Алғашқы ғарыштық мобильді байланыс

бүкіл Қазақстан аумағында Starlink спутниктері арқылы

Starlink Mobile деген не?

Енді мобильді байланыс тек мұнаралар мен базалық станцияларға тәуелді емес. Жерүсті желісі қолжетімсіз болғанда, смартфоныңыз Starlink спутнигіне қосылып, Сіз байланыста қаласыз.

Негізгі артықшылықтары

Тауда, далада және жолда - еліміздің кез келген жерінде байланыста болыңыз

Смартфоныңызға қосымша жабдықсыз қосыңыз

<

Жаңа технологияны тегін қолданып көріңіз

Starlink Mobile-ді қалай қосуға болады

Смартфон, Beeline SIM-картасы және Қазақстан аспаны - мобильді спутниктік байланыс үшін қажет нәрсенің бәрі.

Смартфон
4G қолдайтын Android
 

Janymda қосымшасы
Starlink-ті қосып, геолокацияға қол жеткізуге рұқсат беріңіз

Ашық аспан
Биік ғимараттар мен басқа да ірі нысандардан алыс, ашық жерге шығыңыз

Starlink желісі
Жерүсті желісі ұстамайтын жағдайда смартфон автоматты түрде қосылады

Қаладан шықпай-ақ Starlink-ті сынау үшін смартфон баптауларында Starlink желісін қолмен таңдауға болады.
SIM-карта баптауларында желі Beeline Starlink немесе 401 04 ретінде көрсетілуі мүмкін

Сұрақтарыңызға жауап беруге тырыстық:

Спутниктік байланыс мобильді желі қамтымайтын жерлерде, мысалы, тауда, далада, тасжолда немесе басқа шалғай аймақтарда жұмыс істейді. Қосылу үшін аспан ашық көрінуі керек. Жерүсті желісінің қамту аймағына оралған кезде смартфон оған автоматты түрде ауысады.

Қосымша жабдық қажет емес. Технологияны қолдау смартфон өндірушісі мен моделіне байланысты. Қазір ол LTE (4G) қолдайтын Android смартфондарында қолжетімді. Басқа құрылғыларда технология кейін қолжетімді болады.

Қолжетімді сервистер тізіміне шектеу жоқ: мессенджерлерде сөйлесуге, карталарды пайдалануға, сайттар мен қосымшаларды ашуға болады. Деректерді жіберу жылдамдығы – 2 Мбит/с дейін.

1. Beeline SIM-картаңыздың белсенді екеніне және деректерді жіберу үшін таңдалғанына көз жеткізіңіз. 

2. Аспан анық көрінетін ашық жер табыңыз: биік ғимараттардан, ағаштардан және басқа да ірі нысандардан алыс болуы керек. 

3. Роумингтегі деректерді жіберу функциясы қосулы екенін тексеріңіз. Жердегі мобильді желі болмаған жағдайда, смартфон Beeline Starlink желісіне автоматты түрде қосыла алады. Сондай-ақ Starlink желісін смартфон баптауларында қолмен таңдауға болады: «Мобильді желі / SIM-карталар» → «Желі операторы» → желіні автоматты түрде таңдауды өшіріңіз. Желі Beeline Starlink немесе 401 04 болып анықталуы мүмкін. 

4. Қосылу бірнеше минут алуы мүмкін. Қосылғаннан кейін экранда R белгішесі шығып, желі атауы Beeline Starlink деп өзгереді.

Геолокацияға қол жеткізу спутниктік байланыстың жұмыс істеуі үшін қажет. Бұл міндетті шарт: орналасқан жерді анықтауға рұқсат бермесеңіз, спутниктік желіге қосыла алмайсыз.

Сізге байланыс қызметін белсендіруге арналған сілтемесі бар SMS келеді. Сілтеме арқылы өтіп, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 

Егер SMS келмесе, Janymda қосымшасын ашып, Starlink Mobile бөліміне өтіңіз.