-
тариф жоспары бойынша
1 ГБ
-
ҚР-дағы барлық моб.нөмірге бонуспен
100 мин
Абоненттік төлемге кіреді:
Интернет-топтама | 1 ГБ | |
ҚР-дағы барлық моб.нөмірлерге қоңырау шалу бонуспен | 100 мин | |
Топтамалардың қалдығын тексеру | *106# | |
Топтамаларды шұғыл қалпына келтіру | *166# | |
Тариф жоспарының жарамды мерзімі Көрсетілген мерзім біткен соң, тариф жоспары не бұрынғы шарттармен ұзартылады немесе ҚР заңнамасында бекітілген тәртіппен абоненттерге хабарлау арқылы өзгереді. Егер тарифтік жоспар ұзартылмаса, оның әрекеті аяқталады. Бұл жағдайда, егер пайдаланушылар басқа ашық тарифке ауыспаса, олар «Жеңіл» тарифтік жоспарына қосылады. |
30.09.2024 дейін |
Қанша тұрады?
Абоненттік төлем Айына бір рет ұсталады |
990 тг/айына | |
Егер негізгі абоненттік төлем ұсталмаса, күн сайынғы топтама қосылады |
290 тг/тәулігіне |
|
Егер негізгі және күн сайынғы абоненттік төлемдер ұсталмаса, абоненттік төлем ұсталмаған кездегі тариф жүреді. |
Күн сайынғы топтама
Күн сайынғы топтама негізгі абоненттік төлем ұсталмаған жағдайда қосылады. Күн сайынғы топтаманың ақысы, қосылған сәтте ұсталады. Қызметтердің күн сайынғы көлемі берілгені туралы SMS-хабарлама аласыз.
Егер теңгерімдегі қаражат жететін болса, абоненттік төлем түнгі сағат 00:00 - 03:00 аралығында ұсталады. Егер қаражат жетпейтін болса, кейін шотты толтырған кезде, күн сайынғы топтаманың ақысы тек түнде ұсталады.
SIM-картаны алғаш белсендірген күні немесе тариф жоспарын ауыстырғанда, қаражат негізгі абоненттік төлемді ұстауға жетпейтін болса, күн сайынғы топтама қосылмайды.
Күн сайынғы абоненттік төлем ұсталғанда, келесі қызметтер топтамасы беріледі:
ҚР-дағы барлық мобильді нөмірге қоңырау шалу | 30 мин |
Интернет-топтама | 300 МБ |
SMS | 15 SMS |
Қызметтердің берілген көлемі сол күннің соңына дейін жарайды.
Егер күн сайынғы абоненттік төлем ұсталған күні теңгерім негізгі абоненттік төлемді ұстауға жететін сомаға толтырылса, ол өздігінен ұсталып, бір айлық қызметтер топтамасы беріледі. Бұл ретте, күн сайынғы топтаманың әрекеті тоқтайды.
Қызмет тариф жоспарының ажырамас бөлігі және ол өшпейді.
Қоңырау соғу, хабарлама және интернет
Абоненттік төлем ҰСТАЛМАҒАН жағдайда немесе топтама таусылғанда: | ||
Вeeline нөмірлеріне қоңырау соғу | 18 тг/мин | |
ҚР-дағы басқа мобильді нөмірге қоңырау соғу | 18 тг/мин | |
Абоненттік төлем ұсталмаған кездегі интернетке қосылу | 2 тг/МБ | |
Интернет-топтама біткенде, кездейсоқ шығындардың алдын алу үшін, интернетке қосылу мүмкіндігі бұғатталады. | ||
Абоненттік төлемге кірмейтін қызметтердің құны: | ||
ҚР-дағы қалалық нөмірлерге қоңырау соғу | 18 тг/мин | |
Beeline нөмірлеріне SMS жолдау | 18 тг/SMS | |
ҚР-дағы басқа мобильді нөмірге SMS жолдау | 18 тг/SMS |
Түні бойы шексіз интернет
Түні бойы шексіз интернет-трафик – 00:00-ден таңғы 07:00-ге дейін аптасына 490 теңге. Осы уақытта интернет-топтаманың трафигі шығындалмайды. Қызмет туралы толық ақпарат мына жерде.
Егер минуттар немесе интернет бітсе:
1. *355# қысқа пәрменін теру арқылы ай сайынғы барлық топтаманы қалпына келтіре аласыз.
Пәрмен тарифтік жоспарға кіретін қызметтердің барлық топтамасын қалпына келтіреді. Пәрменді термес бұрын, теңгеріміңізде тарифтік жоспардың негізгі абоненттік төлемін ұстауға қаражат жететініне көз жеткізіңіз.
2. Немесе қызметтердің бір жолғы топтамасын сатып алуыңызға болады:
Қосымша ақпарат
Абоненттік төлем айына бір ұсталады. Мысалы, абоненттік төлем 2020 жылы 25 мамырда ұсталса, келесі төлем мерзімі - 25 маусым 2020 жыл.
Иинтернет-топтаманың, минуттар мен SMS-тердің қолданылмаған қалдығы жойылады, келесі кезеңге көшірілмейді, басқа тарифтік жоспарға ауысқанда да солай.
Абоненттік төлем 00:00 - 03:00 аралығында ұсталады. Егер теңгерімдегі қаражат абоненттік төлемді ұстауға жетпейтін болса, теңгерім абоненттік төлемге жететін сомаға толтырылған соң, төлем толық ұсталып, 1 айға жарамды интернет-топтама мен минуттар топтамасы беріледі.
Егер интернет-топтамада 15 МБ-тан аз қалса, теңгерім әр ашық сессия үшін резервтеледі де, интернет сессиялардың ақысы нөміріңіздің негізгі теңгерімінен ұсталады.
Абоненттік төлем дұрыс ұсталуы үшін және әдепкі құн бойынша тарифтелудің алдын алу үшін, абоненттік төлем ұсталар алдында, мобильді деректерді өшіріп қоюға кеңес береміз.
Тариф жоспарының шарттары Қазақстан Республикасының барлық аумағында әрекет етеді.
Қазақстан Республикасынан тыс жерде қызметтер роумингтегі қызметтер үшін бекітілген тариф бойынша жүреді.
Тариф жоспарында "Байланыста бол!" қызметі қосылған - Сіз, жауап бере алмай қалған қоңырауларыңыз бен келген дауыстық хабарламалар туралы тегін SMS-хабарлама аласыз, оларды дауыстық поштаның 6600 нөмірі арқылы тыңдай аласыз (қоңыраудың құны - 25 тг/мин). Өшіру үшін, *110*016# пәрменін теріңіз.