Абоненттік төлем айына бір ұсталады. Мысалы, абоненттік төлем 2020 жылы 25 мамырда ұсталса, келесі төлем мерзімі - 25 маусым 2020 жыл.
Иинтернет-топтаманың, минуттар мен SMS-тердің қолданылмаған қалдығы жойылады, келесі кезеңге көшірілмейді, басқа тарифтік жоспарға ауысқанда да солай.
Абоненттік төлем 00:00 - 03:00 аралығында ұсталады. Егер теңгерімдегі қаражат абоненттік төлемді ұстауға жетпейтін болса, теңгерім абоненттік төлемге жететін сомаға толтырылған соң, төлем толық ұсталып, 1 айға жарамды интернет-топтама мен минуттар топтамасы беріледі.
Егер интернет-топтамада 15 МБ-тан аз қалса, теңгерім әр ашық сессия үшін резервтеледі де, интернет сессиялардың ақысы нөміріңіздің негізгі теңгерімінен ұсталады.
Абоненттік төлем дұрыс ұсталуы үшін және әдепкі құн бойынша тарифтелудің алдын алу үшін, абоненттік төлем ұсталар алдында, мобильді деректерді өшіріп қоюға кеңес береміз.
Тариф жоспарының шарттары Қазақстан Республикасының барлық аумағында әрекет етеді.
Қазақстан Республикасынан тыс жерде қызметтер роумингтегі қызметтер үшін бекітілген тариф бойынша жүреді.
Тариф жоспарында "Байланыста бол!" қызметі қосылған - Сіз, жауап бере алмай қалған қоңырауларыңыз бен келген дауыстық хабарламалар туралы тегін SMS-хабарлама аласыз, оларды дауыстық поштаның 6600 нөмірі арқылы тыңдай аласыз (қоңыраудың құны - 25 тг/мин). Өшіру үшін, *110*016# пәрменін теріңіз.