Нөміріңіз бен құрылғыңыздың дұрыс тіркелгеніне көз жеткізіңіз. Нөмір мен құрылғының тіркеуін тексеру үшін, *835# пәрменін теріңіз немесе сілтеме арқылы өтіңіз.
ЖСН-іңізге тіркелген басқа нөмірлерде әлеуметтік тариф жоспарлары қосылмағанына көз жеткізіңіз. Бір адамда жеңілдігі бар бір ғана нөмір болуы керек. Егер «Әлеуметтік» тарифін жаңа нөмірге қосқыңыз келсе, ескісінде тариф жоспарын ауыстырыңыз. Қосуға болатын тариф жоспарларымен мына жерде танысуға болады.
Сіз — жасыңызға қарай шыққан зейнеткерсіз, егер тариф жоспарын қосатын сәтте, жасыңыз 59,5 жаста (әйелдер үшін) немесе 63 жаста (ерлерге) болса. Жас шектеуі «Қазақстан Республикасының зенеткерлік қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңының 2-тарауына (11-бап, 1-тармақ) сай қолданылады.
Сіз — ерте шыққан зейнеткерсіз, егер Сізде зейнеткер куәлігі болса және Сіз:
- еңбек өтіліңіз бойынша зейнеткер болсаңыз;
- 1949 жылғы 29 тамыз бен 1963 жылғы 5 шілде аралығында төтенше және радиация қаупі аса жоғары аумақтарда ең кемі 5 жыл тұрған босаңыз;
- 53 жастағы және одан асқан, 5 және одан көп бала тапқан әрі оларды 8 жасқа дейін тәрбиелеген әйел болсаңыз. .
Сіз — мүмкіндігі шектеулі тұлғасыз, егер қосатын сәтте Сізде I, II немесе III топ мүгедектігі туралы жарамды анықтама болса.
Деректеріңізді Менің Beeline-ым қосымшасында тексере аласыз.
• PlayMarket немесе AppStore ресурстарынан Менің Beeline-ым қосымшасын смартфонға жүктеп алыңыз.
• Қосымшада нөміріңізбен авторизациядан өтіңіз.
• Басты бетте нөміріңізді басыңыз, Дербес баптаулар бөліміне өтесіз.
• «Дербес баптаулар» парағында нөміріңізді шертіп, «Тұлғаны растау» пернесін басыңыз.
• Жеке куәлігіңізді дайындаңыз. «Жалғастыру» пернесін басып, құжатыңызды сканерлеңіз.
• Селфи жасауға дайындалыңыз. Соның арқасында, құжаттардың шын мәнінде Сіздікі екенін түсінеміз.
• Құжатыңыздың дұрыс сканерленгеніне көз жеткізіңіз. Егер бәрі дұрыс болса, «Деректерді растау» пернесін басыңыз. Қате тапсаңыз, құжатты қайта сканерлеңіз.
• Нөмірдің тіркеуі өзгерген соң, 15 минуттан кейін қайта қосып көріңіз.
Егер қандай-да бір себеппен қосымшада тексеруден өте алмасаңыз, кеңсеге келуіңізді сұраймыз. Өзіңізге жақын маңдағы кеңсені мына жерден таба аласыз.