ТВ «Үйдегі Интернет» — цифрлық телевизия және Smart TV-де жұмыс істейді.
Сізде Smart TV емес пе? Мәселе емес! Сізге жалға ТВ-тіркеме бере аламыз, сонда теледидарыңыз Smart болады!
-
Цифрлық телевизия технологиясын қолдайды:
• 2017 жылғы және одан жаңа LG модельдері не Samsung Smart TV;
• Android TV 9.0 нұсқасынан төмен емес операциялық жүйесі бар теледидар мен ТВ-тіркеме. Егер Сіздің құрылғыңыз бұл тізімге кірмесе, онда біз Сізге ТВ-тіркемені жалға береміз. Біздің мамандар оны алып келіп, құрып береді.
Қызметті пайдалану үшін, Сіз «Үйдегі Интернет» клиенті болу керексіз. «Үйдегі Интернетті» қосуға өтінімді мына жерде тастауға болады.
Бұл қызмет кімге?
«Үйдегі Интернет» кез келген клиенті бұл ТВ-тіркемені жалға ала алады.
Қызмет қанша тұрады?
Бір ТВ-тіркемені жалға беру бағасы — айына 500 теңге. Бұл сома «Үйдегі Интернет» тарифінің абонтөлеміне қосылады
Таңдауға қандай тіркемелер бар?
«TV Үйдегі Интернетте» таңдауға 2 тіркеме бар — INEXT TV5 Ultra мен ZTE ZXV10.
INEXT TV5 Ultra Android 10-да жұмыс істейді, табиғи және егжей-тегжейлі шынайы сурет көрсетеді, 4К-контент секундына 60 кадр жылдамдықпен (қосымша сым керек емес).
ZTE ZXV10 — бұл Android TV-ге арналған ТВ-тіркеме. Максималды рұқсаты 4K UHD және 8 ГБ жадымен.
Жалға 3 ТВ-тіркемеден артық алуға болмайды.
ТВ-тіркемені қалай жалға алуға болады?
• Осы бетте «Өтінім қалдыруды» басыңыз да өтінімді толтырыңыз.
• Біздің маман мәліметтерді анықтау үшін қоңырау шалады.
• Біздің мамандар ТВ-тіркемені өтінім түскен соң 3 күн ішінде әкеледі. Үйге алып келіп, өздері құрып, баптап береді. Ескі тіркемені алып кету керек болса, алып кетеді.
Егер тіркеме керек болмаса, қалай қайтарады?
Егер жалға алынған тіркемені қайтару керек болса, келесі жолмен қайтара аласыз:
• Сайта өтінім тастаңыз. Ол үшін сілтеме арқылы өтіңіз, керекті жерді толтырыңыз. Сізбен біздің маман хабарласып, техник келу уақыты мен күнін нақтылайды:
• Beeline сату мен қызмет көрсету кеңселеріне келу Өзіңізбен жеке куәлігіңіздің түпнұсқасын және жалға алынған құрылғының барлығын (егер толық жиынтық болмаса немесе жиынтықтағы жабдықтың зақымдануы анықталса, құрылғыны жалға беру туралы келісім-шарттың 4.4 бабы бойынша, прайс-парақшасындағы көрсетілген құнды толықтай төлейсіз) ала келу керексіз. Оған қоса өз логиныңыз бен «Үйдегі Интернет» қызметінің келісім-шартын тіркеген мекен жайды айту керек болады.
• Егер Сіздің қалада сату мен қызмет көрсету кеңселері болмаса, 3131 нөмірі (Қазақстан бойынша барлық мобильді операторлар нөмірлеріне тегін) бойынша клиенттерді қолдау Орталығына қоңырау шалыңыз немесе бізге әлеуметтік желілерде жазыңыз (өзіңізге ыңғайлы жолды «Біздің байланыстардан» таңдаңыз.