

Жай гудоктарды сүйікті әуеніңізге ауыстырыңыз — өзіңіз бен Сізге қоңырау шалған адамның көңіл-күйін көтеріп қойыңыз.

Қосу:
•    Кіріс қоңырауларға әуен орнату: *110*11#
•    Шығыс қоңырауларға әуен орнату: *510*11# 
•    Немесе 0644 нөміріне «funtone» деп SMS жіберіңіз

Өшіру:
•    *110*10#
•    Қызметті өшіргеннен кейін жеке кабинетіңіздегі әуендер 180 күн бойы сақталады.

Төлемге:
18 ₸/күн

Қоңырауға жауапты әуенмен күткен әлдеқайда жағымды. FunTone қызметін бір рет қосып, үнемі пайдаланыңыз.

Қызметті пәрмен немесе SMS арқылы қосыңыз, сонда Сіздің funtone.kz сайтында жеке кабинетіңіз болады.
Онда мыңдаған әндерден кез келгенін таңдай аласыз. Ол Сіз қоңырауға жауап күткенде немесе қоңырау шалғандар Сізді күткенде ойнап тұрады :)

Қосу0 ₸
Абоненттік төлем18 ₸/күн
Абонтөлем Сізге қанша қоңырау шалынғанына қарамастан, Сіз қызметті өшірмейінше, күн сайын теңгерімнен алынып отырады.
Назар аударыңыз!
•    Егер теңгерімде қаражат жеткіліксіз болса, қызмет уақытша тоқтатылады. Теңгерімді кемінде 18 теңгеге толтырған соң қызмет қайта іске қосылады.
•    Қазір теңгерімді толтыру мүмкіндігі болмаса, *141# пәрменін теріп, «Сенімді төлем» қызметін пайдаланыңыз. Біз теңгеріміңізді толтырамыз, ал Сіз 3 күн ішінде, 20% комиссиямен қайтарасыз.