eSIM — ол не?

Ол – соңғы үлгідегі смартфондарға кіріктірілген SIM-карта. Ақылды чип телефонда тұр, оған нөмірді өзіңіз тіркеп, тарифті қосасыз. Әдепкі SIM-картамен бірге, сондай-ақ жеке қолдануға болады.

eSIM қандай смартфондарда бар?

Барлық iPhone (XS және одан жаңа), Samsung (S20, Fold, Flip, Note20 жән одан жаңа), Huawei (P40 және одан жаңа) және тағы басқа.

Смартфоныңыз тізімде бар ма?

Beeline eSIM-картасының 3 артықшылығы

ОҢАЙ

Кеңсеге барудың қажеті жоқ. «Менің Beeline-ым» қосымшасында eSIM-картаны екі минутта белсендіріңіз.

ЫҢҒАЙЛЫ

Esim-картаны да, әдепкі пластикалық SIM-картаны да қатар қолдануға болады. Нәтижесінде «екі симкалы алма» болады Сізде.

СЕНІМДІ

eSIM телефон құлпымен қорғалған. Алаяқтар жеке деректеріңізге қол жеткізе алмайды.

eSIM қосу қанша тұрады?

 

eSIM бағасы — 499 теңге. Бірақ егер «Janymda» қосымшасы арқылы сатып алсаңыз, бар болғаны 200 теңге болады. Beeline пластикалық SIM картасынан eSIM-ге ауысу да 499 теңге тұрады. Ал басқа оператордың SIM картасынан Beeline eSIM-ге ауысу мүлдем тегін

eSIM-картаны қалай қосуға болады?

Beeline-ның жаңа нөміріне немесе Beeline  eSIM-іне басқа оператордағы нөміріңмен ауысқанда
1

Wi-Fi желісіне қосылыңыз.

2

«Janymda» қосымшасына → «Beeline абоненті болу» → «Beeline нөмірін сатып алу» немесе «Өз нөміріңмен ауысу» (басқа оператордағы).

3

Егер жаңа нөмір сатып алып жатсаңыз, оны тізімнен таңдаңыз. Қарапайым ба, алтын ба? 😊

4

Жылдам сәйкестендіруден өтіңіз.

5

«Алу жолында» eSIM-картаны таңдап, тапсырысыңыздың ақысын төлеңіз.

6

QR-кодыңызды алып, eSIM-картаны қолдануды жоспарлаған құрылғыңызда сканерлеңіз.

 

Лайфхак: QR-кодты экранда көру үшін жаныңыздағы басқа құрылғыға жіберіңіз.

 

Маңызды! QR-ды сканерлегенде және eSIM-ді баптағанда смартфонның баптаулары арқылы жасау керек.
Apple: Wi-Fi желісіне қосылыңыз -> Телефон баптауларынан таңдаңыз: Баптаулар -> Ұялы байланыс -> Ұялы байланыс тарифін қосу -> QR-кодты сканерлеу.
Samsung: Wi-Fi желісіне-> Баптауларға кіріңіз –> Қосылыстар -> SIM-карталар диспетчері -> Тариф таңдау -> QR-кодты сканерлеу.
Huawei: Wi-Fi желісіне қосылыңыз-> Баптауларға кіріңіз –> Мобильді байланыс -> SIM-карталарды басқару -> SIM-картаны қосу -> QR-кодты сканерлеу.

Beeline-ның қолданыстағы нөміріне
1

Wi-Fi желісіне қосылыңыз.

2

«Janymda» қосымшасына кіріңіз → Нөміріңізбен авторизациядан өтіп, экранның жоғары жағындағы нөміріңізді шертіңіз → Дербес баптауларда «SIM-картаны/eSIM-ді ауыстыруды» таңдаңыз → «Алу әдісінде» eSIM-ді таңдаңыз → Жаңа eSIM.

3

Жылдам сәйкестендіруден өтіңіз.

4

Жаңа eSIM үшін 499 теңге төлеңіз.

5

QR-кодыңызды алып, eSIM-картаны қолдануды жоспарлаған құрылғыңызда сканерлеңіз.

 

Лайфхак: QR-кодты экранда көру үшін жаныңыздағы басқа құрылғыға жіберіңіз.

 

Маңызды! QR-ды сканерлегенде және eSIM-ді баптағанда смартфонның баптаулары арқылы жасау керек.
Apple: Wi-Fi желісіне қосылыңыз -> Телефон баптауларынан таңдаңыз: Баптаулар -> Ұялы байланыс -> Ұялы байланыс тарифін қосу -> QR-кодты сканерлеу.
Samsung: Wi-Fi желісіне-> Баптауларға кіріңіз –> Қосылыстар -> SIM-карталар диспетчері -> Тариф таңдау -> QR-кодты сканерлеу.
Huawei: Wi-Fi желісіне қосылыңыз-> Баптауларға кіріңіз –> Мобильді байланыс -> SIM-карталарды басқару -> SIM-картаны қосу -> QR-кодты сканерлеу.

eSIM туралы толық ақпарат

Смартфоным eSIM технологиясын қолдайтынын қалай білемін?

eSIM технологиясын смартфондардың соңғы үлгілерінің көпшілігі қолдайды. Оны телефон нұсқаулығынан міндетті түрде тексеріңіз.

Ерекшелік — белгілі бір операторға тіркелген немесе Қытай нарығына арнап шығарылған үлгілер. Бұл үлгілерде eSIM сервисі дұрыс істемеуі мүмкін, пластик SIM-картаны пайдалануға кеңес берміз.

Beeline нөміріммен eSIM-ге ауыса аламын ба?

Әрине! Егер смартфоныңыз eSIM-ді қолдаса, өз нөміріңізбен «Janymda» қосымшасына кіріңіз де, «Дербес баптаулар» бөлімінде «SIM ауыстыру немесе белсендіру» бабын таңдаңыз.

Басқа оператордағы нөміріммен Beeline-ға ауысып, бірден eSIM-ді қоса аламын ба?

Иә, олай да болады. «Janymda» қосымшасын жүктеңіз, «Beeline абоненті болу» → «Өз нөміріммен ауысу» пернелерін басыңыз. Болды, Сіз жарқын жақтасыз 🙂

SIM-картадағы контактілерім eSIM-ге өздігінен көшіріле ме?

Жоқ, бірақ контактілерді синхрондауға болады, мысалы, Google немесе iCloud аккаунтпен.

eSIM қосу қанша тұрады?

eSIM бағасы — 499 теңге. Бірақ егер «Janymda» қосымшасы арқылы сатып алсаңыз, бар болғаны 200 теңге болады.
Beeline пластикалық SIM картасынан eSIM-ге ауысу да 499 теңге тұрады. Ал басқа оператордың SIM картасынан Beeline eSIM-ге ауысу мүлдем тегін

eSIM үшін QR неге керек?

QR-код eSIM-ді іске қосу үшін керек. Оны міндетті түрде сақтап қойыңыз, телефонды ауыстырғанда ол керек болуы мүмкін.

Деректеріңіздің қауіпсіздігі үшін, QR-кодты бөгде адамдарға бермеңіз.

QR-кодпен eSIM қалай орнатылады?

Смартфоныңыздың үлгісіне қарай, бірізді нұсқаулықпен әрекет етіңіз.

Apple: Wi-Fi желісіне қосылыңыз -> Телефон «Баптауларынан» таңдаңыз: Ұялы байланыс -> eSIM қосу -> QR-кодты сканерлеу.

Samsung: Wi-Fi желісіне қосылыңыз -> Телефон «Баптауларынан» таңдаңыз: Қосылымдар -> SIM-карталар диспетчері -> Тариф таңдау -> QR-кодты сканерлеу.

Huawei: Wi-Fi желісіне қосылыңыз -> Телефон «Баптауларынан» таңдаңыз: Мобильді байланыс -> SIM-карталарды басқару -> SIM-картаы қосу -> QR-кодты сканерлеу.

Бір QR-кодты 10 ретке дейін белсендіруге/сканерлеуге болады.

Пластик және eSIM-картаны қатар қолдануға бола ма?

Иә, егер телефоныңыз ондай функцияны қолдаса. Тек қандай SIM-картадан қоңырау шалатыныңызды және интернетті пайдаланатыныңызды таңдау керек. Бұл ретте Сіз қоңырауды екі SIM-картадан қатар қабылдай аласыз.

Бірнеше eSIM-ді қатар қолдануға бола ма?

Смартфоныңыздың үлгісіне байланысты. Толығырақ смартфоныңыздың нұсқаулығынан біле аласыз.

eSIM-де интернетті қалай пайдалануға болады?

- iPhone: iPhone-да «Баптауларға» кіріңіз → «Ұялы байланыс» → «Ұялы байланыс деректері» → интернетке қолданылатын eSIM нөмірін таңдаңыз;

- Android: «Баптауларға» кіріңіз → «Қосылулар» → «SIM-карталар диспетчері» → интернетке қолданылатын eSIM нөмірін таңдаңыз.

Beeline-ның әдепкі SIM-картасынан eSIM-ге ауысқанда тарифім мен қосылған қызметтерім не болады?

Ештеңе болмайды: бәрі сақталады 🙂

Менің eSIM-ім қазір қолданбай жүрген құрылғыда қалып қалды. Не істеймін?

Beeline-ның кез келген кеңсесіне жүгініңіз. Қауіпсіздік мақсатында жоғалған eSIM-ді өшіру үшін, Сізге жаңа SIM-карта беріледі. Содан соң пластик SIM-картаны «Janymda» қосымшасында eSIM-ге өзіңіз ауыстыра аласыз. Бұл 499 теңге тұрады.

eSIM-ді басқа құрылғыға қалай ауыстыруға болады? Бұрынғы телефоныма қолжеткізе аламын.

Сізге 3 қадамды орындау керек:

1. Телефоныңыздың галереясында немесе біз жіберген электронды мекенжайдағы e-mail-де сақталған QR-ды табыңыз.

Егер QR-ды таба алмасаңыз, бұрынғы телефоныңызда «Janymda» қосымшасы арқылы қалпына келтіруге болады: «Менің нөмірім» кіріктірмесі - > Профиль -> SIM-ді ауыстыру немесе белсендіру -> Кіріктірілген SIM-карта (eSIM) -> eSIM-ді қалпына келтіру. 
Жаңа телефонда сканерлеу үшін, осы QR-ды сақтаңыз.

2. Қол жеткізе алатын ескі құрылғыда eSIM-профилін жойыңыз: 
«Баптаулар» -> «Ұялы байланыс» -> eSIM бар нөмірді таңдаңыз -> eSIM-ді жойыңыз. 
Осылайша 10 ретке дейін жасауға болады, содан соң жаңа  eSIM алу қажет болады.

3. Жаңа құрылғыда eSIM профилін орнатыңыз: 
«Баптаулар» -> «Ұялы байланыс» -> «eSIM қосу» -> QR-ды сканерлеу.

Менің eSIM профилім байқаусызда өшіп/жоғалып қалды. Не істеймін?

Егер Сізде eSIM-ді алғаш іске қосқан кездегі QR-код сақталса, сол QR-кодпен қайта іске қосыңыз.

Егер QR-код сақталмаса, бірақ Сіз мобильді қосымшада авторизациядан өте алсаңыз, мына сілтемеге кіріңіз: https://bee.gg/restoreSIM және жоғалған QR-ды қалпына келтіріңіз.

Егер қосымшаға қосылуға мүмкіндік жоқ болса, Beeline-ның кез келген кеңсесіне жүгініңіз. Қауіпсіздік мақсатында, жоғалған eSIM-ді істен шығару үшін Сізге жаңа SIM-карта беріледі. Содан соң пластик SIM-картаны «Janymda» қосымшасында eSIM-ге өзіңіз ауыстыра аласыз. Бұл 499 теңге тұрады.

Beeline eSIM-ін смарт-сағаттарда пайдалануға бола ма?

Өкінішке қарай, әзірге ондай мүмкіндік жоқ. Бірақ біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз.

eSIM-ді қалай уақытша өшіруге болады?

Қажет болса, профильді жоймай eSIM нөмірін кез келген сәтте, телефон «Баптауларындағы» SIM-картаны қосу/өшіру тумблерімен уақытша өшіріп қоя аласыз.

eSIM-ді қалай жоюға болады?

eSIM-ді смартфоныңыздың баптаулары арқылы өшіріп қоя аласыз, бірақ бұл ретте нөмір белсенді болып қалады. Оны жою үшін, Beeline кеңсесіне жүгіну керек.

Маңызды: профильді жою/қайта орнату саны шектеулі. Бір QR-кодты тек  рет сканерлеуге болады.