-
Тариф бойынша интернет-топтама бонуспен
14 ГБ
-
Beeline нөмірлеріне
Шексіз
-
ҚР-дағы басқа мобильді нөмірге бонуспен
200
-
Көрші елдерге ҚР мин топтамасынан қоңырау шал
Тарифте не болады?
Интернет-топтама бонуспен | 14 ГБ | |
Beeline нөмірлеріне қоңырау шалу |
Шексіз | |
ҚР-дағы басқа мобильді нөмірге қоңырау шалу бонуспен |
200 мин | |
Beeline-ға SMS бонуспен | 200 SMS | |
+ Керемет бонус: TV360 ақысыз! Қазақ және орыс тілінде ТОП-арналар мен фильмдер, кез келген құрылғыда |
Қосымша төлемсіз |
Қалғаны қанша тұрады?
ҚР-дағы басқа мобильді нөмірге қоңырау шалу
(егер тарифке қосылмаса)
|
18 тг/мин | |
ҚР-дағы қала нөмірлерге
|
18 тг/мин | |
SMS ҚР-дағы кез келген мобильді нөмірге
|
18 тг/SMS |
Осы тарифпен тағы нені алады?
Егер минуттар, немесе интернет-топтама бітіп қалса:
1. *355# қысқа пәрменін теру арқылы ай сайынғы барлық топтаманы қалпына келтіре аласыз.
Пәрмен тарифтік жоспарға кіретін қызметтердің барлық топтамасын қалпына келтіреді. Пәрменді термес бұрын, теңгеріміңізде тарифтік жоспардың негізгі абоненттік төлемін ұстауға қаражат жететініне көз жеткізіңіз.
2. Немесе қызметтердің бір жолғы топтамасын сатып алуыңызға болады:
Егер абоненттік төлем ұсталмаса
1. Күн сайынғы топтам
Егер негізгі абоненттік төлем ұсталмаса, күн сайынғы топтама белсендіріледі | 390 тг/тәулігіне |
Негізгі абоненттік төлем ұсталмаса, күн сайынғы топтама өздігінен қосылады. Күн сайынғы топтаманың ақысы қосылған сәтте ұсталады. Күн сайынғы қызметтер көлемі берілгені туралы SMS аласыз. Егер теңгерімде қаражат жеткілікті болса, күн сайынғы абоненттік төлем түнгі сағат 00:00 – 03:00 аралығында ұсталады. Егер қаражат жетпейтін болса, шот келесі толтырылған кезде күн сайынғы топтаманың ақысы тек түнгі уақытта ұсталады.
SIM-карта қосылған бірінші күні немесе тарифтік жоспарды ауыстырғанда, қаражат негізгі абоненттік төлемді ұстауға жетпейтін болса, күн сайынғы топтама қосылмайды.
Күн сайынғы абоненттік төлем ұсталған соң, келесі қызметтер көлемі беріледі:
|
||
Интернет-топтама
|
1 ГБ | |
Beeline нөмірлеріне қоңырау соғу
|
Шексіз | |
Басқа мобильді операторлардың нөмірлеріне қоңырау соғу
|
10 мин |
Қызметтердің берілген көлемі ағымдағы тәулік біткенше әрекет етеді.
Егер күн сайынғы абоненттік төлем ұсталған күні теңгерім негізгі абоненттік төлемді ұстауға жететін сомаға толтырылса, ол бірден ұсталып, 1 айға жарайтын қызметтер топтамасы беріледі. Бұл ретте күн сайынғы топтама өшіріледі.
Қызмет тарифтік жоспардың бір бөлігі және оны өшіру мүмкін емес.
«Көршілер байланыста» акциясы бойынша қоңыраулар күн сайынғы топтамаға кірмейді.
2. Стандарттық тарифтелу
Негізгі немесе күн сайынғы абоненттік төлем ҰСТАЛМАҒАН жағдайда немесе топтама таусылғанда:
|
||
ҚР-дағы басқа мобильді және қала нөмірлерге қоңырау соғу
|
18 тг/мин | |
SMS ҚР-дағы кез келген мобильді нөмірге
|
18 тг/SMS |
Тарифтік жоспардағы интернет-трафик біткен соң немесе интернет-пакеттің мерзімінен бұрын аяқталған кезде, интернетке қосылу мүмкіндігі бұғатталады.
Қосымша ақпарат
Абоненттік төлем күнтізбелік айға қарамастан айына 1 рет ұсталады. Мысалы, абоненттік төлем 5 қаңтарда төленсе, келесі төлем мерзімі – 5 ақпанда.
Абоненттік төлем 00:00-03:00 аралығында ұсталады. Егер теңгерімдегі қаражат абоненттік төлемді ұстауға жетпейтін болса, теңгерім жеткілікті сомаға толтырылған соң, төлем бірден ұсталып, 1 айға жарайтын интернет-топтама, минуттар (тарифте қосылған болса) топтамалары беріледі.
Егер интернет-топтамада 15 мегабайттан аз қалса, теңгерім әр ашық сессия үшін резервтелуі мүмкін, онда сессияның ақысы нөміріңіздің негізгі теңгерімінен ұсталады.
Бұл тарифте, кейбір қолданушы Beeline желісіндегі мобильді интернет жылдамдығын азайтпауы үшін, Әділ пайдалану саясаты әрекет етеді.
Телефоныңызды модем/Wi-Fi қосылу нүктесі ретінде пайдаланып, интернет таратуға болады. Бірақ SIM-картаны модемде немесе роутерде қолдансаңыз, интернетке қосылу мүмкіндігі бұғатталады.
Тарифтік жоспардың шарттары Қазақстан Республикасында толық әрекет етеді. Қазақстан Республикасынан тыс жердегі тарифтелу роумингтегі қызметтер үшін бекітілген тарифтер бойынша есептеледі.
Тарифтік жоспарда «Байланыста бол!» қызметі қосылған – Сіз жауап бере алмай қалған қоңырауларыңыз бен келген дауыстық хабарламалар туралы SMS хабарлама аласыз, дауыстық хабарламаларды дауыстық поштаның 6600 нөмірі арқылы тыңдай аласыз (қоңырау құны – 25 тг/мин). Өшіру үшін *110*016# пәрменін теріңіз.
Шексіздіктер туралы не білу керек
Шексіз трафик: YouTube, YouTube Kids, Instagram, Twitch, TikTok, Facebook, Twitter, VKontakte, Tinder, Odnoklassniki, Telegram, WhatsApp, Viber, Snapchat, Netflix, IMO және Pinterest-ке таратылады.
Вконтакте сервисі мен басқа да әлеуметтік желілерде трафиктің 2 түрі бар: меншікті ішкі, ол – шексіз, және аздаған сыртқы – техникалық трафик, баннердегі жарнама, кіру санағыштары, сондай-ақ әлеуметтік желілердің парақтарында басқа сайттардан орналастырылатын (YouTube, Rutube, Vimeo және басқалары) видеолар. Ондай трафик тариф жоспарының негізгі топтамасынан жұмсалады. Шексіздіктерді қосымшаларға кіріктірілген барлық мессенджерге де алуға болады (мысалы, Facebook және Facebook мессенджері).
YouTube сервисінде де трафиктің 2 түрі бар: негізгі ішкі – ол видеоконтенттің өзі, және аздаған сыртқы – баннердегі жарнама, кіру санағыштары, техникалық трафик, олар тарифтің негізгі топтамасынан шығындалады, себебі оны техникалық тұрғыдан YouTube трафигі ретінде есептеу мүмкін емес. YouTube-ке берілетін шексіз трафик ішкі трафикке және өз видеоконтентіңді жүктеуге мүмкіндік береді. Сыртқы трафикті алмау үшін және тариф жоспарының трафигін шығындамау үшін, ресми қосымшаларды қолдануға кеңес береміз. Видеоны 720p (HD) дейінгі сапада көруге болады.
Қызметтерге шексіз қол жеткізу мобильді қосымшалар арқылы да, веб-нұсқалар (браузерлер) арқылы да ұсынылады.
WhatsApp, Telegram және барлық мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі шексіз трафик хабарлама алмасуға, кез келген файлды, фотоны, аудио- және видеожазбаны жіберуге, сондай-ақ онлайн видео-таратылымға, аудио- және видеоқоңырауға беріледі.
Егер тариф жоспарының интернет-топтамасы мен теңгерімдегі қаражат бітіп қалса, қызметке қосылу бұғатталады.