Басты бет / Speak Up сенім арнасы

Speak Up сенім арнасы

Бұл Beeline компаниясының қызметкерлерінен, оның бизнес-серіктестері мен басқа үшінші тұлғалардан компания қызметіне қатысты ішкі саясаттар мен процедуралардың және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасының бұзылуы туралы (соның ішінде алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік, мүдделер қақтығысы, ақпараттың заңсыз таралыпып кетуі, этикаға жатпайтын әрекеттер және басқа да құқықбұзушылықтар) ниеттері мен фактілері туралы ақпаратты тәулік бойы, тәуелсіз және сенімді түрде қабылдайтын қауіпсіз ақпараттық арна болып табылады.

Маңызды!

Бұл сенім арнасы тек комплаенс мәселелері мен бұзушылықтарына қатысты хабарламаларды бағыттауға арналған. Байланыс сапасы, қызмет көрсету және басқа да мәселелерге қатысты шағымдарды beeline.kz сайтының басты бетінде көрсетілген байланыс құралдары арқылы қалдыра аласыз.

Байланыс арналары

Егер сізде нақты немесе ықтимал бұзушылықтар туралы ақпарат болса, оны өзіңіз қалаған тілде (қазақ, орыс немесе ағылшын) келесі байланыс арналары арқылы дереу хабарлаңыз:

Біз SpeakUp сенім арнасы арқылы келіп түскен барлық хабарламаларды мұқият қарап, ақпараттың құпиялылығы мен анонимділігін қамтамасыз етеміз.

Маңызды!

Сенім телефоны қызметкерлерге немесе іскер серіктестерге белгілі бір әрекеттерді орындауға және/немесе одан бас тартуға қысым көрсету және/немесе мәжбүрлеу құралы ретінде пайдаланылмауы тиіс, сондай-ақ жеке мәселелерді шешу құралы ретінде қарастырылмауы қажет.

Қасақана жалған ақпарат беру немесе жаман ниетпен хабарлау Компанияның Тәртіп кодексіне қайшы келеді. Мұндай әрекеттер бұзушылықтарды анықтауға және қудалаудан қорғауға бағытталған «Speak Up сенім арнасы» саясатын бұзу болып саналады.