-
Интернет-топтама бонуспен
26 ГБ
-
Beeline нөмірлеріне
Шексіз
-
ҚР-дағы басқа мобильді нөмірге қоңырау шалу бонуспен
260 мин
-
Beeline-ға SMS бонуспен
200 SMS
Ай сайын аласыз
YouTube, Youtube Kids, Instagram, Twitch, TikTok, Facebook, Twitter, VKontakte, Tinder, Odnoklassniki, Telegram, WhatsApp, Viber и Snapchat |
Шексіз |
|
Beeline нөмірлеріне қоңырау соғу |
Шексіз | |
ҚР-дағы басқа мобильді нөмірге қоңырау шалу бонуспен |
260 мин | |
Beeline-ға SMS бонуспен |
200 SMS | |
Интернет-топтама алғашқы 6 айда |
25 ГБ |
|
Интернет-топтама 7 айдан бастап бонуспен | 26 ГБ | |
BeeTV трафик |
Шексіз |
|
Топтамалардың қалдығын тексеру |
*106# | |
Топтамаларды шұғыл қалпына келтіру |
*355# |
Қанша тұрады?
Абоненттік төлем |
1395 тг/айына | |
Абоненттік төлем |
2790 тг/айына | |
Абоненттік төлем Жетінші айдан бастап, ары қарай |
4490 тг/айына | |
Егер негізгі абоненттік төлем ұсталмаса, күн сайынғы топтама белсендіріледі Егер айлық және апталық негізгі абоненттік төлемдер ұсталмаса, абоненттік төлем ұсталмаған кездегі тарифтелу қолданылады. |
290 тг/тәулігіне |
Күн сайынғы топтама
- Негізгі абоненттік төлем ұсталмаса, күн сайынғы топтама өздігінен қосылады. Күн сайынғы топтаманың ақысы қосылған сәтте ұсталады. Күн сайынғы қызметтер көлемі берілгені туралы SMS-хабарлама аласыз. Егер теңгерімде қаражат жеткілікті болса, күн сайынғы абоненттік төлем 00:00 – 03:00 аралығында өздігінен ұсталады. Егер қаражат жетпейтін болса, шотты келесі жолы толтырғанда, күн сайынғы топтаманың ақысы тек түнде ұсталады.
- SIM-карта қосылған бірінші күні немесе тарифтік жоспарды ауыстырғанда, негізгі абоненттік төлемді ұстауға қаражат жетпейтін болса, күн сайынғы топтама қосылмайды
- Күн сайынғы абоненттік төлем ұсталған соң, келесі қызметтер көлемі беріледі:
Beeline нөмірлеріне қоңырау соғу | Шексіз |
Басқа мобильді операторлардың нөмірлеріне қоңырау соғу (Ресейге, Қырғызстанға, Украинаға, Қытайға шығындалмайды) |
10 мин |
Интернет-топтама | 1 ГБ |
- Қызметтердің берілген көлемі ағымдағы тәулік біткенше әрекет етеді.
- Егер күндік абоненттік төлем ұсталған күні теңгерім айлық абоненттік төлемді ұстауға жететін сомаға толтырылса, төлем бірден ұсталып, айлық қызметтер топтамасы беріледі. Бұл ретте, күн сайынғы топтама өшіріледі.
- Егер күн сайынғы абоненттік төлемді ұстауға қаражатыңыз жетпейтін болса, абоненттік төлем ұсталмаған кездегі тарифтелу қолданылады.
- Қызмет тарифтік жоспардың бір бөлігі және оны өшіру мүмкін емес.
Қоңыраулар, хабарламалар және интернет
Абоненттік төлем ҰСТАЛМАҒАН жағдайда немесе топтама таусылғанда: |
||
Beeline нөмірлеріне қоңырау соғу |
18 тг/мин | |
Басқа мобильді операторлардың нөмірлеріне қоңырау соғу |
18 тг/мин | |
Beeline нөмірлеріне SMS жолдау |
18 тг | |
Интернет: |
||
Абоненттік төлем ұсталмаса |
1 тг/МБ | |
Топтама бітіп қалса |
бұғатталады |
|
Абоненттік төлемге кірмейтін қызметтердің құны: |
||
Қалалық нөмірлерге қоңырау соғу |
18 тг/мин | |
ҚР-дағы басқа мобильді операторлардың нөмірлеріне SMS жолдау |
18 тг |
Шексіз түнгі интернет
Түні бойы шексіз интернет-трафик – 00:00-ден таңғы 07:00-ге дейін аптасына 490 теңге. Осы уақытта интернет-топтаманың трафигі шығындалмайды. Қызмет туралы толық ақпарат мына жерде.
Егер минуттар, SMS-тер немесе интернет бітіп қалса:
1.*355# қысқа пәрменін теру арқылы ай сайынғы барлық топтаманы қалпына келтіре аласыз.
Пәрмен тарифтік жоспарға кіретін қызметтердің барлық топтамасын қалпына келтіреді. Пәрменді термес бұрын, теңгеріміңізде тарифтік жоспардың негізгі абоненттік төлемін ұстауға қаражат жететініне көз жеткізіңіз.
2. Немесе қызметтердің бір жолғы топтамасын сатып алуыңызға болады:
Халықаралық қоңырауларға
Өзбекстанға қоңыраулар минутына 25 теңгеден. Күніне 11-ші минуттан бастап, қоңырау құны – минутына 35 тг. Толық ақпарат
Басқа елдерге 15 тг/мин бастап қоңырау соғу үшін «Көршілер» қызметін қосыңыз! Толық ақпарат
Шексіз Youtube, әлеуметтік желілер мен Instagram
- YouTube, Instagram, ВКонтакте, Whatsapp, Telegram және Одноклассники ресурстарына берілетін шексіз трафик нөмірді белсендірген сәттен бастап, алты ай бойы, айлық абоненттік төлем ұсталған жағдайда әрекет етеді, бұл ретте видеоны 720р (HD) сапада көруге болады.
- ВКонтакте сервисі мен басқа әлеуметтік желілерде трафиктің 2 түрі бар: меншікті ішкі – ол шексіз; және сыртқы ресурстардың үлесі – техникалық трафик, баннерлік жарнама, қосылу санағыштары, сондай-ақ әлеуметтік желі парақшаларында жарияланатын басқа сайттардың (YouTube, Rutube, Vimeo тағы басқалары) видеолары. Мұндай трафик тарифтік жоспардың негізгі топтамасынан шығындалады.
- YouTube сервисінде де трафиктің 2 түрі бар: негізгі ішкі, яғни видеоконтент; және аздаған сыртқы – баннерлік жарнама, қосылу санағыштары, техникалық трафик. YouTube-тің шексіз трафигі ішкі трафикке, яғни көретін видеоңызға беріледі. Аздаған сыртқы трафик тарифтік жоспардың негізгі топтамасынан шығындалады, себебі оны техникалық тұрғыдан YouTube трафигі ретінде қарастыру мүмкін емес.
- Whatsapp пен Telegram қолданбаларының шексіз трафигі хабарлама, фото, аудио және видеожазба алмасуға ғана жарайды. Whatsapp және Telegram арқылы қоңырау соғу тарифтік жоспардың негізгі интернет-топтамасынан шығындалады.
- Әлеуметтік желілерге шексіз қосылу үшін, теңгерімде сыртқы трафикке жететін Интернет-топтаманың МБ қалдығы болуы керек.
- Сондай-ақ егер телефонда VPN, анонимайзер немесе прокси қосулы болса және смартфон модем режимінде қолданылатын болса, әлеуметтік желілерге шексіз трафик берілмейді, ал трафик негізгі топтамадан жұмсалады.
Әділ пайдалану саясаты туралы
Бұл тарифте «Әділ пайдалану саясаты» бар. Ол кейбір қолданушының Beeline желісіндегі мобильді интернет жылдамдығын нашарлатпауы үшін керек.
Трафикті шамадан тыс тұтыну қосымша жүк түсіріп, басқа абоненттерде мобильді интернеттің жылдамдығын азайтады. Ондай жағдайда жылдамдықты азайту желінің жүктемесін тең бөліп, басқа қолданушыларға ыңғайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді
«Әділ пайдалану саясаты» бойынша, алғашқы 6 ай аралығында 30 ГБ 4G желісінде интернет-трафигін пайдаланған соң, жылдамдық 1.5 Мбит/с дейін азаяды.
Қосымша ақпарат
Абоненттік төлем күнтізбелік айға қарамастан айына 1 рет ұсталады. Мысалы, абоненттік төлем 5 қаңтарда төленсе, келесі төлем мерзімі – 5 ақпан.
Интернет-топтаманың, минуттар мен SMS-тердің қолданылмаған қалдығы жойылады, келесі кезеңге көшірілмейді, сондай-ақ басқа тарифтік жоспарға ауыссаңыз да дәл солай.
Абоненттік төлем сағат 00:00-ден 03:00-ге дейін ұсталады. Егер теңгерімдегі қаражат абоненттік төлемді ұстауға жетпейтін болса, теңгерім абоненттік төлемге жететін сомаға толтырылғанда абоненттік төлем толық ұсталып, 1 айға жарамды интернет-топтама, минуттар мен SMS-тер топтамасы беріледі.
Егер интернет-топтамада 15 мегабайттан аз қалса, теңгерім әр ашық сессия үшін резервтеліп, интернет сессияның төлемі нөміріңіздің негізгі теңгерімінен ұсталады.
Абоненттік төлем дұрыс ұсталуы үшін және әдепкі құн бойынша тарифтелудің алдын алу үшін, айлық абоненттік төлем ұсталар алдында, мобильді деректерді өшіріп қоюға кеңес береміз.
Тарифтік жоспардың шарттары Қазақстан Республикасының барлық жерінде әрекет етеді.
Қазақстан Республикасынан тыс жердегі тарифтелу роумингтегі қызметтер үшін бекітілген тарифтер бойынша есептеледі.
SIM-картаны модемде немесе роутерде қолдансаңыз, интернетке қосылу мүмкіндігі бұғатталады.
Тарифтік жоспарда «Байланыста бол!» қызметі қосылған – Сіз жауап бере алмай қалған қоңырауларыңыз бен келген дауыстық хабарламалар туралы SMS хабарлама аласыз, дауыстық хабарламаларды дауыстық поштаның 6600 нөмірі арқылы тыңдай аласыз (қоңырау құны – 25 тг/мин). Өшіру үшін *110*016# пәрменін теріңіз.