Артқа
Отбасы ортасы
Қызметтің сипаттамасы

«Отбасы ортасы» — мол дастархандай: тарифтегінің бәрін бөліп беруге болады. Біреуі төлейді де, бәрі қолданады.

Төлемге:
990 ₸/ай

«Отбасы ортасы» қызметі бір адамның тарифін отбасы тарифіне айналдырады.
Тарифін бөлісетін адам – басшы, ал бөліскен адамдары – қатысушы.

Басшы жақындарын немесе достарын қатысушы болуға шақырады. Олар шақыруды қабылдаған кезде, бәрі ортақ болады.

Қызметтің қолжетімділігін Janymda қосымшасында білуге болады.

Қосымша нөмірді қосу тегін де, ақылы да болуы мүмкін. Әр нөмір үшін қосымша төлем мөлшері және қосуға болатын нөмірлер саны тарифке байланысты.

Басшы өз тарифі бойынша абоненттік төлемді + қосылған әр қатысушы үшін қосымша төлемді (егер қарастырылған болса) төлейді. Ал қатысушылар жай ғана уайымсыз пайдаланады — олар үшін төлем төленіп қойған 🙂

Басшы:

Смартфон немесе планшет арқылы Janymda қосымшасына кіріңіз → «Аккаунт» бетінде үлкен батырманы басыңыз → жақыныңыздың нөмірін жатқа енгізіңіз немесе контактілер тізімінен табыңыз → шақыру жіберіңіз.

Қатысушы:

7708 нөмірінен келген SMS-ке «Иә» деп жауап беріңіз немесе Janymda қосымшасының «Аккаунт» бөліміндегі «Отбасы ортасы» батырмасын басыңыз.

Егер Сізде M2M құрылғы (дабыл жүйесі, GPS-трекер, смарт-сағат) болса, Janymda қосымшасының «Аккаунт» бөліміндегі «Отбасы ортасы» батырмасын басыңыз немесе ресми әлеуметтік желілердегі аккаунттар арқылы/ 116 нөміріне (немесе Beeline нөмірінен қоңырау шалмасаңыз +7 727 3 500 500) хабарласыңыз/ Beeline кеңсесіне барыңыз.

Қатысушының нөмірі тариф басшысының тариф жоспарына қосылғанда, ол «Жеңіл (Отбасы ортасы)» тарифіне ауыстырылады. Бұл ретте қатысушының нөміріндегі байланыс қызметтері тариф басшысының тарифі бойынша көрсетіледі. Маңызды: тарифті ауыстырған кезде бұрынғы тарифтің пакеттері жойылады.

Тариф басшысы немен бөліседі:
• шексіз интернетпен
• Beeline нөмірлеріне шексіз қоңыраулармен
• ҚР бойынша басқа мобильді нөмірлерге қоңырау шалу минуттарымен
• SMS-пен (егер тарифке кірсе)
• басқа елдерге және ҚР бойынша қалалық нөмірлерге қоңырау шалу минуттарымен (егер тарифке кірсе) • гигабайттардың, минуттардың және SMS-тердің қосымша пакеттерімен

Тариф басшысы немен бөліспейді:
• видеоға, әлеуметтік желілерге және мессенджерлерге арналған шексіз трафикпен (егер ол тариф басшысының тарифінде немесе қосымша қызметтер аясында қолжетімді болса)
• «Гиг Сыйла» қызметі бойынша алынған гигабайттармен
• «СуперКүштермен».

Толық ақпарат: Бүкіл отбасы үшін тариф

Бұл беттегі ақпарат — алдын ала төлем жүйесінің клиенттеріне арналған.