-
Қазақстандық кез келген веб-ресурстағы, соның ішінде Egov.kz, Zakon.kz, Kundelik.kz, Krisha.kz, Kolesa.kz және басқа танымал сайттардағы контентті шексіз ашуға, оқуға және көруге болады.
Тариф топтамасынан интернет-трафик шығындалмайды.
Қызмет құны:
Абоненттік төлем айына бір рет ұсталады |
590 тг |
Қызметті қосу және өшіру
Қосу пәрмені | ||
Қызметті өшіру |
Қосымша ақпарат
Егер Сізде «Ұйқтатпас интернет» қызметі қосылып тұрса, «Шексіз Қазнет» қызметі қосылмайды. Қазнетке шексіз қосылу қызметін қолдану үшін, «Ұйқтатпас интернет» қызметін өшіру керек.
Қызмет роумингте істемейді.
Білгеніңіз маңызды!
Шексіз интернет-трафик Қазақстандағы серверлерде орналастырылған (хостингі бар), .kz және .kaz доменді сайттарға беріледі.
Назар аударыңыз, кейбір сайттарда трафиктің 2 түрі болуы мүмкін: меншікті ішкі – ол шексіз; және сыртқы – техникалық трафик, баннерлі жарнама, кіру санағыштары, басқа сайттардың видеолары (YouTube, Vkontakte, Rutube, Vimeo және басқалары). Сыртқы трафикке шексіз қосылу мүмкіндігі берілмейді.
Егер телефонда VPN, анонимайзер немесе прокси қосылып тұрса, Қазнетке шексіз қосылу мүмкіндігі берілмейді әрі трафик негізгі топтамадан шығындалады.
Елімізден шет жерде орналастырылған,.kz және .kaz доменді сайттарға тегін қосылу мүмкіндігі берілмейді. Сайттың Қазақстанда немесе басқа жерде орналасқанын тексеру үшін, іздеу жүйелерін қолдануға болады (мысалы, Google)
Сервистерге шексіз қосылу мүмкіндігі мобильді қосымшалар арқылы да, web-нұсқалар (браузерлер) арқылы да беріледі.
Қызмет 2,5 Мбит/с дейінгі базалық орнықты жылдымдықты қамтамасыз етеді.