Ұсыныс «Үйдегі Интернет» қызметін алғаш рет қосайын деп тұрған абоненттерге ғана арналған.

 Алғашқы алты ай абоненттік төлем 1 999 ₸/ай құрайды. 7‑айдан бастап абоненттік төлем 3 999 ₸/ай болады. Жеңілдікті құны 12 ай бойы беріледі. Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін, 13‑айдан бастап, абонент кез келген қолжетімді тариф жоспарына ауысуға немесе осы тарифтің стандартты құны бойынша қызмет алуды жалғастыруға құқылы.

«Мега акциялы» тарифі — барлық мекенжайға беріле бермейтін арнайы ұсыныс. Сіздің үйіңізге қосу мүмкіндігін өтінім ресімдеу кезінде нақтылауға болады.

Әр айдың бірі күні сағат 00:00–03:00 аралығында алынады.

Үйдегі интернетімізді қосқаныңыз үшін қосымша төлем алмаймыз. Қосылған айда абонтөлем тек қалған күндерге пропорционалды түрде алынады, ал қалдық сома келесі айға өтеді.

Мысалы: егер Сіз қызметті 15 тамызда қоссаңыз, теңгерімді абонтөлемнің толық сомасына — 1 999 тг толтыру қажет. Уайымдамаңыз: сома тек 15-31 тамыз кезеңі үшін алынады, ал қалғаны логиніңізде сақталады. Бұл соманы келесі абонтөлемге жұмсай аласыз.

Егер тариф 6 ай бойы төленбесе, логин жойылады. Қызметті қайта қосуға болады.

Толық ақпарат мына жерде.

Негізгі абоненттік төлемді алу мүмкін болмаған жағдайда, тарифке қатысушылардың барлығында мобильді байланыс бұғатталады. Теңгерімде тариф бойынша негізгі абоненттік төлемге жеткілікті қаражат пайда болған сәтте ол автоматты түрде алынып, бір айға интернет пен қоңыраулар қалпына келеді.

 Үйдегі интернет пен ТВ тариф бойынша толық абонтөлем алынбайынша өшіріледі.

Пакет қалдығын тексеру:

*106#

Абоненттік төлем ҰСТАЛМАҒАН жағдайда немесе пакет таусылғанда:

Beeline нөмірлеріне қоңырау соғу

18 ₸/мин

ҚР басқа мобильді және қалалық нөмірге қоңырау соғу

18 ₸/мин

Кездейсоқ шығындарды болдырмау үшін негізгі абоненттік төлем алынбағанда немесе тариф бойынша интернет-пакет мерзімінен бұрын аяқталғанда интернетке кіру бұғатталады.

Абоненттік төлемге кірмейтін қызметтердің құны:

Beeline нөмірлеріне SMS жолдау

18 ₸/SMS

ҚР басқа мобильді нөм. SMS жолдау

18 ₸/SMS

Қызметтердің бір жолғы пакетін сатып алуыңызға болады:

- Интернет

- Минуттар мен SMS

Үйдегі интернетке 300 Мбит/с дейін қосылу жылдамдығы тек GPON технологиясы бар үйлерде ғана мүмкін. Қалған жағдайларда қосылу жылдамдығы 100 Мбит/с дейін болады.

Үйдегі интернет жылдамдығы тағы бірнеше фактордан құралады:

1. Интернет желісін бір уақытта көп пайдаланушы қолданғанда немесе кейбір клиенттер орташа статистикалық көлемнен жоғары трафик пайдаланғанда, желіге қосымша жүктеме түседі, бұл басқа пайдаланушылардың интернет жылдамдығын төмендетеді.

2. Физикалық кедергілер (қабырға, бөлмеаралық есіктер, жиһаз) Wi-Fi сигналын бәсеңдетуі мүмкін.

3. Деректер жіберудің жылдамдығы үй-жайдың ауданына да байланысты болады: пәтер үлкен болған сайын, жылдамдық төмендеуі мүмкін, яғни мықты роутер керек.

4. Сіздің құрылғыларыңыз роутерден алыс болған сайын, сигнал төмендей түседі.

5. Көрші Wi-Fi желілер көп болған сайын, роутердің тұрақты және жылдам сигналын ұстау қиын болады.

6.Wi-Fi-ға көп құрылғы қосылса және олар қуатты болса, арна көбірек жүктеледі де, интернет жылдамдығы төмендейді.

ТВ-ны қолдану үшін керектісі:

1. «Үйдегі Интернет TV» ТВ-пакетін қосыңыз. Сіздің тарифіңізге 2000 ₸/ай тұратын «Ең көбі» ТВ пакетін қосуға болады.

2. Егер Сізде LG Smart TV (2018 ж.), Samsung Smart TV (2018 ж.) немесе операциялық жүйесі 9.0 нұсқасынан төмен емес (мысалы, Sony, Phillips, Xiaomi) Android TV теледидары болса, нұсқасы 2.0 «TV Үйдегі Интернет» қосымшасын теледидарға жүктеңіз. Толығырақ мұнда. «Үйдегі Интернеттегі» жеке кабинетіңіздің логині мен құпия сөзін енгізіңіз. Рахаттана тамашалай беріңіз.

3. Егер Сіздің теледидарыңыз біздің қосымшаны қолдамаса, Сізге стандартты ТВ-тіркемені бар болғаны 500 ₸/ай береміз.

Біз тек сапалы Wi-Fi роутерлерді жалға береміз. Роутерді таңдау мыналарға байланысты:

• қосылу технологиясы;

• үй-жай алаңы;

• пайдаланушылар саны.

Роутерлердің сипаттамаларымен танысып, қолайлы құрылғыны сайттан таңдауға болады немесе біздің мамандар қосылу кезінде таңдауға көмектеседі.

Бағалар ҚҚС ескеріп көрсетілген, егер ол өзгерсе, қайта қаралуы мүмкін.