Түнгі шексіз интернет 00:00-ден 07:00-ге дейін (Нур-Султан уақыты бойынша).
-
00:00 - 07:00 аралығындағы түнгі шексіз интернет (Нұр-Сұлтан уақытымен)
Қанша тұрады?
Абоненттік төлем, аптасына | 490 тг |
Қызметті қалай қосуға/өшіруге болады?
Қосу пәрмені |
||
Өшіру пәрмені |
*956*0# |
Қосымша ақпарат
1. «Ұйқтатпас интернет» қызметі түнгі 00:00 – 07:00 арасында шексіз интернет береді (Нұр-Сұлтан уақытымен).
2. Абоненттік төлем апта сайын 00:00 – 03:00 арасында ұсталады. Егер төлем ұсталатын күні теңгерімдегі қаражат жетпейтін болса, қызмет бұғатталып, теңгерім абоненттік төлем сомасына толтырылғанға дейін, түнде интернет тариф жоспарыңыздың шарттарына сай тарифтеледі.
3. Болжанбаған шығындардың алдын алу үшін және теңгерімнен ақша ұсталмас үшін, қызметті қолданар алдында, смартфоныңыздағы әуе режимін бір-екі минутқа қосып, барлық белсенді интернет-сессияны ажыратуға кеңес береміз. 00:00-ге дейін басталған барлық сессия негізгі интернет-топтаманың трафигін шығындауы немесе тарифтің шарттарымен тарифтелуі мүмкін.
4. «Ұйқтатпас интернет» қызметімен бірге қосылмайтын қызметтердің/тарифтердің тізімі: «Түнгі шексіздік» қызметі, «АНЛИМ», «Шексіз», «Бәрі бақылануда» тариф жоспарлары және үйдегі интернет пен мобильді байланыс топтамасы ортақ тарифтер.
5. Теңгерімде қаражат болса ғана қызмет ұсынылады.
6. Түнгі интернет-трафиктен 80 ГБ пайдаланған соң, Әділ пайдалану саясаты қолданылады: түнде жылдамдық 1,5 Мбит/сек дейін азаяды, бұл жылдамдық видеоны SD сапада көруге, суреттерді жүктеуге және әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде сөйлесуге жетеді.
7. Қызмет тек Қазақстан Республикасының аумағында көрсетіледі. Шетелге шыққанда, абоненттік төлем ұсталмас үшін, қызметті өшіріп қоюды ұсынамыз, себебі интернет роуминг тарифінің шарттарымен тарифтеледі.