-
Beeline мен Halyk Bank-тің ортақ ұсынысы, ол күнделікті сатып алуды жеңілдетіп, бос уақытты арттырады
Қызметті қалай қолдануға болады?
«Менің Beeline-ым» немесе «Beeline Pay» мобильді қосымшаларының бірін қосыңыз (қажет болса, ұялы телефонға жүктеп, орнатып алыңыз);
∙ Мобильді қосымшада камераны қосып, сауда нүктесіндегі QR-кодты сканерлеңіз де, төленетін соманы енгізіңіз және төлемді растап, сатып алған затыңыздың ақысын төлеңіз; ∙ Мобильді теңгерімнен тауар немесе қызметтің толық құны ұсталады;
∙ Жауап ретінде телефонға төлемді растайтын SMS келеді.
Бір операцияны жасау лимиті – 200 000 теңгеге дейін.
«Менің Beeline-ым» ** қосымшасында QR кодпен төлеуге болатын орындарды қалай білуге болады?
Бірінші жолы:
- Мобильді қосымшаға кіріңіз;
- «Көмек және қолдау» мәзірін таңдаңыз;
- "Картадағы кеңселер" бөлімін ашыңыз;
- Сүзгі арқылы, «QR арқылы төлеуді» белсенді қалдырыңыз. Өзіңізге ыңғайлы көру нұқсасын таңдаңыз: картада немесе тізіммен.
Екінші жолы:
- Қосымшада QR-ды белсендіріңіз;
- "Дүкендер" бөліміне өтіңіз;
- Сүзгі арқылы, «QR арқылы төлеуді» белсенді қалдырыңыз. Өзіңізге ыңғайлы көру нұқсасын таңдаңыз: картада немесе тізіммен.
QR код арқылы төлеу мүмкін болмаса ("Менің Beeline-ым" немесе "Beeline Pay" қосымшаларында қате болса), 116 нөміріне хабарласыңыз.
QR код арқылы төлем сәтсіз болса (сатып алу кезінде сатып алушыға қаражат қате аударылса) 9595 нөміріне хабарласыңыз (Halyk bank).