Бәрі Сіз ойлағаннан да оңай

Бір рет баптаңыз

Алдын ала Google Play немесе App Store баптауларында Beeline мобильді теңгерімінен төлемді таңдаңыз. Мұны тек бір рет жасау жеткілікті.

Қызметті таңдаңыз

Сізге қажет нәрсені таңдаңыз: сервистерді төлеу, жазылымдар немесе басқа қолжетімді мүмкіндіктер.

Лезде төлеңіз

Сатып алуды растаңыз. Артық деректерді енгізудің қажеті жоқ — төлем теңгеріміңізден секундтар ішінде алынады.

Мобильді теңгерімді негізгі төлем әдісі ретінде орнатыңыз

Google Play:

1 қадам
Ұялы телефоныңыздағы Play Market / Google Play – ді ашыңыз
2 қадам
Өзіңіздің Google Play аккаунтыңызға кіріп, мәзірдегі «Төлемдер мен жазылымдар» бөліміне өтіңіз
3 қадам
«Төлем тәсілдері» мәзіріне өтіңіз
4 қадам
«Beeline есепшотын қосу» батырмасын басып, «Қосу» таңдаңыз. Дайын!

App Store:

1 қадам
iPhone баптауларына өтіңіз, өз атыңызды (Apple ID) басыңыз
2 қадам
«Төлем мен жеткізу» таңдаңыз
3 қадам
“Add Payment Method” (Төлем тәсілін қосу) батырмасын басыңыз
4 қадам
«Мобильді нөмір» (Beeline теңгерімі) функциясын негізгі төлем түрін реінде таңдаңыз.

Неге теңгерімнен төлеген ыңғайлы?

Артық пластиксіз

Банк карталарын тіркеп, олардың деректерін енгізудің қажеті жоқ.

Жылдамдық

Төлем бірнеше секундты ғана алады — стримдегі маңызды сәтті өткізіп алмайсыз.

Бәрі қауіпсіз

Барлық төлемдер — тікелей мобильді теңгеріміңізден. Нені сатып алуды өзіңіз таңдайсыз: цифрлық контент, жазылымдар және ойын ішіндегі сатып алулар.

Сұрақтарыңызға жауап береміз

Иә, Google Play мен App Store-да мобильді теңгерімнен оп-оңай төлей аласыз. Тек Beeline SIM-картасы салынған смартфон немесе планшет керек. 

- Google Play. Google Play-дегі аккаунтыңызға кіріп, «Төлем әдістері» бөлімінде «Beeline арқылы төлеуді» таңдасаңыз болды. 

- App Store. iPhone құрылғысында "Реттеулер" бөліміне өтіңіз, "Apple ID" опциясын таңдаңыз да, "Төлем және жеткізілім" түймесін басып, әріқарай "Add Payment Method" бөлімінде мобильді нөмірді таңдаңыз.

Сізге болады.😊 Егер теңгерімдегі сома сатып алуға жетпейтін болса, сенімді төлемді пайдаланыңыз. Ең көп сома — 5000 тг, 20%-бен 3 күнге беріледі. Толық ақпарат мына жерде

Иә, теңгерімнен төлеген қауіпсіз. Төлем жасар алдында Google Play/App store -да тіркелім жазбасының кілт сөзін енгізуді ұсынады, сол арқылы төлемді өзіңіз жасайтыныңызды растайсыз.

Beeline теңгерімінен төлегенде ешқандай комиссия жоқ. Тек Google Play не App Store контентіне төлейсіз.

Сатып алу тарихын және оның есебін кез келген уақытта Janymda қосымшасында қарай аласыз.

Егер қосымшада сатып алған контентіңіз қол жетімсіз болса немесе жұмыс істемей тұрса, не жүктелмесе: 

• Контент жеткізушісіне (жасаушыға) хабарласыңыз; 

• Cілтемелерге өту арқылы қаражатты қайтаруға сұраныс жолдауға болад: 

Google Play үшін 

App Store үшін