Өзіңізге ыңғайлы уақытта теңгерім толтырымдары мен байланыс қызметінің ұсталымдары туралы есеп алыңыз
-
Өзіңізге ыңғайлы уақытта теңгерім толтырымдары мен байланыс қызметінің ұсталымдары туралы есеп алыңыз
-
Құны
0 тг
Қанша тұрады?
Сұраныстың құны
|
0 тг |
Қалай қолдануға болады?
Сұраныс пәрмені
|
Қосымша ақпарат
Өзіңізге ыңғайлы уақытта теңгерім толтырымдары мен байланыс қызметінің ұсталымдары туралы есеп алыңыз.
Нөміріңіздің теңгеріміндегі қаражаттың қайда жұмсалғанын тексерігіңіз келе ме? «SMS бойынша есепшот алу» қызметін пайдаланыңыз!
Онымен өзіңізге ыңғайлы уақытта теңгерім толтырымдары мен қоңырауға, интернетке, хабарламаларға және өзіңіз қолданатын басқа да қызметтерге кеткен шығындардың есебін ала аласыз.
Бір тәулікте берілетін өтініштер саны- 10 өтініш
Мәліметтер есепке алынатын мерзім -соңғы 10 күн
Қызметке алдын ала төлем жүйесіне қосылған клиенттер қол жеткізе алады және қызмет арнайы қосуды қажет етпейді.
Қызметке ҚР-ның территориясында және халықаралық роумингте қол жеткізуге болады.
Есепті жасау кезінде соңғы 10 күннің мәліметтері есепке алынады. Егер осы мерзім аралығында нөміріңізден ақылы әрекеттер орындалмаса немесе ақылы SMS хабарламалар жолданбаса, Сіз нөмірдің теңгерімі туралы ақпарат пен тарифтік жоспарыңыздың сипаттамасына сілтеме ала аласыз.
Есепке тапсырыс беру кезінде, телефон көлемі үлкен хабарламаларды жүктеуге дайын болуы керек.
Интернет ұсталымы бір тәулік үшін жиынтық сомамен көрсетіледі.
Тарифтік жоспардың парметрлерін көру үшін, телефон интернетке шығуға дайын болуы керек. Сілтемеге өткен кезде, интернет-трафик Beeline-ның мобильді интернетке бекітілген әдепкі тарифтері бойынша төленеді.