-
тариф жоспары бойынша
21 ГБ
-
Beeline нөмірлеріне
Шексіз
-
ҚР-дағы басқа мобильді нөмірге
200 мин
В абонентскую плату включено:
Beeline нөмірлеріне қоңырау соғу
|
Шексіз |
|
ҚР-дағы басқа мобильді нөмірге қоңырау соғу |
200 мин | |
Интернет-топтама
|
21 ГБ | |
BeeTV трафик |
Шексіз | |
Топтамалардың қалдығын тексеру
|
*106# | |
Топтамаларды шұғыл қалпына келтіру
|
*355# |
Қанша тұрады?
Абоненттік төлем |
2390 тг | |
Егер негізгі абоненттік төлем ұсталмаса, күн сайынғы топтама белсендіріледі Егер және апталық негізгі абоненттік төлемдер ұсталмаса, абоненттік төлем ұсталмаған кездегі тарифтелу қолданылады. |
199 тг/тәулігіне |
Күн сайынғы топтама
- Негізгі абоненттік төлем ұсталмаса, күн сайынғы топтама өздігінен қосылады. Күн сайынғы топтаманың ақысы қосылған сәтте ұсталады. Күн сайынғы қызметтер көлемі берілгені туралы SMS-хабарлама аласыз. Егер теңгерімде қаражат жеткілікті болса, күн сайынғы абоненттік төлем түнгі сағат 00:00 – 03:00 аралығында ұсталады. Егер қаражат жетпейтін болса, шот келесі толтырылған кезде күн сайынғы топтаманың ақысы тек түнгі уақытта ұсталады.
- SIM-карта қосылған бірінші күні немесе тарифтік жоспарды ауыстырғанда, қаражат негізгі абоненттік төлемді ұстауға жетпейтін болса, күн сайынғы топтама қосылмайды.
- Күн сайынғы абоненттік төлем ұсталған соң, келесі қызметтер көлемі беріледі:
Beeline нөмірлеріне қоңырау соғу | Шексіз |
Қазақстандағы басқа мобильді нөмірге қоңырау соғу | 10 мин |
Интернет-топтама |
1 тг/МБ |
- Қызметтердің берілген көлемі сол тәуліктің соңына дейін жарайды.
- Егер күн сайынғы абоненттік төлем ұсталған күні теңгерім негізгі абоненттік төлемді ұстауға жететін сомаға толтырылса, ол бірден ұсталып, 4 аптаға жарайтын қызметтер топтамасы беріледі. Бұл ретте күн сайынғы топтама өшіріледі.
- Қызмет тарифтік жоспардың ажырамас бөлігі және ол өшірілмейді.
Қоңырау соғу, хабарлама және интернет
Абоненттік төлем ұсталмаса немесе топтама бітіп қалса: |
|
Кез келген мобильді нөмірге қоңырау соғу |
14 тг/мин |
Абоненттік төлем ұсталмаған жағдайда интернетке қосылу |
1 тг/МБ |
Интернет-топтама біткенде, болжанбаған шығындардың алдын алу үшін интернетке қосылу мүмкіндігі бұғатталады. |
|
Абоненттік төлемге кірмейтін қызметтердің құны: |
|
Қалалық нөмірлерге қоңырау соғу Қалалық телефондарға тиімді қоңырау соғу үшін, "Қалалық нөмірлерге қоңырау соғуға" бөліміндегі топтамалардың бірін қосып алыңыз |
18 тг/мин |
Beeline нөміріне SMS жолдау |
9 тг/SMS |
ҚР-дағы басқа мобильді нөмірге SMS жолдау |
15 тг/SMS |
Түнгі шексіз интернет
Түні бойы шексіз интернет-трафик – 00:00-ден таңғы 07:00-ге дейін аптасына 490 теңге. Осы уақытта интернет-топтаманың трафигі шығындалмайды. Қызмет туралы толық ақпарат мына жерде.
Егер минуттар, SMS немесе интернет бітіп қалса:
1.*355# қысқа пәрменін теру арқылы ай сайынғы барлық топтаманы қалпына келтіре аласыз.
Пәрмен тарифтік жоспарға кіретін қызметтердің барлық топтамасын қалпына келтіреді. Пәрменді термес бұрын, теңгеріміңізде тарифтік жоспардың негізгі абоненттік төлемін ұстауға қаражат жететініне көз жеткізіңіз.
2. Немесе қызметтердің бір жолғы топтамасын сатып алуыңызға болады:
Халықаралық қоңырауларға
Ресейге (Beeline), Қырғызстанға (Beeline), Украинаға (Киевстар) және Қытайға (барлық нөмір ) халықаралық қоңырау соққанда, бірінші кезекте ҚР нөмірлеріне арналған 300 минут «Көршілер байланыста» акциясы бойынша пайдаланылады. Содан соң, басқа елдерге халықаралық қоңырау соғуға арналған 30 минуттық топтама жұмсалады.
Халықаралық қоңырауларға арналған 30 минут жерсерік бағыты мен премиум нөмірлерден басқа барлық бағытқа пайдаланылады. 30 минут біткен соң, 70 елге соғылған қоңыраулардың тарифтелуі «Көршілер»қызметінің шарттарына сай жүреді.
Өзбекстанға қоңыраулар минутына 25 теңгеден. Күніне 11-ші минуттан бастап, қоңырау құны – минутына 35 тг. Толық ақпарат
Қосымша ақпарат
Абоненттік төлем 4 аптада бір ұсталады. Мысалы, абоненттік төлем дүйсенбі күні төленсе, келесі төлем мерзімі 4 аптадан кейінгі дүйсенбі.
Абоненттік төлем 00:00-03:00 аралығында ұсталады. Егер теңгерімдегі қаражат абоненттік төлемді ұстауға жетпейтін болса, теңгерім жеткілікті сомаға толтырылған соң, төлем бірден ұсталып, 4 аптаға жарайтын интернет-топтама, минуттар мен SMS топтамалары беріледі.
Абоненттік төлем дұрыс ұсталуы және әдепкі құн бойынша тарифтелуді болдырмай үшін, айлық абоненттік төлем ұсталар алдында мобильді деректерді өшіріп қоюға кеңес береміз.
Тарифтік жоспардың шарттары Қазақстан Республикасының барлық жерінде әрекет етеді.
Қазақстан Республикасынан тыс жердегі тарифтелу роумингтегі қызметтер үшін бекітілген тарифтер бойынша есептеледі.
Тарифтік жоспарда «Байланыста бол!» қызметі қосылған – Сіз жауап бере алмай қалған қоңырауларыңыз бен келген дауыстық хабарламалар туралы SMS хабарлама аласыз, дауыстық хабарламаларды дауыстық поштаның 6600 нөмірі арқылы тыңдай аласыз (қоңырау құны – 25 тг/мин). Өшіру үшін *110*016# пәрменін теріңіз.