4G Wi-Fi-роутер туралы

Beeline 4G Wi-Fi-роутері бір SIM-картаның көмегімен сымсыз интернетке (Wi-Fi) бір мезетте бірнеше құрылғыдан: телефондардан, смартфондардан,  планшеттер мен ноутбуктерден 10 қолданушыға дейін қосуға мүмкіндік береді.

Маман шақырудың қажеті жоқ, SIM-картаны белсендірсеңіз, барлық баптаулар өздігінен орнатылады! 4GWi-Fi-роутер тек Beeline SIM-картасымен жұмыс істейді.

Жиынтыққа не кіреді?

1. Жылдамдығы жоғары Wi-Fi-роутер.

2. Арнайы тарифтік жоспары мен 200 ГБ интернет-трафигі бар SIM-карта.

3. Өздігінен орнатылатын және компьютеріңіздің барлық қажетті баптауларын жүзеге асыратын бағдарламалық қамсыздандыру.

4G Wi-Fi роутердің мүмкіндіктері:

  • Бір уақытта 10 құрылғыға дейін сымсыз қосылу: тұрақты компьютер, ноутбук, планшеттік компьютер, смартфон, интернет-теледидар - Wi-Fi модульі бар кез келген құрылғыдан қосылуға болады.
  • Жылдам қосылу: маманды шақыру және қосылуды күту қажет емес.
  • Орнату қарапайымдылығы - роутер қандай-да бір орнатуды қажет етпейді.  SIM-картаны модемге орнатыңыз да, оны ұяшық арқылы компьютерге қосыңыз – USB бағдарлама өздігінен қосылады!
  • Меншікті жергілікті желі – роутер интернетке қосылуға арналған Wi-Fi желісін құрып қана қоймайды, сонымен қатар желі ішінде мәлімет алмасуды қамтамасыз етеді.
  • Жылдамдық – роутер GSM/EDGE, 3G және 4G (LTE) желісінде жұмыс істейді.
  • Қауіпсіздік – құрылған Wi-Fi-желісіне рұқсатсыз қосылудың алдын алу үшін, роутер мәліметтерді WPA және WPA2 хаттамалары бойынша шифрлауды қамтамасыз етеді.
  • Қызметтердің ақысын төлеу - қызметтердің ақысын, ұялы байланысқа төлеген жерде төлеуіңізге болады.
  • Қызметтерді ыңғайлы басқару - 4G Wi-Fi-роутер интерфейсінде бір пернені басу арқылы теңгерімді тексеруге, қосымша амал-шарттарды қосуға және өшіруге болады.

Wi-Fi роутерді қайдан сатып алуға болады?

1. Құрылғыны үйден шықпай-ақ сатып алуға болады – интернет-дүкенде тапсырыс берсеңіз болды, біз сізге құрылғыны тегін жеткізіп береміз.
2. Beeline-ның кеңселерінде және басқа сату нүктелерінде.

4G Wi-Fi роутерге нұсқау.

4G Wi-Fi роутерді басқару жолы

Егер Сізде  Beeline-ның 4G Wi-Fi роутері болса:
1. Смартaоннан немесе компьютерден Wi-Fi желісіне қосылыңыз. 
Wi-Fi желісінің аты мен құпия сөз роутердегі жапсырмада жазылған. Интерфейске кіргенде, оларды Wi-Fi баптауларынан өзгертуге болады.
2. 4G Wi-Fi роутердің интерфейсіне кіріңіз: браузер жолында келесіні жазыңыз: 
http://m.home (құпия сөз: admin) MF927U немесе MF971R үлгілеріне;
192.168.8.1 (құпия сөз: admin) R109D-A үшін.
3. Дайын! Хабарламалар қабылдаңыз, жіберіңіз, трафик қалдығын тексеріңіз, құпия сөзді ауыстырыңыз және басқа да көптеген мүмкіндіктер бар.  

Егер құрылғыны Beeline-нан алмасаңыз, роутерде/модемде көрсетілген ІР-мекенжай мен құпия сөзді теріп, құрылғының интерфейсіне кіре аласыз. Ескерту: басқа жабдықтаушылардан алынған кейбір үлгіде USSD-пәрмендерді теру және SMS-терді көру/жіберу функциясы жоқ. 

"Менің Beeline-ым" қосымшасында 4G Wi-Fi модем/роутер оп-оңай басқарылады! 

Егер смартфоныңыздағы мобильді нөмірмен немесе "Үйдегі интернет" логиінімен авторизациядан өтсеңіз, қосымшада екінші құрылғыға тағы бір аккаунт ашыңыз:
1. Басты бетке кіріңіз де, нөмірдің/логиннің жанындағы сілтегішті басыңыз → «Менің нөмірлерім» →  «Аккаунт қосу» → құрылғыдағы SIM-картаның нөмірін жазыңыз.
2. Енді қосымшада авторизациядан өтуді аяқтаңыз. Ол үшін жоғарыдағы нұсқау бойынша 4G Wi-Fi модемнің/роутердің интернефейсіне кіріңіз, "Хабарламалар" бөлімінен "My Beeline" жіберген SMS-ті табыңыз, сілтемеге өтіп, нөмір қосатыныңызды растаңыз. 
3. Дайын! Енді нөміріңізді "Менің Beeline-ым" қосымшасында басқара аласыз.

Егер "Менің Beeline-ым" қосымшасын әлі қолданбасаңыз, оны смартфонға жүктеу керек,  содан соң құрылғыдағы мобильді нөмірмен авторизациядан өтіп, роутердің интерфейсіндегі хабарламалардан көруге болатын кодты жазу арқылы растау керек.

Құрығы мен роутерді қалай тіркеуге болады?

Интернетке кіру үшін, роутерді/модемді өз деректеріңізге тіркеуіңіз керек. 

Жаңа роутерлер автоматты түрде тіркеледі: роутер жиынтығымен берілген, атыңызға тіркелген SIM-картаны салып, құрылғының тіркелгені туралы SMS хабарламаны күтіңіз.

Бұрын қолданылған роутерді атыңызға тіркеуіңіз керек:
Егер ҚР азаматы болсаңыз, құрылғының интерфейсінде *691# пәрменін теріп, ЖСН-іңізді жазыңыз.
Егер шетел азаматы болсаңыз, *693# пәрменін теріп, төлқұжатыңыздың нөмірін жазыңыз.

Құрылғыны тіркеуге қатысты толық ақпарат және басқа да ықтимал жағдайлар мына жерде сипатталған.

Құрылғыдағы нөмір Сіздің деректеріңізге тіркелген болуы керек. 

Құрылғының интерфейсінде *835# пәрменін теріп, нөмірдің тіркеуін тексеріңіз

Егер нөмірдің ешкімге тіркелмегенін көрсеңіз, құрылғының интерфейсіндегі нөмір жіберу бөліміне өтіңіз. SMS арқылы 6914 нөміріне ЖСН-іңізді жіберіңіз. Шетел азаматтары төлқұжат нөмірін 6915 нөміріне жіберіп, қосымша сұрақтарға жауап беруі керек. 
Сондай-ақ "Менің Beeline-ым" қосымшасы арқылы да тіркеуге болады: басты беттегі қызыл хабарламаны басыңыз. Барлық қадамды бірінен соң бірін өтіңіз, құжатыңызды суретке түсіріп, селфи жасау керек болады. 
Немесе жеке басыңызды куәландыратын құжатпен Beeline-ның кез келген кеңсесіне жолығыңыз. Назар аударыңыз: нөмірдің Сізге тиесілі екенін тексеру үшін, Сізден қосымша ақпарат ұсынуды талап етуі мүмкін. 

Егер нөмір басқа тұлғаға тіркелген болса, "Менің Beeline-ым" қосымшасы арқылы сәйкестендіруден өтіңіз: басты бетте нөмірді басыңыз, содан соң нөмірді тағы бір рет басыңыз - "Тұлғаны растау". Ары қарай құжатыңызды фотоға түсіріп, селфи жасаңыз. Нөмір Сізге тіркеледі. Назар аударыңыз! Егер нөмір сенімді арналар арқылы тіркелген болса, қайта тіркеуден бас тартылуы мүмкін. Ондай жағдайда, тек нөмірдің бұрынғы иесі құқығын бере алады. Ол үшін онымен бірге кеңсеге келу керек.

Интернет жылдамдығы неге байланысты?

Интернет жылдамдығы желінің түріне байланысты және әртүрлі таралым аумағында өзгеріп тұрады. 

Ең жоғары жылдамдық келесідей болуы мүмкін:
2G — 473,6 Кбит/с дейін.
3G — 28 Мбит/с дейін.
4G — 150 Мбит/с дейін.

Интернетке бір уақытта көп қолданушы қосылғанда немесе кейбір клиент трафикті орташа статистикалық мөлшерден көп тұтынғанда, желіге қосымша жүк түседі де, басқа қолданушыларда интернет жылдамдығы нашарлайды. Сондай-ақ Wi-Fi  желіңізге көп құрылғы қосылған сайын және олар неғұрлым қуатты болса, арнаның жүктемесі артып, интернет жылдамдығы азаяды.  

Физикалық кедергілер (қабырғалар, бөлме аралық есіктер, жиһаз) Wi-Fi сигналын айтарлықтай әлсіретуі мүмкін. Құрылғыларыңыз роутерден қашық орналасқан сайын, сигнал нашарлай түседі. Сондықтан роутерді ең көп қолданылатын бөлмеде терезеге жақын орналастыруға кеңес береміз.

BeeTV-ді қалай ақысыз қолдануға болады?

Қазақ және орыс тіліндегі киноларды, танымал арналарды, фильмдерді, телехикаяларды, шоуларды, концерттер мен мультфильмдерді көріңіз. 
Егер BeeTV қосымшасында BeeTV Free жазылымын қолдансаңыз, қосымша ештеңе төлеудің қажеті жоқ. 

BeeTV мобильді телевизиясын смартфон, планшет, компьютер және теледидардан көруге болады.

Қосылу жолы:
1. Смартфонға, планшетке BeeTV қосымшасын жүктеңіз немесе компьютерден сайтқа кіріңіз. Сайтта көру үшін ұсынылатын браузерлер — Google Chrome және Mozilla Firefox. 
SMART TV немесе Android TV-де көру үшін, BeeTV қосымшасын орнатыңыз. Samsung Smart TV 2016-2019 жж. және  LG Smart TV – 2015-2019 жж. теледеидарларға орнатуға болады
2. Beeline нөмірімен тіркеліңіз. Тіркелген кезде, код көрсетілген SMS жіберіледі. Роутердегі нөмірге жіберілген SMS-ті 4G Wi-Fi роутердің интерфейсіндегі "Хабарламалар" бөлімінен көруге болады. Осы аккаунт арқылы BeeTV-ді басқа құрылғыларда да көруге болады.
3. BeeTV сайтына немесе қосымшасына кіріңіз. BeeTV Free бөлімінен фильмдерді, телехикаялар мен TV-арналарды тауып, рахаттана көріңіз!

Айтпақшы, BeeTV-де қызықты жазылымдар көп. Олар туралы толық ақпарат біліп, тегін сынап көріңіз.

Тарифтің абоненттік төлемі алынса ғана жазылуға болады. 