Офлайн роуминг кезінде қоңыраулар

Кейбір елдердің операторларының желілерінде офлайн роуминг қызметі жұмыс істейді, мұнда шығыс қоңыраулар үшін ақы бірден емес, кейіннен алынуы мүмкін. Бұл роумингтегі қоңыраулар туралы ақпараттың шетелдік оператордан кешігіп түсуіне байланысты.

Тарифтелудің кешігуі жеке шотыңызда қарыз пайда болуына және соның салдарынан нөміріңіздің күтпеген жерден бұғатталуына алып келуі мүмкін. Қарыздың алдын алу үшін офлайн роумингтегі шығыс қоңыраулар теңгерімде 1000 теңгеден жоғары сома болғанда жасалады.

Бұл ретте қалған барлық қызметтер – кіріс қоңыраулар, SMS және мобильді интернет – кешікпей тарифтеледі және тек оң теңгерімде қолжетімді болады. Офлайн роумингтің қолданыстағы шарттары алдын ала төлеммен қызмет көрсетілетін абоненттер үшін өзекті.

Егер қоңырау шалуда қиындықтар туындаса, төмендегі нұсқаулықтарды қараңыз:

Егер қоңырау шалуда қиындықтар туындаса, төмендегі нұсқаулықтарды қараңы

Роумингте жүрген кезде нөмірлерді халықаралық форматта теру қажет (SMS жіберу кезінде де):

+ (елдің коды) (қаланың немесе оператордың коды) (абоненттің нөмірі)

Мысалы, Қазақстанға роумингтен қоңырау шалу немесе SMS жіберу үшін:

 8 - 777 - XXX - XX – XX нөмірін былай теру керек: +7 777  XXX - XX - XX

(мұндағы 7 – Қазақстанның коды, 777 – Beeline операторының коды, ХХХ - ХХ - ХХ – абоненттің нөмірі).

*102# пәрмені арқылы теңгерімді тексеріңіз, офлайн роумингте шығыс қоңыраулар тек 1000 теңгеден жоғары сомасы бар теңгерімде ғана жасалады

 

Қажет болған жағдайда, теңгерімді онлайн немесе басқа тәсілдердің бірімен толықтырыңыз.

Қарыз болмас үшін, офлайн роумингте жаңа қосылған барлық нөмірлер үшін шығыс қоңырауларға шектеу қойылады. Бұл шектеу нөмір белсенді болған күннен бастап 90 күн өткен соң автоматты түрде алынып тасталады.

 

90 күн толмай тұрып, шектеуді Beeline кеңселерінің біріне жүгініп, клиенттерді қолдау орталығына +77273500500 нөмірі арқылы хабарласып немесе сайтта оператордың кері қоңырауына тапсырыс беру арқылы алып тастауға болады.

 

Егер 90 күн әлі өтпеген болса және Сіз шектеуді сапарға шықпас бұрын алып үлгермеген болсаңыз, «Дүниежүзілік роуминг» қызметін пайдалануға кеңес береміз. Бұл қызмет арқылы роумингте жүріп, ҚР нөмірлеріне қоңырау шала аласыз. «Дүниежүзілік роуминг» қызметін қосу тегін. Қосылу нұсқаулығы мен пайдалану шарттарын осы жерден қараңыз.