1)    3 құжатты алдын ала дайындаңыз:

    жеке куәлігіңіздің сапалы фотосуретін немесе сканерленген көшірмесін; 
    мектеп берен анықтаманың фото немесе скан-көшірмесін. Анықтама, тариф жоспарын қосу өтінішін беретін күннен бір ай мерзімнен бұрын берілмеген болуы керек. 
    осы құжаттарды қолыңызға ұстап тұрған, анық түскен, электронды фотосуретті;

2)    Тарифті қосқыңыз келетін нөмір салынған телефонды алдыңызға қойыңыз (ол дұрыс сәйкестендіру үшін керек: нөмірге хабарлама келеді);

3)    Таңдаған нысаныңызда аты-жөніңізді, 12 таңбалы ЖСН-ді және телефон нөмірін көрсетіп, 3 құжатты JPEG, PNG, PDF немесе WORD форматында жеке-жеке файл түрінде тіркеңіз (бір файлдың көлемі 3 МБ-дан аспауы керек);

4)    Өтініштің қарастырылғанын күтіңіз:

    егер құжаттарыңыз дұрыс болса, Сізді 3 жұмыс күні ішінде «Әлеуметтік» тариф жоспарына қосады; 
    егер қандай-да бір сұрақтар болса, жұмыс күні сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін өтініште көрсетілген нөмір арқылы Сізге хабарласамыз; 
    құжаттарыңыз сәйкес келмесе, өкінішке қарай, Сізге тариф жоспарын қоспауы мүмкін;  
    егер үш жұмыс күні ішінде тариф жоспары Сізге қосылмаса және Сізге ешкім қоңырау шалмаса, 0611 нөмірі арқылы Call Center-ге хабарласуыңызды өтінеміз.

Деректеріңізді Менің Beeline-ым қосымшасында тексере аласыз.

    PlayMarket немесе AppStore ресурстарынан Менің Beeline-ым қосымшасын смартфонға жүктеп алыңыз.
    Қосымшада нөміріңізбен авторизациядан өтіңіз. 
    Басты бетте нөміріңізді басыңыз, Дербес баптаулар бөліміне өтесіз.
    «Дербес баптаулар» парағында нөміріңізді шертіп, «Тұлғаны растау» пернесін басыңыз.
    Жеке куәлігіңізді дайындаңыз. «Жалғастыру» пернесін басып, құжатыңызды сканерлеңіз.
    Селфи жасауға дайындалыңыз. Соның арқасында, құжаттардың шын мәнінде Сіздікі екенін түсінеміз.
    Құжатыңыздың дұрыс сканерленгеніне көз жеткізіңіз. Егер бәрі дұрыс болса, «Деректерді растау» пернесін басыңыз. Қате тапсаңыз, құжатты қайта сканерлеңіз.
    Нөмірдің тіркеуі өзгерген соң, 15 минуттан кейін қайта қосып көріңіз.

Егер қандай-да бір себеппен қосымшада тексеруден өте алмасаңыз, кеңсеге келуіңізді сұраймыз. Өзіңізге жақын маңдағы кеңсені мына жерден таба аласыз.