YouTube Premium жазылымын Beeline теңгерімінен төлеңіз

Банк картасы деректері мен CVV-кодтарды жазбай-ақ — оңай, ыңғайлы әрі қауіпсіз! 
Ал жазылымның бірінші айы — тегін.

Бір рет баптаңыз

Google Play және App Store-да мобильді теңгерім арқылы төлемді баптаңыз. Мұны бар болғаны бір рет жасау жеткілікті!

Қызметті таңдаңыз

YouTube → Профиль → YouTube Premium жазылымы бөліміне өтіңіз

Бір сәтте төлеңіз

Төлемді растаңыз — болды, жазылым Сіздікі!

Мобильді теңгерім арқылы төлемді баптау оңай

Google Play:

Қадам 1
Play Market / Google Play қолданбасын ашыңыз.
Қадам 2
Профиліңізге кіріп, «Төлемдер мен жазылымдар» бөліміне өтіңіз.
Қадам 3
«Төлем тәсілдері» мәзіріне өтіңіз.
Қадам 4
«Beeline байланыс операторын қосу» түймесін басып, «Қосу» параметрін таңдаңыз. Дайын!

App Store:

Қадам 1
«Реттеулер» бөліміне өтіп, өз атыңызды (Apple ID) басыңыз.
Қадам 2
«Төлем және жеткізілім» тармағын таңдаңыз.
Қадам 3
“Add Payment Method” (Төлем тәсілін қосу) түймесін басыңыз.
Қадам 4
Негізгі төлем тәсілі ретінде «Мобильді нөмірді» (Beeline теңгерімі) таңдаңыз.

Beeline теңгерімінен төлеудің артықшылықтары:

ОҢАЙ

Төлем тәсілін бір рет баптау жеткілікті.

ЫҢҒАЙЛЫ

Тек теңгерімді толтырыңыз — әр жолы артық қадамдар мен баптаулардың қажеті жоқ.

ҚАУІПСІЗ

Банк карталары, CVV-кодтар мен төлем деректерін енгізудің керегі жоқ.

Сұрақтарыңызға жауап беруге тырыстық:

YouTube көресіз бе? Premium жазылымымен бұл одан да ыңғайлы:
1. Жарнаманы ұмытыңыз: енді «5 секундтан кейін өткізу» деген болмайды 😊
2. Бейнелерді фон режимінде қосыңыз: қосымшадан шығып немесе экранды бұғаттасаңыз да, подкаст немесе сұхбат жалғаса береді.
3. Бейнелерді жүктеп алып, офлайн көріңіз: жолда, ұшақта немесе интернет жоқ жерде өте ыңғайлы.
4. YouTube Music-те музыка тыңдаңыз: сүйікті тректер және ешқандай жарнама жоқ!

YouTube Premium арқылы Сіз видеоларды жарнамасыз көре аласыз, оларды фон режимінде қоса аласыз және офлайн көру үшін жүктей аласыз. Жазылымға сондай-ақ YouTube Music Premium кіреді: 100 миллионнан астам трек жарнамасыз, офлайн және фон режимінде.

Ата-аналарға бонус: «YouTube Балаларға» қосымшасындағы видеолар да жарнамасыз.

YouTube Premium отбасы жазылымы 6 адамға арналған — Сіз бен тағы 5 отбасын мүшесіне дейін. Бірге тұратын және Google аккаунты бар жақындарыңызды қоса аласыз. Әрқайсысында жеке профиль, ұсыныстар мен олар көрген контент тарихы болады.

Жақсы жаңалық: баптаудың қажеті жоқ😊

YouTube Premium жазылымы бар пайдаланушылар үшін YouTube, YouTube Music және «YouTube Балаларға» қосымшаларында фон режимі автоматты түрде қосулы. Қосымшадан шығыңыз немесе экранды бұғаттаңыз — Сіз өзіңіз тоқтатқанға дейін ойнай береді.

Контентті жүктеп алып көру үшін YouTube, YouTube Music және «YouTube Балаларға» қосымшаларын, сондай-ақ Chrome, Edge және Opera браузерлерін пайдалануға болады.

Интернетсіз 30 күнге дейін жүктеп алып көріңіз немесе тыңдаңыз. Сапарларда өте ыңғайлы 😊

YouTube қосымшасын ашыңыз → Аккаунт → Баптаулар → «Сатып алынғандар/мүшеліктер» бөлімінде жазылымды тоқтатыңыз. 

Ойыңызды өзгерттіңіз бе? Жазылымды кез келген уақытта қайта қосуға болады.