Артқа
Cенімді
минуттар мен SMS
Cенімді минуттар мен SMS
Қызметтің сипаттамасы

Сіз Beeline-ға жақында ғана қосылдыңыз, сол үшін «Сенімді төлемді» ала алмай отырсыз ба? 30 минут пен 15 SMS береміз.

Егер Beeline-ның басқа абонентіне қоңырау шалу немесе SMS жіберу керек болса, ал тариф жоспарында пакеттер бос, теңгерімде қаражат қалмаса, біз Сізді байланыссыз қалдырмаймыз.

Қызмет бағасы

Қызмет құны199 ₸

Сома теңгерім толтырылғаннан кейін автоматты түрде алынады.

 

Төлемге:
199 ₸

1.    Сіз сұраныс жасайсыз.
2.    Beeline Сізге 30 күнге 30 минут пен 15 SMS береді.
3.    Теңгеріміңізде қызмет құнына тең сома (199 теңге) пайда болған кезде, ол автоматты түрде алынады.

Қосу:*341#
Назар аударыңыз! Сұраныс жасаған кезде теңгеріміңізде кемінде 0 теңге және ең көп дегенде 198 теңге болуы керек.

Қызмет алдын ала төлем жүйесін қолданатын, Beeline нөмірін 2 күннен аз емес, бірақ 30 күннен көп емес уақыт бойы пайдаланған клиенттерге арналған.

Сенімді минуттар мен SMS тек желі ішіндегі қоңыраулар мен хабарламаларға жарамды.

Сіз оларды теңгерімде қанша қаражат қалғанына қарамастан, қызметке сұраныс жасаған сәттен бастап 30 күн ішінде пайдалана аласыз.

Қызметті қайта пайдалану қызметтің төлемі алынғаннан кейін бір тәуліктен соң мүмкін.

Төлем алынғаннан кейін, егер пайдаланылмаған минуттар мен SMS қалып, Сіз қызметті қайта қоссаңыз, бұрынғы минуттар мен SMS жойылып, жаңасы беріледі.

Егер нөмірде басқа бонус минуттар/SMS болса, алдымен сенімді минуттар мен SMS жұмсалады.

Нөмірді іске қосқаннан, қайта ресімдегеннен немесе ауыстырғаннан кейін, қызметті келесі күні пайдалануға болады.

Бұл беттегі ақпарат Beeline нөмірін ең кемі 30 күн пайдаланып жүрген, алдын ала төлеммен есеп айырысу жүйесіндегі клиенттерге арналған.