Абоненттік төлем

Ай сайын бірінші күні сағат 00:00-ден 03:00 дейін шешіледі.

Үйдегі интернетті қосу үшін біз қосымша төлем шешпейміз. Қосылған айда, абонтөлем күндер санына пропорционалды түрде шешіледі, яғни ай соңына дейін қалған күндер — келесі айға көшеді.

Мысалы, Сіз қызметті 15-ші тамызда қостыңыз. Сізге теңгерімді абонтөлемнің толық сомасына толтыру қажет — 6990 тг. Алаңдамаңыз: сома тек 15-ші 31-ші тамыз аралығына ғана шешіледі, ал қалғаны теңгерімде қалады. Сіз осы қалған соманы келесі абонтөлемге төлей аласыз.

Тарифті 6 ай бойы төлемесе, логин жойылады. Қызметті кез келген кезде қосуға болады. Толығырақ мында.

Құжаттармен танысу:

Жеке тұлғалар үшін Интернетке қол жеткізу қызметтерін көрсетуге ЖАРИЯ ШАРТ

50% жеңілдікті қалай алуға болады?

2024 жылғы 20 мамыр мен 2024 жылғы 31 қазан аралығында үйдегі интернеті бар «Премиум Отбасы 5+», «Премиум Отбасы 3+», «Мега Премиум+», BeeHome +TV, BeeHome тарифтерін бірінші рет қосқанда, үш айға 50% жеңілдік беріледі. Жеңілдік, таңдаған тарифіңізді қосып, бірінші төлемін төлегенде абоненттік төлемге өздігінен беріледі. 

Жеңілдік, қосылған айда және одан кейінгі екі айда беріледі. Мысалы: тарифті 1 маусымда қоссаңыз, жеңілдік тамыздың соңына дейін, яғни толық 3 ай беріледі. Айдың ортасында қоссаңыз, мысалы, 15 маусымда, жеңілдік маусымның қалған күндеріне және тамыздың соңына дейін беріледі. Қосатын ыңғайлы күнді өзіңіз таңдай аласыз.

Жеңілдік тариф жоспарының абоненттік төлеміне ғана беріледі, оған кірмейтін қызметтерге берілмейді.

Сілтеме арқылы қолайлы тарифті таңдауға және қосуға өтініш беруге болады.

Тариф мерзімі қанша уақытқа созылады

Тарифтік жоспар шарттары оны қосқан соң 12 айға созылады. Егер бекітілген уақыт оператормен созылмаса, онда логин автоматты түрде «Стандарт 1» тарифіне көшеді. Сізге алдын ала хабарлаймыз және қаласаңыз, ұнаған тарифіңізге ауыса аласыз.

Абоненттік төлем шешілмегенде

Тариф бойынша абонтөлем шешілмесе, интернетке қолжетімділік бұғатталады.

Үйдегі интернет жылдамдығы

300 Мбит/с дейін жылдамдықтағы үйдегі интернетті қосу, тек GPON технологиясы қолжетімді үйлерде ғана мүмкін. Басқа жағдайларда қосылу жылдамдығы 100 Мбит/с дейін ғана болады.

Үйдегі интернет жылдамдығы тағы бірнеше фактордан құралады:

1. Интернетті бір уақытта көп қолданушы қолдана бастаған кезде, желіге қосымша жүктеме түседі және ол басқа қолданушылардың интернетін бәсеңдетеді.

2. Физикалық кедергі (қабырға, бөлме аралық есіктер пен жиһаз) Wi-Fi-ді бәсеңдетуі мүмкін.

3. Деректер жіберудің жылдамдығы бөлеменің ауданына да байланысты болады: пәтер үлкен болған сайын, жылдамдық төмендеуі мүмкін, яғни мықты роутер керек.

4. Сіздің құрылғы роутерден алыс болған сайын, сигнал төмендей түседі.

5. Қасында Wi-Fi желілері көп болған сайын, роутердің тұрақты және тез сигналын ұстау қиын болады.

6. Wi-Fi-ға көптеген құрылғы қосылса және олар арнаны мықты жүктесе, интернет бәсеңдейді.

Үйдегі интернет жылдамдығын қалай көтеруге болады:

1. Ротуерді Сіз жиі қолданаты бөлмеге орнатыңыз.

2. Роутерді жабық шкаф, темір қалқан немесе басқа жабық бұрыштарда орнатпаңыз.

3. Смартфон мен планшеттерге 2.4GHz диапазонын және интернетке тез қолжетімділік керек құрылғыларға — 5GHz.

4. Егер Сіз интернетке компьютермен шығатын болсаңыз, Wi-Fi емес, сым арқылы қосыңыз.

Тариф қалай технологиямен байланысты

Үйдегі интернет жылдамдығы Сіздің мекенжай бойынша «Үйдегі Интернет» технологиясына байланысты. Қазіргі таңда екі технология қолданылады — FTTB мен Gpon. Әр қайсысында өз интернет-қосылуы бар тарифтік жоспары бар.

100 Мбит/с дейін жылдамдығы бар үйдегі интернетті FTTB (оптикалық сым үйдегі орналасқан коммутативті құрылғыға дейін созылады).

300 Мбит/с дейін үйдегі интернет Gpon заманауи технологиясы қосылған үйлерде қолжетімді (оптикалық сым бірдн пәтер ішіне созылады).

Wi-Fi роутерді жалға беру

Біз жалға сапалы роутерлер береміз. Алайда құрылғы өз жұмысын сапалы істеу үшін, оны дұрыс таңдау қажет. Үйдегі интернетке Wi-Fi роутері қолжетімді технология, пәтер шаршысы мен қолданушылар санына байланысты.

«Премиум отбасы 3+» и «Премиум отбасы 5+» тарифтерінде роутерді жалға алу тариф бағамына кіреді және қосыша төлемнің қажеті жоқ. Сіздің мекенжайға дәл келетін роутерді біз Сізге ұсынамыз. Басқа жағдайларда роутерді жалға беру бөлек төленеді. Роутерлердің сипаттамасымен танысуға на сайтта болады. Немесе біздің мамандар қосу кезінде керектісін таңдап береді.

Қосымша ақпарат

Егер қолданушы қызметті уақытша қолданудан және төлеуден бас тартса, «Ерікті бұғаттау» қызметін қосуға құқылы. Егер логин бір айдан артық бұғатталса, абоненттік төлем шешілмейді. Бұғаттау максималды мерзімі — 90 күн, минималды — 3 күн. Ерікті бұғаттау екінші рет 30 күненнен кейін қолжетімді.

Условия тарифного плана действуют в полном объёме по Республике Казахстан.

Тарифтік жоспар шарттары Қазақстан Республикасы бойынша жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының шекарасынан тыс кезде тарификация роумингте орнатылған тариф бойынша жұмыс істейді

Тарифтік жоспарда «Байланыста бол!» қызметі қосылған — Сіз тегін жіберіп алған және түскен дыбыстық хабарламалар туралы SMS-хабарландыру аласыз, оларды 6600 дыбыстық пошта нөмірі арқылы тыңдай аласыз (қоңырау құны — 25 тг/мин). Өшіру үшін *110*016# пәрменін теріңіз.