Тарифтің шарттары

Ұсыныс «Үйдегі Интернетті» алғаш рет қосатындар үшін ғана жарамды.

Тарифтің жарамдылық мерзімі

Тариф 31.07.2026 дейін жарамды. Бұл дегеніміз, егер оператор бұл мерзімді ұзартпаса, тариф жабылады, ал логин автоматты түрде басқа, ұқсас параметрлері бар, бірақ басқа бағамен тарифке ауысады. Логин иесі алдын ала хабардар етіледі және қаласа, басқа қолжетімді тарифке ауыса алады.

Келісімшарт болады ма?

Тариф келісімшартсыз қосылады. Бұрын бұл тариф тек келісімшартпен қосылатын, бірақ қазір бұл қажет емес.

Абоненттік төлем

Әр айдың бірінші күні сағат 00:00–03:00 аралығында алынады.

Үйдегі интернетімізді қосу үшін қосымша төлем алынбайды. Қосылған айда абонтөлем тек қалған күндерге пропорционалды түрде алынады, ал қалған сома келесі айға өтеді.

Мысалы: егер Сіз қызметті 15 тамызда қоссаңыз, теңгерімді абонтөлемнің толық сомасына — 7599 тг — толтыру қажет. Уайымдамаңыз: сома тек 15–31 тамыз кезеңі үшін алынады, ал қалғаны логиніңізде сақталады. Бұл соманы келесі абонтөлемге жұмсай аласыз.

Егер тариф 6 ай бойы төленбесе, логин жойылады. Қызметті қайта қосуға болады. Толық ақпарат мына жерде.

Үй интернетінің жылдамдығы

300 Мбит/с дейінгі жылдамдықпен үй интернетін тек GPON технологиясы бар үйлерде қосуға болады. Басқа жағдайларда қосылу жылдамдығы 100 Мбит/с дейін болады.

Жылдамдыққа әсер ететін бірнеше факторлар бар:

1. Интернетке бір уақытта көп қолданушы қосылғанда немесе кейбір клиенттер орташа деңгейден артық трафик тұтынғанда, желіге қосымша жүктеме түседі — бұл басқа қолданушылар үшін интернет жылдамдығын төмендетеді.

2. Физикалық кедергілер (қабырғалар, есіктер, жиһаз) Wi-Fi сигналын айтарлықтай әлсіретуі мүмкін.

3. Бөлменің ауданы да деректерді беру жылдамдығына әсер етеді: пәтер неғұрлым үлкен болса, интернет жылдамдығының төмендеу қаупі соғұрлым жоғары, яғни қуаттырақ роутер қажет.

4. Құрылғыларыңыз роутерден неғұрлым алыс орналасса, сигнал соғұрлым нашар болады.

5. Көршілес Wi-Fi желілері көп болған сайын, роутерден тұрақты әрі жылдам сигнал алу қиындай түседі.

6. Wi-Fi-ға қосылған құрылғылар саны неғұрлым көп және олар неғұрлым қуатты болса, арна соғұрлым жүктеліп, интернет жылдамдығы төмендейді.

Үй жағдайында интернет жылдамдығын қалай арттыруға болады:

1. Роутерді интернетті жиі пайдаланатын жерге орнатыңыз.

2. Роутерді жабық шкафтарға, металл қалқандарға немесе пәтердің жасырын бұрыштарына қоймаңыз.

3. Смартфондар мен планшеттер үшін 2.4GHz, ал интернетке жылдам кіруді қажет ететін құрылғылар үшін 5GHz диапазонын пайдаланыңыз.

4. Егер интернетке компьютерден шықсаңыз — Wi-Fi емес, кабель арқылы қосылыңыз.

Тариф пен технология арасындағы байланыс

Үй интернетінің жылдамдығы ең алдымен Сіздің мекенжайыңыздағы «Үйдегі Интернет» технологиясына байланысты. Қазіргі уақытта екі технология қолданылады — FTTB және GPON. Әр технология үшін интернет қосылымының мүмкін болатын ең жоғары жылдамдығына сәйкес жеке тариф жоспары қолданылады.

100 Мбит/с дейінгі жылдамдықтағы үй интернеті «Үйдегі Интернет» қызметі FTTB технологиясы арқылы қосылған үйлерде қолжетімді (оптикалық кабель ғимарат ішіндегі коммутациялық жабдыққа дейін тартылады).

300 Мбит/с дейінгі жылдамдықтағы үй интернеті заманауи GPON технологиясы арқылы қосылған, яғни оптикалық кабель әр пәтерге тікелей тартылған үйлерде қолжетімді.

Wi-Fi роутерді жалға алу

Біз тек сапалы Wi-Fi роутерлерді жалға береміз. Роутерді жалға алу — тарифке бонус ретінде кіреді.

Алайда құрылғы өз функцияларын толық орындауы үшін оны дұрыс таңдау қажет. Үй интернетіне арналған Wi-Fi роутер қосылу технологиясына, тұрғын үйдің ауданына және пайдаланушылар санына байланысты таңдалады.

Роутерледің сипаттамаларымен танысып, таңдауға сайттан болады немесе қосылу кезінде мамандарымыз ең қолайлы құрылғыны таңдауға көмектеседі.

Қосымша ақпарат

Егер пайдаланушы қызметті уақытша пайдаланбайтын болса және төлем жасауды жоспарламаса, «Ерікті бұғаттау» қызметін қосуға болады. Егер логин толық бір ай бойы бұғаттаулы болса, абоненттік төлем алынбайды.

Бұғаттаудың ең ұзақ мерзімі — 90 күн, ең қысқа — 3 күн.

Қайта бұғаттауды алдыңғы бұғаттаудан кейін 30 күн өткен соң ғана қосуға болады.

Публичный договор

Интернетке қол жеткізу қызметтерін көрсетуге арналған жария шарт