-
Интернет-топтама бонуспен
17 ГБ
-
Шексіз
-
Beeline нөмірлеріне
Шексіз
-
ҚР-дағы басқа мобильді нөмірге қоңырау шалу бонуспен
240 мин
-
Beeline-ға SMS бонуспен
240 SMS
Абоненттік төлемге кіреді:
Интернет-топтама бонуспен |
17 ГБ | |
Казнет трафигі |
2023 ж. 31 шілдеге дейін шексіз | |
Beeline-ға қоңырау шалу |
Шексіз |
|
ҚР-дағы басқа мобильді нөмірге қоңырау шалу бонуспен |
240 мин | |
Beeline-ға SMS бонуспен |
240 SMS | |
Қанша тұрады?
Абоненттік төлем |
3990 тг | |
Егер негізгі абоненттік төлем ұсталмаса, күн сайынғы топтама белсендіріледі. Егер және апталық негізгі абоненттік төлемдер ұсталмаса, абоненттік төлем ұсталмаған кездегі тарифтелу қолданылады. |
290 тг тәулігіне |
Күн сайынғы топтама
- Негізгі абоненттік төлем ұсталмаса, күн сайынғы топтама өздігінен қосылады. Күн сайынғы топтаманың ақысы қосылған сәтте ұсталады. Күн сайынғы қызметтер көлемі берілгені туралы SMS-хабарлама аласыз. Егер теңгерімде қаражат жеткілікті болса, күн сайынғы абоненттік төлем түнгі сағат 00:00 – 03:00 аралығында ұсталады. Егер қаражат жетпейтін болса, шот келесі толтырылған кезде күн сайынғы топтаманың ақысы тек түнгі уақытта ұсталады.
- SIM-карта қосылған бірінші күні немесе тарифтік жоспарды ауыстырғанда, қаражат негізгі абоненттік төлемді ұстауға жетпейтін болса, күн сайынғы топтама қосылмайды.
- Күн сайынғы абоненттік төлем ұсталған жағдайда, келесі қызметтер көлемі беріледі:
Beeline нөмірлеріне қоңырау соғу | Шексіз | |
ҚР-дағы басқа мобильді нөмірлерге | 10 мин | |
Интернет | 1 ГБ |
- Берілген қызметтер көлемі ағымдағы тәуліктің соңына дейін әрекет етеді.
- Егер күн сайынғы абоненттік төлем ұсталған күні теңгерім негізгі абоненттік төлемді ұстауға жететін сомаға толтырылса, ол бірден ұсталып, 4 аптаға жарайтын қызметтер топтамасы беріледі. Бұл ретте күн сайынғы топтама өшіріледі.
- Егер қаражат тәуліктік абоненттік төлемді ұстауға жетпейтін болса, әдепкі тарифтелу қолданылады.
Қоңырау шалу, хабарламалар және интернет
Абоненттік төлем ұсталмаса немесе топтама біткенде:
|
||
Beeline-ға қоңырау шалу
|
18 тг/мин | |
ҚР-дағы басқа мобильді нөмірге қоңырау шалу
|
18 тг/мин | |
Абоненттік төлем ұсталмаған кезде интернетке қосылу. Интернет-топтама бітіп қалса, кездейсоқ шығындардың алдын алу үшін, интернетке қосылу мүмкіндігі бұғатталады. |
1 тг/МБ | |
|
||
Абоненттік төлемге кірмейтін қызметтердің құны:
|
||
Қалалық нөмірлерге қоңырау шалу
|
18 тг/мин | |
Beeline-ға SMS жолдау
|
18 тг/SMS | |
ҚР-дағы басқа мобильді нөмірге SMS жолдау
|
18 тг/SMS |
Шексіз түнгі интернет
Түні бойы шексіз интернет-трафик – 00:00-ден таңғы 07:00-ге дейін аптасына 490 теңге. Осы уақытта интернет-топтаманың трафигі шығындалмайды. Қызмет туралы толық ақпарат мына жерде.
Егер минуттар, SMS-тер немесе интернет бітіп қалса:
1.*355# қысқа пәрменін теру арқылы ай сайынғы барлық топтаманы қалпына келтіре аласыз.
Пәрмен тариф жоспарына кіретін барлық қызмет топтамасын ақалпына келтіреді. Тариф бойынша жұмсалмаған қалдықтар сақталмайды. Пәрменді пайдаланбас бұрын, теңгеріміңізде тарифтің негізгі абоненттік төлемін ұстауға жететін сома бар екеніне көз жеткізіңіз.
2. Немесе қызметтердің бір жолғы топтамасын сатып алуыңызға болады:
Халықаралық қоңырауларға
Басқа елдерге 15 тг/мин бастап қоңырау соғу үшін «Көршілер» қызметін қосыңыз! Толық ақпарат
Қосымша ақпарат
Топтамалардың қалдығын тексеру: *106#
Тарифтік жоспар топтамаларын мерзімінен бұрын қалпына келтіру пәрмені *355#.
Пәрмен «Күн сайынғы топтама» режимінде қосылмайды. Пәрмен барлық қызметтер топтамасын, соның ішінде «Жақын елдер» қызметін, егер ол болса, қалпына келтіреді. Пәрменді қолданбас бұрын, теңгеріміңізде тарифтік жоспардың абоненттік төлемін ұстауға қаражат жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз.
Абоненттік төлем 4 аптада бір ұсталады. Мысалы, абоненттік төлем дүйсенбі күні төленсе, келесі төлем мерзімі 4 аптадан кейінгі дүйсенбі.
Интернет-топтаманың, минуттар мен SMS-тердің қолданылмаған қалдығы жойылады, келесі кезеңге көшірілмейді, сондай-ақ басқа тарифтік жоспарға ауысқан жағдайда да жойылады.
Абоненттік төлем сағат 00:00-ден 03:00-ге дейін ұсталады. Егер теңгерімдегі қаражат абоненттік төлемді ұстауға жетпейтін болса, теңгерім жеткілікті сомаға толтырылғаннан кейін, абоненттік төлем толық ұсталып, 4 аптаға жарайтын интернет-топтама, минуттар мен SMS-тер топтамасы беріледі.
Егер интернет-топтамада 15 мегабайттан аз қалса, мегабайттар әрбір ашық интернет-сессия үшін резервтелуі мүмкін, мұндай жағдайда сессияның төлемі нөміріңіздің негізгі теңгерімінен ұсталады.
Абоненттік төлем дұрыс ұсталуы үшін және әдепкі құн бойынша тарифтелудің алдын алу үшін, негізгі абоненттік төлем ұсталар алдында, мобильді деректерді өшіруге кеңес береміз.
Тарифтік жоспардың шарттары Қазақстан Республикасында толық көлемде әрекет етеді.
Қазақстан Республикасынан тыс жердегі тарифтелу роумингтегі қызметтер үшін бекітілген тарифтер бойынша жүреді
Тарифтік жоспарда «Байланыста бол!» қызметі қосылған – сіз жауап берілмей қалған қоңыраулар мен келген дауыстық хабарламалар туралы SMS хабарламаны тегін аласыз, дауыстық хабарламаларды дауыстық поштаның 6600 нөмірі арқылы тыңдай аласыз (қоңырау құны 25 тг/мин). Өшіру үшін *110*016# пәрменін теріңіз