Абоненттік төлем
Әр айдың бірінші жұлдызында 00:00-03:00 аралығында ұсталады. Үйдегі интернетімізге қосқанымыз үшін қосымша ақы алмаймыз. Таңдаған тарифіңіздің абоненттік төлемін төлеп, қолдануды бастаңыз.
Қосылған айда абоненттік төлем айдың соңына дейін қалған күндерге сай ұсталады – қалдық келесі айға өтеді.
Мысалы, Сіз қызметті 15 тамызда қосасыз. Сізге теңгерімді абоненттік төлемнің толық сомасы – 6990 теңгеге толтыру керек. Уайымдамаңыз: сома тек 15 – 31 тамыз аралығына ұсталады, артығы теңгеріміңізде қалады. Ол қалдықты келесі абоненттік төлемге пайдалана аласыз.
Егер негізгі абоненттік төлем ұсталмаса «Үйдегі интернет» пен Телевизия (егер топтамада болса) қызметтері бұғатталадыү. Теңгерім жеткілікті сомаға толтырылған соң, төлем бірден ұсталып, Үйдегі интернет пен Телевизия қосылады (егер топтамада болса).
Қызметті 12 ай ішінде қолданылмаған жағдайда, логин жойылады. Қызметті кез келген уақытта қалпына келтіруге болады. Толық ақпарат сілтеме бойынша.
Үйдегі интернет жылдамдығы
Тарифіңіздің сипаттамасында көрсетілген үйдегі интернет жылдамдығы «ғимаратқа дейінгі оптика» технологиясы бойынша жабдығыңыз бен құрылғыңыздың арасындағы өткізу мүмкіндігін білдіреді. Бірақ жылдамдық әрдайым тұрақты бола бермейді. Ол бірнеше факторға байланысты.
1. Интернетке бір уақытта бірнеше қолданушы қосылған кезде немесе кейбір клиент орташа статистикалық трафик мөлшерінен көп тұтынса, желіге қосымша жүкт түседі де, басқа қолданушыларда интернет жылдамдығы азаяды.
2. Физикалық кедергілер (қабырғалар мен бөлме аралық есіктер, жиһаз) Wi-Fi сигналын біршама әлсіретуі мүмкін.
3. Құрылғыларыңыз роутерден қаншалықты алыс тұрса, сигнал соншалықты әлсіз болады.
4. Маңайда Wi-Fi желі көбейген сайын, роутердің орнықты әрі шапшаң сигналын ұстау қиын болады.
Үй жағдайында интернет жылдамдығын қалай арттыруға болады:
1. Роутерді интернетті көп қолданатын жерге орнатыңыз.
2. Роутерді жабық шкафтарға, металл қалқандарға және пәтердің басқа да бұрыштарына орнатпаңыз.
3. Смартфондар мен планшеттерді қосуға 2.4GHz диапазонын және шапшаң интернет қажет құрылғыларға 5GHz диапазонын қолданыңыз.
4. Егер интернетке компьютерден шығатын болсаңыз, Wi-Fi емес, шоғырсым арқылы қосылыңыз
Қосымша ақпарат
3 ай қосымша төлемсіз үй теледидары қызметті тек алғаш қосқандарға қол жетімді.