Қанша нөмір қосуға болады?
2, 4 не 6 — қандай тариф таңдағаныңызға байланысты. Тариф атауында анықтама бар — «Премиум Отбасы х2», «Премиум Отбасы х4», «Премиум Отбасы х6». Назар аударыңыз: бұл санға Сіздің нөміріңіз де кіреді. Аз нөмір қосуға да болады, алайда нөмір көп болған сайын, тариф те тиімді бола түседі, себебі абонтөлем қатысушылар санына байланысты. Әр нөмірді қосымша төлемсіз 31.12.2025 (қоса алғанда) дейін қосып үлгеріңіз. Егер көрсетілген мерзімді оператор ұзартпаса, осы күнге дейін және/немесе одан кейін қосылған нөмірлер үшін қосымша төлем енгізілуі мүмкін.
Мобильді интернет шексіз бола ма?
«Премиум Отбасы» тарифтерінде интернет науқан бойынша шексіз. Сізге де, тарифтегі адамдарға да. Алайда «Әділ пайдалану саясаты» бар: ортақ есеппен барлық қатысушы 120 ГБ («Премиум Отбасы х2»), 240 ГБ («Премиум Отбасы х4») немесе 360 ГБ («Премиум Отбасы х6») қолданған соң, жылдамдық 256 Кбит/с дейін баяулайды, бірақ шексіздік сақталады. Бұл жылдамдық мессенджерлерге, әлеуметтік желілерде әңгімеге және бейнеконтент көруге әбден ыңғайлы.
Қаласаңыз, жылдамдықты 3999 теңгеге "Турбо +50 ГБ" қызметі арқылы жоғары жылдамдықта қосымша 50 ГБ қосып немесе *355# пәрмені бойынша, не Janymda қосымшасындағы "Менің тарифім"/"Аккаунт" бөлімінде тарифті қайта қосу арқылы қалпына келтіруге болады. Абоненттік төлем қайта алынады, қызметтер пакеттері нөлденіп, қайта толады.
Шексіз трафик науқаны «Премиум Отбасы» тарифтерінде 31.12.2025 дейін жүреді. 01.01.26 бастап трафик көлемі барлық қатысушыларға бөлінеді: «Премиум Отбасы х6» тарифінде барлық қатысушыға 360 ГБ, «Премиум Отбасы х4» тарифінде — 240 ГБ, «Премиум Отбасы х2» тарифінде — 120 ГБ болады.
Бонустар қалай жұмыс істейді?
«Премиум Отбасы» тарифтерінің әр қатысушысына:
• BeeTV: Kino жазылымына кіретін 5 онлайн-кинотеатр телехикаялары мен фильмдері: viju, Amediateka, QAZAQSHA, BeeTV+ пен PREMIER.
• hitter: музыкаға premium-жазылым
• Simply: саудадан үйреншікті кешбэктерге +1%
• BeeCloud: медиа және басқа файлдарды бұлтта сақтауға 10 ГБ
Бонустар 31.12.25 дейін әрекет етеді. BeeTV-дің бонус контентін өзгертуге құқығы бар.
31.10.25 дейін әрбір төлем кезінде Сіз S! бонус кешбэк аласыз (төлемнен кейінгі күн ішінде). Оларды теңгерімге жіберіп, абоненттік төлем төлеуге немесе Simply картасы арқылы жасалатын сатып алуларға пайдалануға болады.
Смартфон мен үйдегі интернетті сыйлыққа қалай алса болады?
Смартфонды кез келген Beeline абоненті, егер мына үш шартқа сай болса ала алады: Сіз жасы 21-ден асқан, 75 жасқа толмаған ҚР резидентісіз, қарызыңыз жоқ, мобильді нөмір теңгерімі оң.
Не істеу керек?
1. Смартфон алу үшін Beeline Shop арқылы өтінім қалдырып, мақұлдауды күту қажет (қарыз бар-жоғы туралы ақпарат тексеріледі).
2. Мақұлданған соң, «Премиум Отбасы» келісімшарттық тариф жоспарына өту керек. Келісімшарт мерзімі — 12 ай, осы кезеңде тариф бойынша абоненттік төлемді үзбей төлеп тұру маңызды. Келісімшарттық тариф жоспарында 2000S! бонус кешбэк орнына 1000S! бонус беріледі.
3. Тарифпен бірге сыйлыққа Сіз Samsung Galaxy A06 64GB смартфонын аласыз.
Ұсыныс 30.08.2025 (қоса алғанда) дейін жарамды.
Мекенжайыңызда техникалық мүмкіндік болса және тегін смартфонға мақұлдау берілсе, «Үйдегі Интернет» пен үйдегі телевизияны келісімшарттың әрекет ету мерзіміне қосуға болады. Қосылу мүмкіндігін мына жерден тексеруге болады.
Келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін, егер қызметтерді пайдалануды жалғастырғыңыз келсе, қосуға болатын кез келген тарифті таңдай аласыз.
300 Мбит/с дейінгі жылдамдықта үй интернетін қосу тек GPON технологиясы бар үйлерде ғана мүмкін. Басқа жағдайларда қосылу жылдамдығы 100 Мбит/с дейін болады.
Маңызды ақпарат:
• Келісімшарт талаптары бұзылған жағдайда интернет пен ТВ қызметтері уақытша шектелуі мүмкін. Бұзушылықтар жөнделгеннен кейін қызметтер 3 жұмыс күні ішінде қалпына келуі мүмкін.
• Қосылу тек техникалық мүмкіндік болған жағдайда ғана жүргізіледі. Тексеру кезінде көрсетілген мекенжайда қажетті жұмыстарды жүргізуге немесе локацияның ерекшеліктерін ескере отырып, қосуға мүмкіндік жоқ екені анықталса — қызметтер қосылмайды, бірақ смартфоны бар тарифке жасалған келісімшарт өз күшінде қалады.
Басым қызмет не береді?
Тариф басшысы қай жерге хабарласса да, бірінші болып қабылданады — 116 нөміріндегі колл-орталық немесе авторизациядан кейін чат-бот болсын.
Білген жөн
Тарифтер тек ҚР аумағында әрекет етеді. .
Тариф жоспарының шарттары тариф қосылған соң 12 ай бойы жұмыс істейді. Яғни бекітілген мерзім оператормен созылмаса, тариф басшысының нөмірі автоматты түрде «Стандартты 21» тариф жоспарына ауыстырылады, ал қатысушылар нөмірлері «Қарапайым (Отбасы ортасы)» тариф жоспарында қала береді.
«Стандартты 21» тариф жоспары 01.06.2028 дейін әрекет етеді. Бұл дегеніміз, егер оператор мерзімді ұзартпаса, «Стандартты 21» тариф жоспары көрсетілген күні автоматты түрде өз жұмысын тоқтатады.
Сіз алдын ала хабар аласыз және қаласаңыз, Janymda қосымшасындағы немесе сайттағы қолжетімді кез келген тарифке ауыса аласыз.