Абоненттік төлем
Әр айдың бірінші жұлдызында 00:00-03:00 аралығында ұсталады. Үйдегі интернетімізге қосқанымыз үшін қосымша ақы алмаймыз. Таңдаған тарифіңіздің абоненттік төлемін төлеп, қолдануды бастаңыз.
Қосылған айда абоненттік төлем айдың соңына дейін қалған күндерге сай ұсталады – қалдық келесі айға өтеді.
Мысалы, Сіз қызметті 15 тамызда қосасыз. Сізге теңгерімді абоненттік төлемнің толық сомасы – 6990 теңгеге толтыру керек. Уайымдамаңыз: сома тек 15 – 31 тамыз аралығына ұсталады, артығы теңгеріміңізде қалады. Ол қалдықты келесі абоненттік төлемге пайдалана аласыз.
Егер негізгі абоненттік төлем ұсталмаса, мобильді байланыста, абоненттік төлем ұсталмаған кездегі тариф қолданылады, ал «Үйдегі интернет» пен Телевизия (егер топтамада болса) қызметтері бұғатталады. Теңгерім жеткілікті сомаға толтырылған соң, төлем бірден ұсталып, Үйдегі интернет пен Телевизия қосылады (егер топтамада болса).
Қызметті 6 ай ішінде қолданылмаған жағдайда, логин жойылады. Қызметті кез келген уақытта қалпына келтіруге болады. Толық ақпарат сілтеме бойынша.
Үйдегі интернет жылдамдығы
Тарифіңіздің сипаттамасында көрсетілген үйдегі интернет жылдамдығы жабдығыңыз бен құрылғыңыздың арасындағы «ғимаратқа дейінгі оптика» технологиясы бойынша қосылған байланыстың өткізу мүмкіндігін білдіреді.
Шоғырсыммен қосылған үйдегі интернет жылдамдығына роутеріңізге дейін кепіл беріледі және ол бірнеше факторға тәуелді:
1. Интернетке қатарынан бірнеше қолданушы қосылса немесе кейбір клиент трафикті орташа статистикалық мөлшерден көп пайдаланса, желіге қосымша жүк түсіп, басқа қолданушыларда интернет жылдамдығы азаяды.
2. Физикалық кедергілер (қабырғалар және бөлмелердің есіктері, жиһаз) Wi-Fi сигналын айтарлықтай әлсіретеді.
3. Орынжайдың ауданы да мәліметтерді жолдау жылдамдығына әсер етеді: пәтер үлкен болған сайын, интернет жылдамдығының азаю ықтималдығы арта түседі, яғни қуаты роутер қажет болады.
4. Құрылғыларыңыз роутерден алыстаған сайын, сигнал да нашарлай түседі.
5. Көршілес Wi-Fi желілер көбейген сайын, роутердің орнықты әрі жылдам сигналын ұстау қиындайды.
6. Wi-Fi желісіне қосылған құрылғы көбейген сайын және олар неғұрлым қуатты болса, арнаның жүктемесі артып, интернет жылдамдығы азаяды.
Үй жағдайында интернет жылдамдығын қалай арттыруға болады:
1. Роутерді интернетті көп қолданатын жерге орнатыңыз.
2. Роутерді жабық шкафтарға, металл қалқандарға және пәтердің басқа да бұрыштарына орнатпаңыз.
3. Смартфондар мен планшеттерді қосуға 2.4GHz диапазонын және шапшаң интернет қажет құрылғыларға 5GHz диапазонын қолданыңыз.
4. Егер интернетке компьютерден шығатын болсаңыз, Wi-Fi емес, шоғырсым арқылы қосылыңыз.
Үйдегі телевизия
Телевизияны пайдалануды бастау үшін:
1. Егер Сізде LG Smart TV (2017 жылдан бастап шыққан.), Samsung Smart TV (2017 жылдан бастап шыққан) немесе 9.0-ден кем емес операциялық жүйесі бар Android TV (мысалы, Sony, Phillips, Xiaomi) теледидар болса, «Үйдегі интернет TV» қосымшасының 2.0 нұсқасын теледидарға жүктеңіз. Толық ақпарат мына жерде. Логинді және «Үйдегі интернет» жеке кабинетінің кілт сөзін жазыңыз. Болды, рахаттана көріңіз.
2. Егер теледидарыңыз біздің қосымшамызды қолдамаса, стандартты жалғаманы барлығы 500 ₸/ай жалға алуға ұсынамыз.
Қосымша ақпарат
Үйдегі интернетті қосу ақысы 0 тг.
Тарифтік жоспардың шарттары Қазақстан Республикасының барлық жерінде әрекет етеді.
Тариф технологиямен қалай байланысқан
Үйдегі интернеттің жылдамдығы, ең алдымен, Сіздің мекенжайыңыздағы «Үйдегі Интернет» технологиясына байланысты.
Қазіргі уақытта екі технология қолданылады — FTTB және Gpon. Әрқайсына Интернет байланысының ең жоғары жылдамдығымен өзіндік тариф жоспары қолданылады.
100 Мбит/с дейінгі жылдамдықтағы үйдегі интернеті бар тариф жоспары FTTB технологиясы бойынша «Үйдегі интернетке» қосылған үйлерде пайдалануға болады (оптикалық кабель ғимаратта немесе үй-жайда орналасқан коммутациялық жабдыққа дейін жүргізіледі).
200 және 500 Мбит/с дейінгі үйдегі интернет тарифі қазіргі заманғы GPON технологиясы қосылған үйлерде қолжетімді (оптикалық кабель әр пәтерге тікелей қосылады).