Тариф жоспарын зейнеткерлер, барлық топтағы мүмкіндігі шектеулі тұлғалар және ұстаздар қоса алады.
-
тариф жоспары бойынша
16 ГБ
-
Beeline-ға
Шексіз
-
ҚР-дағы басқа моб. және қалалық нөмірге
160 мин
-
Beeline-ға
200 SMS
Абоненттік төлемге кіреді:
Интернет-топтама |
16 ГБ | |
Beeline-ға қоңырау шалу |
Шексіз | |
ҚР-дағы басқа моб. және қалалық нөмірге қоңырау шалу |
160 мин | |
Beeline-ға SMS |
200 SMS | |
Топтамалардың қалдығын тексеру |
*106# | |
Топтамаларды шұғыл қалпына келтіру |
*166# |
Қанша тұрады?
Абоненттік төлем |
3490 тг/айына |
Қоңырау соғу, хабарлама және интернет
Абоненттік төлем ҰСТАЛМАҒАН жағдайда немесе топтама таусылғанда:
Вeeline нөмірлеріне қоңырау соғу |
18 тг/мин | |
ҚР-дағы басқа мобильді нөмірге қоңырау соғу |
18 тг/мин | |
Абоненттік төлем ұсталмаған кездегі интернетке қосылу |
3 тг/МБ |
Интернет-топтама біткенде, кездейсоқ шығындардың алдын алу үшін, интернетке қосылу мүмкіндігі бұғатталады.
Абоненттік төлемге кірмейтін қызметтердің құны:
ҚР-дағы қалалық нөмірлерге қоңырау соғу |
18 тг/мин | |
Beeline нөмірлеріне SMS жолдау |
18 тг/SMS | |
ҚР-дағы басқа мобильді нөмірге SMS жолдау |
18 тг/SMS |
Егер минуттар немесе интернет бітсе:
1.*355# қысқа пәрменін теру арқылы ай сайынғы барлық топтаманы қалпына келтіре аласыз.
Пәрмен тарифтік жоспарға кіретін қызметтердің барлық топтамасын қалпына келтіреді. Пәрменді термес бұрын, теңгеріміңізде тарифтік жоспардың негізгі абоненттік төлемін ұстауға қаражат жететініне көз жеткізіңіз.
2. Немесе қызметтердің бір жолғы топтамасын сатып алуыңызға болады:
Қосымша ақпарат
Тариф жоспарына сайт немесе жақын маңдағы Beeline кеңсесі арқылы қосыла аласыз.Мерзімінен бұрын шыққан зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар және ұстаздар «Әлеуметтік» тариф жоспарына 3 жұмыс күні ішінде қосылады.
Бір адамда жеңілдігі бар бір ғана нөмір болуы керек. ЖСН-ге тіркелген басқа нөмірлерде әлеуметтік тариф жоспарлары қосылмағанына көз жеткізуіңіз қажет.
Абоненттік төлем күнтізбелік айға қарамастан айына 1 рет ұсталады. Мысалы, абоненттік төлем 5 қаңтарда төленсе, келесі төлем мерзімі – 5 ақпан;
Интернет-топтаманың, минуттар мен SMS-тердің қолданылмаған қалдығы жойылады, келесі кезеңге көшірілмейді, сондай-ақ басқа тарифтік жоспарға ауыссаңыз да дәл солай.
Абоненттік төлем сағат 00:00-ден 03:00-ге дейін ұсталады. Егер теңгерімдегі қаражат абоненттік төлемді ұстауға жетпейтін болса, теңгерім абоненттік төлемге жететін сомаға толтырылғанда абоненттік төлем толық ұсталып, айына жарамды интернет-топтама, минуттар мен SMS-тер топтамасы беріледі.
Абоненттік төлем дұрыс ұсталуы үшін және әдепкі құн бойынша тарифтелудің алдын алу үшін, негізгі абоненттік төлем ұсталар алдында, мобильді деректерді өшіріп қоюға кеңес береміз.
Тарифтік жоспардың шарттары Қазақстан Республикасының барлық жерінде әрекет етеді.
Қазақстан Республикасынан тыс жердегі тарифтелу роумингтегі қызметтер үшін бекітілген тарифтер бойынша есептеледі.
Тарифтік жоспарда «Байланыста бол!» қызметі қосылған – Сіз жауап бере алмай қалған қоңырауларыңыз бен келген дауыстық хабарламалар туралы SMS хабарлама аласыз, дауыстық хабарламаларды дауыстық поштаның 6600 нөмірі арқылы тыңдай аласыз (қоңырау құны – 25 тг/мин). Өшіру үшін *110*016# пәрменін теріңіз.