Артқа
Мобильді аударым
Қызметтің сипаттамасы

Кез келген уақытта мобильді теңгеріміңізден басқа Beeline нөмірінің теңгеріміне ақша аударыңыз.

 

Бұл қанша тұрады

Қызмет үшін комиссия алынады: аударым сомасынан 10%, ең төменгі мөлшері — 30 ₸.

Қызметті арнайы қосу немесе баптау қажет емес. Beeline мобильді нөмірінен ақшаны онлайн аударуға болады.

Пайдалану үшін:
*145*алушының телефон нөмірі*аударым сомасы#
(Алушының нөмірін тергенде «+7» немесе «8» терудің қажеті жоқ.)

Қызметті қосудің немесе бапатудың қажеті жоқ. Ақшаны Beeline мобильді нөмірінен пәрменді теру арқылы аударуға болады.

Пәрменді теру тәртібі:

*145*алушының телефон нөмірі*аударым сомасы#

(Алушының нөмірін тергенде "+7" немесе "8" сандарын теру керек емес)

Тағы бір пәрмен бар:

*151# және қоңырау шалу пернесі

Ақша аударғанда, ережелерді сақтауыңызды өтінеміз: 

  • Аударымның ең аз сомасы – 10 теңге;
  • Аударымның ең көп сомасы – 50 АЕК;
  • Тәулігіне аударымдардың максималды саны – 30;
  • Айына аударымдардың максималды сомасы – 1 200 000 теңге;
  • Аударған соң, нөміріңіздің теңгерімінде кемінде 1 теңге қалуы керек;
  • Нөмірді қолданғалы бері қоңырау шалуға, SMS пен интернет-трафикке жұмсаған шығыныңыз 800 теңгеден асса ғана қызметті қолдануға болады.

"Мобильді аударым" қызметін пайдалану барысында енгізілген деректердің қатесіне (атап айтқанда, бірақ бұнымен шектелмей, қате терілген нөмір, қате терілген аударым сомасы) аударушы дербес жауапты. "Кар-Тел" ЖШС қате салдарынан жасалған аударым үшін жауап бермейді.

Назар аударыңыз!

Қызметтерді қосу/өшіру, тариф жоспарларын өзгерту және т.б. пәрмендерді тергенде, кемінде 15 минут жүйенің сұранысты өңдегенін күту керек. Жауаптың болмауы жүйенің қызметті қосу процесін әлі аяқтамағанын білдіреді. Сізге келесі пәрменді теру қажет болса да, ағымдағы пәрменнің өңделуін күтіңіз.